Об утверждении Положений местных исполнительных органов Щербактинского района Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шарбақты ауданының жергілікті атқарушы органдарының Ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабының 8 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 590 қаулысына сәйкес Шарбақты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1.Бекітілсін:
Тармақша 1
1) «Шарбақты ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес;
Тармақша 2
2) «Шарбақты ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес;
Тармақша 3
3) «Шарбақты ауданының мәдениет, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» коммуналдықмемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес;
Тармақша 4
4) «Шарбақты ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулының 4 қосымшасына сәйкес;
Тармақша 5
5) «Шарбақты ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулының 5 қосымшасына сәйкес;
Тармақша 6
6) «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулының 6 қосымшасына сәйкес;
Тармақша 7
7) «Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулының 7 қосымшасына сәйкес;
Тармақша 8
8) «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулының 8 қосымшасына сәйкес;
Тармақша 9
9) «Шарбақты ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулының 9 қосымшасына сәйкес;
Тармақ 2
2. «Шарбақты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны аудан әкімдігі бөлімшелері басшыларының назарына жеткізсін.
Тармақ 3
3. «Шарбақты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің анықтамалық-бақылау банкіне енгізу және интернет-ресурста орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық түрде жіберуді жүктелсін.
Тармақ 4
4. Шарбақты ауданы әкімдігінің кейбір қаулылары осы қаулының 10 қосымшасына сәйкес жойылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 15. «Шарбақты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Шарбақты ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 сәуірдегі № 79/1 қаулысына 1-қосымша «Шарбақты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Шарбақты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше болып табылады
Тармақ 2
2. Аппараттың ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Аппарат мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (олар болған кезде), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Аппарат азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, аппараттың мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Аппарат өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Аппараттың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 141100, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 51.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Аппараттың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Аппараттың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Аппаратқа кәсіпкерлік субъектілерімен Аппараттың өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Аппаратқа заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) өзіне сеніп тапсырылған аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу бойынша аудан әкімінің қызметін қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) өңірдің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешуде қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың, әлеуметтік-экономикалық дамудың, қазақстандық патриотизмнің конституциялық қағидаттарын іске асыруға жәрдемдесу;
Тармақша 3
3) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын дайындауға қатысу, Қазақстан Республикасының даму стратегиясына сәйкес әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыру механизмі мен тактикасын жетілдіру;
Тармақша 4
4) аумақтық және жергілікті мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 5
5) ауданның жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктер: Құқықтары:
Тармақша 1
1) «Шарбақты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды өтеусіз негізде сұратуға және алуға;
Тармақша 2
2) аудан әкімдігі мен әкімінің қарауына жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ұйымдастыру қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 3
3) шарттар, келісімдер және өзге де заңды мәмілелер жасасуға;
Тармақша 4
4) берілген құзыретке сәйкес тапсырмалар беруге, қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұратуға және алуға құқылы; Міндеттері:
Тармақша 1
1) аудан әкімі мен әкімдігінің жұмысын ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) бекітілген Регламентке сәйкес аудан әкімі аппараты бөлімдерінің жұмысын үйлестіру және қызмет ету;
Тармақша 3
3) ауданның атқарушы органдарының, ауылдық округтер мен ауылдар әкімдері аппараттарының халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, ауданның мемлекеттік органдары жүйесінде кадрлардың біліктілігін арттыру, құпия іс жүргізуді ресімдеу және есепке алу туралы заңнамасын іске асыру.
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Функциялар:
Тармақша 1
1) ауданның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына, ауданның мемлекеттік органдары мен лауазымды тұлғалардың жұмыс жағдайына талдау жасайды, қоғамдық пікірді зерделейді, саяси жағдайдың дамуына болжам жасайды, қоғамдық маңызы бар проблемалар бойынша ұсыныстар дайындайды;
Тармақша 2
2) ақпаратты жинауды, өңдеуді жүзеге асырады және аудан әкімдігі мен әкімін ішкі саясат мәселелері бойынша ақпараттық-талдамалық материалдармен қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) аудан әкімінің бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғаммен байланыс орнатуын және тұрақты дамуын қамтамасыз етеді, аудан әкімдігі мен әкімінің қабылдайтын актілерін түсіндіруге қатысады; ;
Тармақша 4
4) аудан әкімдігінің, әкімінің актілерін, аппарат басшысының бұйрықтарын тіркеуді жүргізеді;
Тармақша 5
5) әкімдіктің, аудан әкімінің, аппарат басшысының актілерін, сондай-ақ Консультативтік-кеңесші органдардың құжаттарын тиісті ресімдеуді, таратуды және жариялауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) мемлекеттік мекемеде іс жүргізуді ұйымдастырады және құжат айналымына талдау жүргізеді;
Тармақша 7
7) қызметтік құжаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
Тармақша 8
8) жеке және заңды тұлғаларды қабылдауды ұйымдастырады;
Тармақша 9
9) аудан әкімдігі, әкімі және аппарат басшысы актілерінің сақталуын, жүйелендірілуін және кодификациялануын қамтамасыз етеді;
Тармақша 10
10) мемлекеттік мекемеде құпиялылық режимінің сақталуын қамтамасыз етеді, аудан әкімі тағайындайтын мемлекеттік мекеме қызметкерлерін, басқа да лауазымды тұлғаларды құпия құжаттарға жіберуге материалдарды ресімдейді;
Тармақша 11
11) мемлекеттік тілді кеңінен қолдануға, іс қағаздарын жүргізу ережелерін сақтауға және оларды жетілдіруге, жұмыстың стилі мен әдістерін жақсартуға, жаңа ақпараттық технологияларды енгізуге бағытталған шараларды қабылдайды;
Тармақша 12
12) азаматтар мен ұйымдарды құқықтық қорғаудың тиімді мемлекеттік механизмін қалыптастырудың негізгі бағыттары бойынша аудан әкіміне ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 13
13) заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, аудан әкімінің норма шығармашылық қызметінің тетігін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайды;
Тармақша 14
14) аудан әкімдігі мен әкімінің қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілерге құқықтық сараптаманы жүзеге асырады, құзыреті шегінде құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады;
Тармақша 15
15) кадр жұмысы мен мемлекеттік қызметтің жай-күйін, кадрлар резервін қалыптастыруды, атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің кәсіптік даярлық деңгейін талдайды;
Тармақша 16
16) қызметке тағайындау және қызметтен босату кезінде материалдарды ресімдейді, аудан әкімі тағайындайтын лауазымды адамдардың мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты өзге де мәселелерді шешеді, олардың жеке істерін жүргізеді;
Тармақша 17
17) мемлекеттік мекеменің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерін кәсіптік қайта даярлауды ұйымдастырады;
Тармақша 18
18) мемлекеттік мекеменің мемлекеттік қызметшілерін, аудан әкімі тағайындайтын басқа да лауазымды тұлғаларды аттестаттаудан өткізеді;
Тармақша 19
19) аудандық және облыстық мәслихаттармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
Тармақша 20
20) аудан әкімі мен әкімдігінің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
Тармақша 21
21) мәслихат бекітетін аудандық бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
Тармақша 22
22) аудан әкіміне облыс, аудан әкімінің мемлекеттік наградаларымен, көтермелеулерімен марапаттау және құрметті атақтар беру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 23
23) аудан әкімдігінің қарауына аудан әкімі мен әкімдігіне тікелей бағынатын және есеп беретін мекемелер мен мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорындарды және консультативтік-кеңесші органдарды құру, тарату, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 24
24) аудан әкімі мен әкімдігіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік және консультативтік-кеңесші органдардың өзара іс-қимылын және қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді;
Тармақша 25
25) аудан әкімі үшін өңірлік саясат стратегиясы, ауылдық округ әкімдерінің сындарлы бірлескен жұмысы, олардың аудандық және облыстық, атқарушы және өкілді органдармен өзара іс-қимылы бойынша ұсыныстарды болжауды және әзірлеуді жүзеге асырады;
Тармақша 26
26) аудан әкімінің ауылдық округ әкімдерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
Тармақша 27
27) аудан әкіміне аудан әкімдігінің, аудан әкімінің және ауылдық округ әкімдерінің актілерінің толық немесе ішінара күшін жою не тоқтата тұру туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 28
28) барлық мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың аудан әкімінің актілері мен тапсырмаларын орындауын, аудандық атқарушы органдардың актілерінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін қамтамасыз етеді;
Тармақша 29
29) аудан әкімінің қызметін құжаттамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
Тармақша 30
Тармақша 31
31) ауданның атқарушы органдары дайындаған аудан әкімдігі мен әкімі актілерінің жобаларына сараптаманы және қажет болған жағдайларда пысықтауды жүзеге асырады. 32) әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелерi жөнiндегi, азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi.
Тарау 3. 3 тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
3 тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
Тармақ 16
16. Аппаратқа басшылықты Аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын аппарат басшысы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Аппарат басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 18
18. Аппарат басшысының орынбасары жоқ.
Тармақ 19
19. Аппарат басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) аппараттың жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады, Аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
Тармақша 2
2) аудан әкімдігіне мемлекеттік мекеме туралы ережені, ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жобаларды бекітуге ұсынады, оның құрылымы мен штаттық саны бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 3
3) аппарат бөлімдерінің жұмысын үйлестіреді, ұйымдастырады және бағыттайды, өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың басшы лауазымдарына тағайындау үшін кандидатураларды аудан әкімімен келісуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) аппаратқа және аудан әкімі тағайындайтын бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурстық іріктеу жұмыстарын үйлестіреді;
Тармақша 6
6) аппаратта мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын бақылайды;
Тармақша 7
7) аудан әкімінің қарауына аппарат бөлімдерінің басшыларын, кеңесшілерін, көмекшілерін, құрылымдық бөлімшелердің басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құрылым шегінде кадрлық өзгерістер жүргізеді;
Тармақша 9
9) аудан әкімінің қарауына аудан әкімімен тағайындалатын лауазымды тұлғаларға тәртіптік жаза қолдану немесе алып тастау туралы ұсыныс енгізеді;
Тармақша 10
10) Аппарат қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Тармақша 11
11) аудан әкімдігінің және әкімінің актілерін, оның тапсырмаларын орындау, аппаратта құжаттардың өтуін үйлестіреді;
Тармақша 12
12) аудан әкімі мен әкімдігі актілерінің жобаларын, сондай-ақ аудан әкіміне жолданатын өзге де құжаттар мен материалдарды аудан әкіміне қол қоюға және қарауға ұсынады;
Тармақша 13
13) аппаратта бұйрықтар шығарады және нұсқаулықтарды бекітеді;
Тармақша 14
14) аппараттағы ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
Тармақша 15
15) аппараттың шығыстар сметасын бекітеді және оның шегінде қаржы қаражаттарын басқарады;
Тармақша 16
16) қызметтік құжаттамалар мен бұйрықтарға қол қояды;
Тармақша 17
17) жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 18
18) мәслихатпен, аудандық атқарушы органдармен, сот және құқық қорғау органдарымен және өзге де мемлекеттік органдармен тұрақты негізде байланысты қамтамасыз етеді;
Тармақша 19
19) мәслихат сессияларына қатысады;
Тармақша 20
20) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Аппараттың мүддесін білдіреді.
Тармақша 21
21) аппарат басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Тарау 4. 4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 20
20. Аппараттың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Тармақ 21
21. Аппарат оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Аппаратқа бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, аппараттың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату (тарату) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады:
Тармақ 25
25. Аппарат қысқартылған (таратылған) кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншікте қалады.
Басқа 112. «Шарбақты ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Шарбақты ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 сәуірдегі № 79/1 қаулысына 2-қосымша «Шарбақты ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Шарбақты ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) өз құзыреті шегінде жер қатынастары саласындағы реттеу мәселелері бойынша мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше болып табылады.
Тармақ 2
2. Бөлімнің ведомстволары жоқ. 3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 4. Бөлім Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (олар болған кезде), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 6. Бөлім, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 7. Бөлім өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 141100, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 57.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жер қатынастарын жүзеге асыру кезінде халықтың қолайлы тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасау;
Тармақша 2
2) мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде САПАНЫҢ, сондай-ақ стандарттар мен регламенттердің сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) жер қатынастарын реттеу саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады;
Тармақша 4
4) жердің бар-жоғы және олардың Санаттар, алқаптар, жер учаскелерінің меншік иелері бойынша бөлінуі туралы жыл сайынғы аудандық есептерді жасау, Бүлінген жерлерді рекультивациялауды, топырақтың құнарлы қабатын алуды және пайдалануды ұйымдастыру;
Тармақша 5
5) жер қатынастары саласында мемлекеттің мүдделерін қорғау;
Тармақша 6
6) ауданның атқарушы және өкілетті органдарының қарауына енгізу, дайындау, әзірлеу және аудан әкімдігі мен әкімі актілерінің елді мекендердің жерлерін қоспағанда, аудан шекарасы шегінде жер қатынастарын реттеу саласындағы жобаларының орындалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) жерді ұтымды пайдалану, топырақтың құнарлылығын арттыру, жер ресурстарын басқа да табиғат қорғау іс-шараларымен кешенді қорғау жөніндегі аудандық бағдарламаларды әзірлеу және өкілетті органның бекітуіне енгізу және олардың орындалуын қамтамасыз ету.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктер: Құқықтары:
Тармақша 1
1) бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте аудан әкімдігінің қарауына ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 2
2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, мекемелерден, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан, жер учаскелерінің меншік иелерінен және жер пайдаланушылардан жер қатынастары мәселелері бойынша қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
Тармақша 3
3) жер қатынастары мәселелері бойынша ауданның мемлекеттік органдарының лауазымды тұлғаларына және басқа да ұйымдарға қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте ұйымдастыру-әдістемелік, ақпараттық-талдау және басқа да көмектер көрсету;
Тармақша 4
4) Өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасуға құқылы. Өз өкілеттіктерін орындау үшін Бөлім ауданның басқа атқарушы органдарымен және ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды. Міндеттері:
Тармақша 1
1) жер учаскелерін меншікке және жер пайдалануға беру, сондай-ақ жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі аудандық жер комиссиясының қорытындылары мен хаттамаларының жобаларын дайындау;
Тармақша 2
2) стандарттарға сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді тіркеу, өңдеу, есепке алу, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің есептерін жасау;
Тармақша 3
3)жер учаскелерін сатудан, жалға беруден, жер салығынан және уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын (жалдау құқығын) сатып алудан бюджетке төленетін төлемдер түсімдеріне талдауды жүзеге асыру және болжамдар жасау;
Тармақша 4
4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және тіркеу, тиісті базаға енгізу, келіп түскен өтініштерді уақтылы қарау, өтініштерді қарау мерзімдерін бақылау;
Тармақша 5
5) аудан әкімінің тапсырмаларын, әкімдіктің және аудан әкімінің актілерін орындау және орындалуын ұйымдастыру.
Тармақ 15
15. Функциялар:
Тармақша 1
1) иесіз жер учаскелерін анықтау және оларды есепке қою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес ауданның жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен қаулыларының жобаларын дайындау;
Тармақша 3
3) Пайдалы қазбаларды барлауды мемлекеттік геологиялық зерттеумен байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін қауымдық Сервитуттарды белгілеу бойынша ауданның жергілікті атқарушы органының ұсыныстары мен қаулыларының жобаларын дайындау;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
Тармақша 6
6) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
Тармақша 7
7) Жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
Тармақша 8
8) жерді аймақтарға бөлу жобаларын және аудандардың жерлерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру;
Тармақша 9
9) елді мекендер аумақтарының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
Тармақша 11
11) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
Тармақша 12
12) ауданның жер балансын жасау, жердің есебін жүргізу, жер иеленушілер мен жер пайдаланушыларды қайта тіркеуге қатысу, Мемлекеттік кірістер басқармасына қажетті мәліметтерді ұсыну;
Тармақша 13
13) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
Тармақша 14
14) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
Тармақша 15
15) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес ауданның жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыруға түпкілікті рұқсат беру жөнінде ұсыныстар дайындау;
Тармақша 18
18) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жерді резервте қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау.
Тармақша 19
19) Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерін алып қою, оның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою;
Тармақша 20
20) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастырудың бекітілген жобаларын халық үшін қолжетімді орындардағы арнайы ақпараттық стендтерде орналастыру;
Тармақша 21
21) кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерімен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарды іске асыруды қамтамасыз ету және ауданның жергілікті өкілді органына бекітуге енгізу және ауданның жергілікті өкілді органына оның іске асырылу қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті ұсыну;
Тармақша 22
22) Облыстың жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдарына осы бұзушылықтар бойынша ақпарат бере отырып, пайдаланылмайтын және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жерлерді анықтау;
Тармақша 23
23) пайдаланылмайтын жерлерді ауданның арнайы жер қорына ауыстыру туралы қаулы жобаларын дайындау;
Тармақша 24
24) жер-кадастрлық жоспарды бекіту;
Тармақша 25
25) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
Тармақша 26
26) Бөлімге жүктелген міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
Тармақша 27
27) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын аудандық бағдарламаларға, жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
Тармақша 28
28) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
Тармақша 29
29) Мемлекеттік қызметтер көрсету;
Тармақша 30
30) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен оның құзыретіне жатқызылған өзге де әрекеттерді жүзеге асыру.
Тарау 3. 3 тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
3 тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
Тармақ 16
16. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады. 17. Бөлім басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады. 18. Бөлім басшысының орынбасары жоқ. 19. Бөлім басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) жауапты қызметкерлер арасында міндеттерді бөледі, тиісті атқарушылық және еңбек тәртібін қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) бөлімнің жауапты қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 4
4) бөлім қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 5
5) бөлімнің барлық қызметкерлері орындауға міндетті, өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 6
6) ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының қатысуымен кеңестер өткізеді;
Тармақша 7
7) бөлімнің перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
Тармақша 8
8) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаларға қол қояды;
Тармақша 9
9) бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды;
Тармақша 10
10) бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады;
Тарау 4. 4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 20
20. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Тармақ 21
21. Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Бөлімді және оның ведомстволарын қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады: 25. Бөлім қысқартылған (таратылған) кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншікте қалады.
Басқа 190. «Шарбақты ауданының мәдениет, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Шарбақты ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 сәуірдегі № 79/1 қаулысына 3-қосымша «Шарбақты ауданының мәдениет, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Шарбақты ауданының мәдениет, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) Шарбақты ауданының аумағында мәдениет және өнер, Дене тәрбиесі және спорт салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Бөлімнің ведомстволары бар:
Тармақша 1
1) «Шарбақты ауданының, мәдениет, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің «Халық шығармашылығы орталығы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
Тармақша 2
2) «Шарбақты ауданы әкімдігінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. 3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 4. Бөлім Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (олар болған кезде), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 6. Бөлім, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 7. Бөлім өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 141100, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 26.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) мәдени-ағарту мекемелерінің, өнер ұйымдарының идеялық-адамгершілік, эстетикалық тәрбиедегі, дене тәрбиесі мен спорттағы рөлін арттыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) халыққа мәдени қызмет көрсету нысандарын одан әрі жетілдіру;
Тармақша 3
3) өнердің, халық шығармашылығының, фольклордың және көркемөнерпаздықтың барлық түрлерін дамыту;
Тармақша 4
4) шығармашылық одақтар мен ұйымдардың қызметіне жәрдемдесу;
Тармақша 5
5) мәдениет ұйымдары мен мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту және жаңарту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) ведомстволық бағынысты ұйымдардың кадрларын іріктеу, орналастыру және тәрбиелеу, жұмыскерлердің білімі мен тәжірибесін барынша пайдалану;
Тармақша 7
7) дене тәрбиесі мен спортты дамыту;
Тармақша 8
8) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану болып табылады.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктер: Құқықтары:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды, өзге де материалдарды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұрату және алу;
Тармақша 2
2) лауазымды тұлғаларға тапсырмалар беруге және олардың орындалуын талап етуге;
Тармақша 3
3) аудан әкімдігінің отырыстарына, аудан әкімінің отырыстарына қатысу;
Тармақша 4
4) мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер банкін пайдалануға құқылы; Міндеттері:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге; ғылыми мекемелерді, мәдениет және өнер қайраткерлерін жұмысқа тартуға құқылы;
Тармақша 2
2) бөлімнің ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық – талдау жұмысын жүзеге асыру және оны материалдық – техникалық қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру. Бөлімнің өкілеттіктерін орындау үшін ауданның басқа атқарушы органдарымен және оның қарамағындағы ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.
Тармақ 15
15. Функциялар:
Тармақша 1
1) театр, музыка және кино өнері, кітапхана және мұражай ісі, мәдени-демалыс жұмысы саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, сондай-ақ олардың қызметін қолдауды және үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) ауданның ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) ауданның мәдени мақсаттағы объектілерін салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша Тапсырыс беруші болады;
Тармақша 7
7) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;
Тармақша 8
8) ауданның мемлекеттік кітапханаларының біріне "Орталық"мәртебесін береді;
Тармақша 9
9) негізінде аудандағы әлеуметтік саланың басым бағыттары айқындалатын дене тәрбиесі-спорт жұмысы саласындағы халықтың сұрау салулары туралы ақпаратты жинауды, талдауды және өңдеуді жүзеге асыру;
Тармақша 10
10) ауданда бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз ету;
Тармақша 11
11) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 3. 3 тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
3 тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
Тармақ 16
16. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады. 17. Бөлім басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 18
18. Бірінші басшының орынбасары жоқ. 19. Бөлім басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) жауапты қызметкерлер арасында міндеттерді бөледі, тиісті орындаушылық және еңбек тәртібін қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) коммуналдық мемлекеттік мекеменің аудан бөлімдерімен, ауылдық округ әкімі аппараттарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
Тармақша 4
4) заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, облыс және аудан әкімдігінің қаулыларын орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, жоғары тұрған органдарды олардың орындалу барысы туралы жүйелі түрде хабардар етеді;
Тармақша 5
5) бөлімнің жауапты қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 6
6) басшының бұйрықтарын шығарады;
Тармақша 7
7) бөлім қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 8
8) банк шоттарын ашады;
Тармақша 9
9) меншік нысанына қарамастан барлық органдар мен ұйымдарда Бөлімнің мүддесін білдіреді;
Тармақша 10
10) бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды;
Тармақша 11
11) Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады;
Тармақша 12
12) барлық меншік нысанындағы мекемелер мен ұйымдарда бөлімнің атынан сенімхатсыз өкілдік етеді;
Тармақша 13
13) сенімхаттар береді;
Тармақша 14
14) өзіне заңдарда және Құрылтайшы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады. Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес Бөлімнің бас маманы жүзеге асырады.
Тармақша 15
15) бөлім мен тиісті саланың уәкілетті органы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
Тармақша 16
16) бөлім әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес реттеледі.
Тармақша 17
17) бөлім мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен айқындалады.
Тармақша 18
18) бөліммен және жергілікті атқарушы органмен өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
Тарау 4. 4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 20
20. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Тармақ 21
21. Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Бөлімді және оның ведомстволарын қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) «Шарбақты ауданының, мәдениет, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің «Халық шығармашылығы орталығы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
Тармақша 2
2) «Шарбақты ауданы әкімдігінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. 25. Бөлім қысқартылған (таратылған) кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншікте қалады.
Басқа 261. «Шарбақты ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Шарбақты ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 сәуірдегі № 79/1 қаулысына 4-қосымша «Шарбақты ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Шарбақты ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) Шарбақты ауданының аумағында ішкі саясат және тілдерді дамыту саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Бөлімнің ведомстволары бар:
Тармақша 1
1) «Шарбақты ауданының Қаһарман жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 4. Бөлім Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (олар болған кезде), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 6. Бөлім, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 7. Бөлім өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 141100, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Малайсары Тархан көшесі, 42.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) қоғамдық-саяси тұрақтылықты, қоғамдық үдерістерді демократияландыруды және қоғамды топтастыруды қамтамасыз ету бойынша ауданның мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 2
2) қоғамдық бірлестіктерді, саяси партияларды қолдау және олармен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 3
3) ішкі саяси процестерді реттеуге бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізуге қолайлы жағдай жасау бойынша шаралар әзірлеу, мемлекеттік ішкі саясатты насихаттау және түсіндіру жөніндегі аудандық бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыруда ауданның мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 4
4) ауданда болып жатқан қоғамдық-саяси үдерістер мен олардың даму тенденцияларын жан-жақты мониторингілеу, болжау және объективті зерделеу жүйесін ұйымдастыру;
Тармақша 5
5) Шарбақты ауданының ішкі саясат саласындағы басымдықтарды әзірлеу;
Тармақша 6
6) Шарбақты ауданындағы қоғамдық-саяси жағдайға мониторинг жүргізу.
Тармақша 7
7) мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының тілдерін дамыту.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктер: Құқықтары:
Тармақша 1
1) аудан әкімінің қарауына жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі саясат саласындағы қызметін ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге, бөлімнің жүргізуіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдау және басқа да материалдарды дайындауды жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды, өзге де материалдарды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұрату және алу;
Тармақша 3
3) басшыларының келісімі бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын жұмысқа тартуға;
Тармақша 4
4) Өз құзыреті шегінде орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар өткізетін іс-шараларға қатысуға құқылы. Міндеттері:
Тармақша 1
1) аудан әкімдігінің отырыстарына, аудан әкімінің кеңестеріне қатысады;
Тармақша 2
2) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасады. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асырады және өзге де міндеттерді орындайды. Өз өкілеттіктерін орындау үшін Бөлім ауданның басқа атқарушы органдарымен және ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды.
Тармақ 15
15. Функциялар:
Тармақша 1
1) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімі актілерінің жобаларын дайындайды;
Тармақша 2
2) аудан әкімдігінің Шарбақты ауданы туралы ақпаратты тарату жүйесін, қоғамдық-саяси және экономикалық салалардағы мемлекеттік билік органдарының қызметін жетілдіру бойынша жұмысына қатысады;
Тармақша 3
3) ауданда Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың және басқа да стратегиялық құжаттардың негізгі басымдықтарын түсіндіру мен насихаттауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) ауданның жергілікті атқарушы органдарының әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және басқа да салалардағы қызметі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын, осы бағыттағы жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуді ұйымдастырады;
Тармақша 5
5) ауданның ішкі саяси өмірі мәселелері бойынша әкімдік отырыстарына материалдар дайындауға қатысады;
Тармақша 6
6) Ішкі саясат саласындағы, этносаралық қатынастар, Қазақстан Республикасында адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және сақтау мәселелеріндегі мемлекеттік саясатты айқындайтын тұжырымдамаларды, бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
Тармақша 7
7) мемлекеттің ішкі саясаты мәселелері бойынша ақпараттық дерекқорды (компьютерлік, мәтіндік) қалыптастырады, жинақтайды, жинақтайды және сыныптайды;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аудандық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастырады, орналастырады және оның жүзеге асырылуын бақылайды;
Тармақша 9
9) ауданда ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға және саяси үдерістерді демократияландыруға бағытталған облыстық және аудандық ғылыми-практикалық іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысады;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау, әдістемелік көмек көрсету және қолдану жөніндегі жұмысты жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) бөлімге жүктелген міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылықпен байланыс орнатады және оны тұрақты дамытады;
Тармақша 13
13) тиісті деректер банкін құра отырып, ауданның бірыңғай электрондық жүйесін ұйымдастыруға қатысады;
Тармақша 14
14) ведомстволық бағынысты ұйымдарға әдістемелік көмек көрсетеді;
Тармақша 15
15) ауданда мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
Тармақша 16
16) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз етеді;
Тармақша 17
17) жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырады;
Тармақша 18
18) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аудандық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастырады, орналастырады және оның жүзеге асырылуын бақылайды;
Тармақша 19
19) аудан аумағында бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 20
20) қоғамдық бірлестіктермен келісімдер, шарттар жасай отырып, олармен ынтымақтастықты және өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
Тармақша 21
21) үкіметтік емес ұйымдарға қатысты әкімшілік хаттама жасайды;
Тармақша 22
22) Шарбақты ауданының аумағында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің пайдаланылуын (тігілуін, орналастырылуын) бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 23
23) мемлекеттік және басқа тілдерді дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегі іс-шараларды өткізеді;
Тармақша 24
24) облыстың атқарушы органдарына ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 25
25) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақша 26
26) мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының тілдерін дамыту
Тармақша 27
27) аудандық деңгейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізеді.
Тармақша 28
28) Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес ауданның елді мекендерінде маңдайшаны орналастыру туралы хабарламаларды қабылдауды және қарауды жүзеге асырады.
Тарау 3. 3 тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
3 тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
Тармақ 16
16. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады. 17. Бөлім басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады. 18. Бөлім басшысының орынбасары жоқ. 19. Бөлім басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) жауапты қызметкерлер арасында міндеттерді бөледі, тиісті атқарушылық және еңбек тәртібін қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) бөлімнің жауапты қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 4
4) бөлім қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 5
5) бөлімнің барлық қызметкерлері орындауға міндетті, өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 6
6) ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының қатысуымен кеңестер өткізеді;
Тармақша 7
7) бөлімнің перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
Тармақша 8
8) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаларға қол қояды;
Тармақша 9
9) бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды;
Тармақша 10
10) бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады;
Тарау 4. 4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 20
20. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Тармақ 21
21. Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Бөлімді және оның ведомстволарын қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады: 25. Бөлім қысқартылған (таратылған) кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншікте қалады.
Басқа 335. «Шарбақты ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Шарбақты ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 сәуірдегі № 79/1 қаулысына 5-қосымша «Шарбақты ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Шарбақты ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) Шарбақты ауданының аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс, Сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау, тауарларды, жұмыстарды және Қызметтерді, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдарын Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Бөлімнің ведомстволары жоқ. 3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 4. Бөлім Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (олар болған кезде), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 6. Бөлім, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 7. Бөлім өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 141100, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 49.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру кезінде халықтың қолайлы тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасау;
Тармақша 2
2) мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде сапаның, сондай-ақ стандарттар мен регламенттердің сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдарын тиімді дамытуға бағытталған шараларды бақылау және қабылдау;
Тармақша 4
4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мәселелері бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
Тармақша 5
5) бөлімнің құзыретіне кіретін өңірлік бағдарламаларды орындау аясында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында басшылықты жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктер: Құқықтары:
Тармақша 1
1) бөлім алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды өтеусіз негізде сұратуға және алуға;
Тармақша 2
2) бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте аудан әкімдігінің қарауына ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 3
3) Өз құзыреті шегінде шарттар жасасу;
Тармақша 4
4) осы Ережемен белгіленген өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарда, сотта бөлімнің мүдделерін білдіру;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. Міндеттері:
Тармақша 1
1) бөлімнің ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдау жұмысын жүзеге асыру және оны материалдық-техникалық қамтамасыз ету; ;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын іске асыру, ауданның мемлекеттік органдары жүйесінде кадрлардың біліктілігін арттыру;
Тармақша 3
3) сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мәселелері бойынша ауданның мемлекеттік органдарының лауазымды тұлғаларына және өзге де ұйымдарға қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен ұйымдастыру-әдістемелік, ақпараттық-талдау және өзге де көмек көрсету;
Тармақша 4
4) азаматтардың өтініштерін қарауға, олар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті шаралар қабылдауға міндетті;
Тармақша 5
5) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті қызметтік мақсаттарда ғана пайдалануға;
Тармақша 6
6) мемлекеттік органның құзыреті шегінде аудан әкімдігі қаулыларының жобаларын әзірлеу;
Тармақша 7
7) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Функциялар:
Тармақша 1
1) заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген аудан аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын( аудандық жоспарлау жобасын), ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді;
Тармақша 2
2) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерістері туралы халықты хабардар етеді;
Тармақша 3
3) құрылыс, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, аяқталмаған объектілер құрылысын консервациялау, аудандық маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдердің жобаларын дайындайды;
Тармақша 4
4) пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
Тармақша 5
5) аудан аумағында қала құрылысын дамытудың схемаларын, сондай-ақ кенттер мен өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады және аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсынады;
Тармақша 6
6) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын іске асырады;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізеді;
Тармақша 8
8) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, ал заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекет мұқтажы үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдайды;
Тармақша 9
9) бұрыннан бар ғимараттардың үй-жайларын реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) туралы шешімдер қабылдайды;
Тармақша 10
10) «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесін жүргізеді және толтырады;
Тармақша 11
11) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен Ақпарат және (немесе) мәліметтер береді;
Тармақша 12
12) қала құрылысы және құрылыс, аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеу және күтіп-ұстау саласындағы жұмыстарды, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізеді;
Тармақша 13
13) аудан аумағында коммуналдық меншік объектілерін, әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерді, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) маңызы бар жолдарды салу және реконструкциялау бойынша Тапсырыс беруші болады;
Тармақша 14
14) құрылысы аяқталған объектілерді (кешендерді) пайдалануға қабылдауға ұсынады;
Тармақша 15
15) құрылысы аяқталған объектілерді (кешендерді) бөлім балансынан коммуналдық меншікке береді;
Тармақша 16
16) заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді; ;
Тармақша 17
17) заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарайды;
Тармақша 18
18) еңбек тәртібінің орындалуын және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің сақталуын бақылауды ұйымдастырады; Бөлімінің мемлекеттік қызметшілерімен;
Тармақша 19
19) құжаттардың сақталуын ұйымдастыру және мемлекеттік архивке беру, тұрақты сақталатын және жойылатын істерді іріктеу және дайындау жөніндегі жұмысты жүргізеді;
Тармақша 20
20) Бөлімге жүктелген міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады; ;
Тармақша 21
21) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
Тармақша 22
22) аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желісін басқарады;
Тармақша 23
23) аудандық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 24
24) барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа әзірлігі паспорттарын береді;
Тармақша 25
25) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды тиісті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ақпараттық қызметті жүзеге асырады;
Тармақша 26
26) өз құзыреті шегінде энергия үнемдейтін шамдарды пайдалануды ескере отырып, энергия аудитін жүргізуге, саябаққа және көшеге жарық беруді жаңғыртуға мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 27
27) ауданішілік қатынастарда әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асырады;
Тармақша 28
28) мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қоюды және кезектілікті жүзеге асырады;
Тармақша 29
29) ауданның елді мекендерін сумен, жылумен, электрмен және радиотелефон байланысымен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
Тармақша 30
30) коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастырады;
Тармақша 31
31) тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді;
Тармақша 32
32)ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу және электр желілерін және басқа да көліктік және инженерлік инфрақұрылымдар объектілерін пайдалануды ұйымдастырады;;
Тармақша 33
33) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
Тармақша 34
34) жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі;
Тармақша 35
35) елді мекендердің шекаралары шегінде газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын, сондай-ақ тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларды газбен жабдықтау жүйелерінің тұрмыстық баллондары мен объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Тармақша 35-1
35-1) ауданда балалардың ойын алаңдарында аттракциондарды, жабдықтарды пайдалану қауіпсіздігін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 36
36) кінәлі тұлғаларды газ және газбен жабдықтау саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартады. 36-1) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 75-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды
Тармақша 37
37) Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 3. 3 тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
3 тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
Тармақ 16
16. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады. 17. Бөлім басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады. 18. Бөлім басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын сектор меңгерушісі болады. 19. Бөлім басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) жауапты қызметкерлер арасында міндеттерді бөледі, тиісті атқарушылық және еңбек тәртібін қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) бөлімнің жауапты қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 4
4) бөлім қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 5
5) бөлімнің барлық қызметкерлері орындауға міндетті, өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 6
6) ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының қатысуымен кеңестер өткізеді;
Тармақша 7
7) бөлімнің перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
Тармақша 8
8) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаларға қол қояды;
Тармақша 9
9) бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды;
Тармақша 10
10) бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады;
Тарау 4. 4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 20
20. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Тармақ 21
21. Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Бөлімді және оның ведомстволарын қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады: 25. Бөлім қысқартылған (таратылған) кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншікте қалады.
Басқа 422. «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Шарбақты ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 сәуірдегі № 79/1 қаулысына 6-қосымша «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) Шарбақты ауданының аумағында ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік және туризм салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Бөлімнің ведомстволары жоқ. 3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 4. Бөлім Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (олар болған кезде), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 6. Бөлім, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 7. Бөлім өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 141100, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 49.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік, туризм және ветеринария салаларын дамытудың басым өңірлік бағдарламаларын әзірлеу, оларды іске асыруға қатысу;
Тармақша 2
2) Шарбақты ауданының аумағында ауыл шаруашылықты, кәсіпкерлік қызметті және туризмді дамыту үшін жағдай жасау;
Тармақша 3
3) қолданыстағы заңнамаға, мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік бағдарламаларға сәйкес агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру және халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ауыл шаруашылық өнімдерін өткізуге жәрдемдесу болып табылады;
Тармақша 4
4) Шарбақты ауданы аумағында мемлекеттік Сауда саясатын жүргізу;
Тармақ 14
14. Өкілеттіктер: Құқықтары:
Тармақша 1
1) бөлім алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды өтеусіз негізде сұратуға және алуға;
Тармақша 2
2) Шарбақты ауданы әкімдігінің және Әкімінің қарауына атқарушы органдардың ұйымдастыру қызметін жетілдіру және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын дамудың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар, агроөнеркәсіптік кешен, кәсіпкерлік, сауда және туризм саласындағы проблемаларды жедел шешу бойынша ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 3
3) Өз құзыреті шегінде шарттар жасасу;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыру құқылы. Міндеттері:
Тармақша 1
1) бөлімнің ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдау жұмысын жүзеге асыру және оны материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын іске асыру, ауданның мемлекеттік органдары жүйесінде кадрлардың біліктілігін арттыру;
Тармақша 3
3) бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 4
4) осы Ережемен белгіленген өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарда, сотта бөлімнің мүдделерін білдіру;
Тармақша 5
5) азаматтардың өтініштерін қарауға, олар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті шаралар қабылдауға;
Тармақша 6
6) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті қызметтік мақсаттарда ғана пайдалануға;
Тармақша 7
7) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Функциялар:
Тармақша 1
1) Жеке кәсіпкерлікті және туризмді қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыруды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) Ауыл шаруашылықты, жеке кәсіпкерлікті және туризмді дамыту үшін жағдайлар жасау болып табылады;
Тармақша 3
3) ауданда мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы мен орындалуына жауапты болу және қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) шағын кәсіпкерлік пен туризмді қолдаудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
Тармақша 5
5) ауданда шағын кәсіпкерлікті және инновациялық қызметті қолдау инфрақұрылымының объектілерін құру мен дамытуды қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) Жергілікті атқарушы органдардың жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындау;
Тармақша 7
7) сараптама кеңестерінің қызметін ұйымдастыру;
Тармақша 8
8) Жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті және шаруа қожалықтарын мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;
Тармақша 9
9) кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылық өнімін өндіру мен қайта өңдеуді мемлекеттік қолдауды жүзеге асыруға бағытталған шараларды әзірлеу және іске асыру;
Тармақша 10
10) агроөнеркәсіптік кешенді және кәсіпкерлікті дамыту саласында инвестициялар тартуға жәрдемдесу, инвестициялық және инновациялық жобалар тізбесіне ұсыныстар қалыптастыру;
Тармақша 11
11) Шарбақты ауданы аумағында инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
Тармақша 12
12) шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін персонал мамандарын оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
Тармақша 13
13) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне мемлекеттік агроөнеркәсіптік саясаттың негізгі бағыттары мен тетіктерін түсіндіру бойынша жұмыс жүргізу;
Тармақша 14
14) агроөнеркәсіптік кешен және ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргізу;
Тармақша 15
15) өз құзыреті шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен анықталған мемлекеттік қызметтерді көрсету;
Тарау 3. 3 тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
3 тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
Тармақ 16
16. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады. 17. Бөлім басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады. 18. Бөлім басшысының орынбасары жоқ. 19. Бөлім басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) жауапты қызметкерлер арасында міндеттерді бөледі, тиісті атқарушылық және еңбек тәртібін қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) бөлімнің жауапты қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 4
4) бөлім қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 5
5) бөлімнің барлық қызметкерлері орындауға міндетті, өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 6
6) ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының қатысуымен кеңестер өткізеді;
Тармақша 7
7) бөлімнің перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
Тармақша 8
8) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаларға қол қояды;
Тармақша 9
9) бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды;
Тармақша 10
10) бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады;
Тарау 4. 4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 20
20. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Тармақ 21
21. Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Бөлімді және оның ведомстволарын қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады: 25. Бөлім қысқартылған (таратылған) кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншікте қалады.
Басқа 485. «Шарбақты ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Шарбақты ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 сәуірдегі № 79/1 қаулысына 7-қосымша «Шарбақты ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Шарбақты ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) Шарбақты ауданының аумағындахалықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Бөлімнің құрылтайшысы «Шарбақты ауданы әкімдігінің аппараты» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
Тармақ 3
3. Бөлімнің құрылымдық бөлімшелері болуы және басқару органы ретінде әрекет етуі мүмкін. Ведомствосы бар:
Тармақша 1
1) Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. 4. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне,Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентімен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 5. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, рәміздері мен айырым белгілері (олар болған жағдайда), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 6. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 7. Бөлім, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 8. Бөлім өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 9
9. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 10
10. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, индексі 141100, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Владимир Чайко көшесі, 39А.
Тармақ 11
11. Бөлімнің толық атауы – «Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 12
12. Бөлімнің жұмыс уақыты келесі тәртіппен белгіленеді: бес күндік жұмыс аптасында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін демалыс және тамақтану үзілісі сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері - сенбі, жексенбі.
Тармақ 13
13. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 14
14. Бөлімнің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (шығыстар сметасы) жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Міндеттері мен өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;
Тармақша 2
2) халықты әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамтумен жәрдемдесуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды өткізу;
Тармақша 3
3) азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету;
Тармақша 4
4) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау;
Тармақша 5
5) мемлекеттік және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 6
6) қызметтерді көрсету кезінде ведомствоаралық өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
Тармақша 7
7) ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін үйлестіру.
Тармақ 3
3. Өкілеттіктер: Құқықтары:
Тармақша 8
8) өз құзыреті шегінде халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы мәселелерді жедел шешу бойынша ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 9
9) қызмет саласының негізгі бағыттары бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысуға;
Тармақша 10
10) өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен мекеме үшін жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау үшін мемлекеттік органдардан және басқа ұйымдардан ақпарат пен құжаттарды сұратуға және алуға;
Тармақша 11
11) қызметмәселелері бойынша семинарлар, консультациялар, конференцияларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру. Міндеттері:
Тармақша 13
13) мекеме әзірлеуші болып табылатын нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторингті жүргізу және оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе оларды жарамсыз деп тану жөніндегі уақтылы шаралар қабылдау;
Тармақша 14
14)  Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектілері, оның ішінде тиісті саладағы уәкілетті органдардың құзыреттеріне ұқсас шешімдер қабылдау, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқықтарын жүзеге асыру;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру. 17.Функциялары:
Тармақша 16
16) аудандағы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау және жоғары тұрған органдарды хабардар ету;
Тармақша 17
17) ауданның, облыстың жергілікті атқарушы органдарына халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің шаралары туралы ұсыныстар енгізу;
Тармақша 18
18) өңірлік жұмыспен қамту картасын іске асыру;
Тармақша 19
19) ұлттық жобалар, өңірлік даму жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту карталары шеңберінде жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асыру;
Тармақша 20
20) кәсіпкерлік бастаманы дамыту арқылы ауданда жұмыс орындарын құруға қолдау көрсету;
Тармақша 21
21) ауданның, облыстың жергiлiктi атқарушы органдарына жұмыс күшiнiң ұтқырлығын арттыру мақсатында өз еркімен қоныс аудару үшін елдi мекендердi анықтау жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
Тармақша 22
22) жұмыс орындарын босату және қысқарту тәуекелдері бар ұйымдарға мониторинг жүргізу;
Тармақша 23
23) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек ұтқырлығы орталықтарымен және мансап орталықтарымен өз ара іс-қимыл жасау;
Тармақша 24
24) мемлекеттік қолдаушаралары мен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, олардың қарамағындағы субъектілерді құру және олардың қызметі;
Тармақша 25
25) мемлекеттік қолдау шараларын және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынуы;
Тармақша 26
26) кадрлармен қамтамасыз етуді, әлеуметтік сала қызметкерлерін кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттырудыұйымдастыру;
Тармақша 27
27) мемлекеттік қолдау шаралар мен арнаулы әлеуметтік қызметтерде халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтер қажеттіліктеріне талдау жүргізу;
Тармақша 28
28) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 29
29)мемлекеттік және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шаралар қабылдау;
Тармақша 30
30) әлеуметтік-еңбек саласындағы және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы стандарттарға сәйкес мемлекеттік және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
Тармақша 31
31) әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi жұмыс және халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына қайырымдылық көмек көрсетудi үйлестiру;
Тармақша 32
32) табысы аз отбасыларға (азаматтарға) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
Тармақша 33
33) Ұлы Отан соғысы жылдарында кемінде алты ай жұмыс істеген адамдардың еңбек өтілін белгілеу жөніндегі арнайы комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
Тармақша 34
34) басқа мемлекеттердің аумағындағы еңбек ардагерлері мен соғыс ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерді әлеуметтік қолдау шараларын қамтамасыз ету бойынша жұмыс;
Тармақша 35
35) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды есепке алу және тіркеу бойынша арнайы комиссия жұмысын ұйымдастыру және оларға куәліктер беру;
Тармақша 36
36) азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын анықтау және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар туралы ұсыныстарды аудан әкімдігінің қарауына енгізу және әзірлеу;
Тармақша 37
37) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пробацтя қызметінің есебінде тұрған, сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету саласындағы жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 38
38) қорғаншылық немесе қамқоршылық әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған тұлғалар бойынша функцияларды жүзеге асыру;
Тармақша 39
39) мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;
Тармақша 40
40) мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жеке көмекші, ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз ету;
Тармақша 41
41) мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаториялық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету;
Тармақша 42
42) мүгедектігі бар адамдар мен азаматтардың басқа санаттарына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік көмектің қосымша шараларын ұсыну;
Тармақша 43
43) мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыны) жан-жақты қолдаумен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіру;
Тармақша 44
44) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімі мен әкімдігінің құқықтық және нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;
Тармақша 45
45) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен аудандардың жергілікті атқарушы органдарына жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;
Тармақша 46
46) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі мен өкілеттігі
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі мен өкілеттігі
Тармақ 18
18. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады. 19. Бөлім басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 20
20. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын сектор меңгерушісі болады. 21. Бөлім басшысының өкiлеттiгi:
Тармақша 1
1) Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылық жасайды;
Тармақша 2
2) құрылымдық және ведомстволық бағынысты мекемелердің жұмысын үйлестіреді;
Тармақша 3
3) құрылымдық және ведомстволық бағынысты мекемелердің бірінші басшыларын, Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 4
4) құрылымдық және ведомстволық бағынысты мекемелер басшыларының, сондай-ақ Бөлім қызметкерлерінің құқықтарын айқындайды және міндеттерін бөледі, тиісті атқарушылық және еңбек тәртібін қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) құрылымдық және ведомстволық бағынысты мекемелердің басшыларына, Бөлім қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қабылдайды және тәртіптік жазалар қолданады;
Тармақша 6
6) ведомстволық бағынысты мекеменің құрылымы мен штаттық кестесін, қаржыландыру жоспарын, жылдық қаржылық есептілігін бекітеді.
Тармақша 7
7) Бөлімнің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының, жауапты қызметкерлерінің қатысуымен кеңестер өткізеді;
Тармақша 8
8) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 9
9) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаға қол қояды;
Тармақша 10
10) Бөлімнің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 11
11) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Бөлімнің мүддесін ұсынады;
Тармақша 12
12) шарттар жасасады және сенімхаттар береді;
Тармақша 13
13) Бөлімнің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді оқу орталықтарында оқытуды және қызметкерлердің біліктілігін жоғарлатудың өзге де түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
Тармақша 14
14) банк шоттарын ашады;
Тармақша 15
15) Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды;
Тармақша 16
16) Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі міндеттерді орындауға дербес жауапкершілікте болады;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 22
22. Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.
Тармақ 23
23. Бөлімнің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 24
24. Бөлімге бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады. 25. Бөлім егер заңнамада басқасы көзделмесе,өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органдықайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органдықайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 26
26. Бөлімді және оның ведомстволарын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 27. Бөлім таратылған кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншікте қалады.
Басқа 573. «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Шарбақты ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 сәуірдегі № 79/1 қаулысына 8-қосымша «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) заңнамамен көзделген құзыреті шегінде бюджеттің атқарылуын, бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік есепке алуды және есептілікті жүргізуді, Шарбақты ауданының аумағында мемлекеттік коммуналдық меншікті басқаруды және мемлекеттік сатып алу, тауарлар, жұмыстар мәселелерінде бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады және қызметтер.
Тармақ 2
2. Бөлімнің ведомстволары жоқ. 3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 6. Бөлім, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 7. Бөлім өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Шарбақты ауданының қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Шарбақты ауданының қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141100, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 53.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) бухгалтерлік есепті, бюджеттік есепті және жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша есептілікті және қаржы бөлімінің қаржыландыру жоспарын жүргізу, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп, қаржылық және бюджеттік есептілік саласындағы заңнамасына сәйкес есептілікті ұсыну;
Тармақша 2
2) өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес жергілікті бюджеттің атқарылуын, мемлекеттік органдардың қаржыландыру жоспарларын мониторингілеу, оның атқарылуы туралы есеп дайындау;
Тармақша 3
3) жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен қызметті ұйымдастыру және үйлестіру;
Тармақша 4
4) жергілікті бюджет қаражатының ұтымды және нысаналы пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) бөлімнің құзыретіне кіретін Шарбақты ауданы әкімдігінің қаулы жобаларын дайындау;
Тармақша 6
6) ауданның коммуналдық меншік объектілерін мақсатты және тиімді пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 7
7) коммуналдық меншіктің тиімсіз пайдаланылатын мүлкін жекешелендіруді ұйымдастыру;
Тармақша 8
8) аудан аумағында мемлекеттік сатып алу процесінің мониторингін жүзеге асыру, мемлекеттік органдар мен мекемелерге тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша есептілікті жасау және ұсыну тәртібі бойынша консультациялық көмек көрсету.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктер:
Тармақша 1
1) құқықтары: -аудан әкімдігі мен әкімінің қарауына бюджетті орындау, бюджетті орындау бойынша бюджеттік есепті және есептілікті жүргізу, мемлекеттік коммуналдық меншікті басқару, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу процесіне мониторинг жүргізу мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге; - бөлімнің алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен, ұйымдармен және азаматтармен белгіленген тәртіпте ақпарат сұратуға және алуға; - басшыларының келісімі бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын жұмысқа тарту.
Тармақша 2
2) міндеттері: - өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасуға; - шұғыл шығындарға арналған ауданның жергілікті атқарушы органының резервінен ақшалай қаражат бөлу мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды беруге; - коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табыс үлесін жергілікті бюджеттерге аударуының толықтығы мен уақтылылығына, сондай-ақ шаруашылық серіктестіктердегі мемлекеттік үлестерге кірістің және аудандық коммуналдық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтердің есептелуіне бақылауды жүзеге асыру; - аудан бюджетінің орындалуы, ауданның коммуналдық меншігін басқару, Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстарды жинақтау және әзірлеу; - бағдарлама әкімшілері ұсынған есептік деректердің дұрыстығын тексеру; - мемлекеттік органның құзыреті шегінде аудан әкімдігі қаулыларының жобаларын әзірлейді.
Тармақ 15
15. Функциялар:
Тармақша 1
1) бюджетті атқару бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіреді;
Тармақша 2
2) ауданның бюджеттің атқарылуы бойынша әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, жергілікті бюджет бойынша міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасауды, бекітуді және жүргізуді жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) жылдық сомаларды қоса алғанда, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) аудандық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыруды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) бюджеттік мониторингті жүзеге асырады, бюджеттік мониторинг нәтижелері бойынша аудан бюджетінің атқарылуы туралы талдамалық есепті қалыптастырады;
Тармақша 7
7) аудан бюджетін қалыптастыру және атқару, бюджеттік-қаржылық реттеу процесін жетілдіруді жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) ауданның мемлекеттік органдарының бюджет қаражатын басқарудың тиімділігіне бағалау жүргізу үшін ақпарат дайындау;
Тармақша 9
9) жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есептерді жасау;
Тармақша 10
10) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы, аудан бюджеті бойынша демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін ақшаның түсуі мен жұмсалуы туралы есептер жасау;
Тармақша 11
11) аудан бюджетінің кредиторлық және дебиторлық берешектері туралы есептер жасау;
Тармақша 12
12) жергілікті атқарушы органның резервінен қаражат бөлу туралы аудан әкімдігі қаулыларының жобаларына қорытындылар дайындау;
Тармақша 13
13) Жергілікті атқарушы органның резервінен қаражатты пайдалануды есепке алуды және талдауды жүзеге асырады;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен жергілікті атқарушы органның борышын өтеу және қызмет көрсету;
Тармақша 15
15) жоғары тұрған бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді тіркеуді, есепке алуды және мониторингілеуді жүзеге асырады;
Тармақша 16
16) салық салу мақсатында мүлікті бағалауды жүргізеді;
Тармақша 17
17) аудан бюджетіне салықтық және салықтық емес түсімдердің есебін жүргізеді;
Тармақша 18
18) белгіленген тәртіппен Павлодар облысының қаржы басқармасына, жергілікті атқарушы және өкілді органдарға жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есептерді ұсыну;
Тармақша 19
19) аудан бюджетінің орындалуы туралы атқарушы және өкілетті органның нормативтік актілерінің жобаларын әзірлеу;
Тармақша 20
20) коммуналдық заңды тұлғалардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың тізілімін жүргізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 21
21) коммуналдық мүлік тізілімін толықтыруды және түзетуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 22
22) өз құзыреті шегінде коммуналдық мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, аудандық коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру бойынша аудан әкімдігінің актілерін әзірлейді, аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 23
23) аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ауданның жергілікті атқарушы органдарының жұмысын үйлестіреді;;
Тармақша 24
24) жекешелендіруге жататын аудандық коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы аудан әкімдігінің актілерін әзірлейді;
Тармақша 25
25) аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекіту бойынша іс-шаралар өткізеді, тиісті қабылдау-тапсыру актілерін бекітеді;
Тармақша 26
26) аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға), шарттар бойынша өтеусіз пайдалануға, несие, концессияға беру, мердігерлік шарттар бойынша мүлікті беру, жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне беру құқығымен сенімгерлік басқару жөніндегі іс-шараларды жүргізеді; өтеусіз негізде;
Тармақша 27
27) мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру және қабылдау бойынша; мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке қабылдау бойынша; аудандық коммуналдық мүлікті қалалар, аудандар деңгейіне қабылдау және беру бойынша іс-шараларды өткізеді және тиісті тапсыру қабылдау актілерін бекітеді;
Тармақша 28
28) жекелеген негіздер бойынша коммуналдық меншікке түскен мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, сату және одан әрі пайдалану бойынша сауда-саттықты ұйымдастыру жұмысын жүзеге асырады;
Тармақша 29
29) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерді, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды құруға, оларды қайта ұйымдастыруға, таратуға қатысады;
Тармақша 30
30) мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың жарғысын (ережесін), өзгерістер мен толықтырулар енгізуді бекітеді;
Тармақша 31
31) аудан әкімдігіне тиесілі акцияларға дивидендтердің уақтылы және толық есептелуіне және олардың төленуіне, сондай-ақ жарғылық капиталындағы қатысу үлесі аудан әкімдігіне тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары арасында таза табыстың бөлінуіне бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 32
32) аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға беру туралы актілерді әзірлейді;
Тармақша 33
33) аудандық коммуналдық мүліктің құрамына акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін сатып алу туралы актілерді әзірлейді;
Тармақша 34
34) жинауды жүзеге асырады, тоқсан сайынғы мемлекеттік статистикалық есептілікті, сондай-ақ ауданда жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті орган белгілеген өзге де есептілікті жасайды;
Тармақша 35
35) мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 36
36) әкімнің тапсырмаларын, әкімдіктің және аудан әкімінің актілерін орындайды және орындалуын ұйымдастырады;
Тармақша 37
37) бөлім қызметінің жоспарын әзірлейді;
Тармақша 38
38) құжаттардың сақталуын ұйымдастыру және мемлекеттік архивке беру, тұрақты сақталатын және жойылатын істерді іріктеу және дайындау жөніндегі жұмысты жүргізеді;
Тармақша 39
39) жергілікті өзін-өзі басқарудың ақша түсімдері мен шығыстары жоспарын бақылау;
Тармақша 40
40) бюджетке қосымша резервтерді іздестіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру.
Тарау 3. 3 тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
3 тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
Тармақ 16
16. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Бөлімнің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Шарбақты ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 18
18. Бірінші басшының орынбасарлары жоқ.
Тармақ 19
19. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) мемлекеттік бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) бөлімнің барлық қызметкерлері орындауға міндетті, өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 7
7) қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес меншік нысанына қарамастан барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Бөлімнің мүддесін білдіреді;
Тармақша 9
9) ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының қатысуымен кеңестер өткізеді;
Тармақша 10
10) бөлімнің құрылымын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 11
11) бөлімнің перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
Тармақша 12
12) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және ол үшін дербес жауапты болады.
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен және жергілікті атқарушы органмен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады. Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тарау 4. 4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 20
20. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 21
21. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 22
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 23
23. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 24. Бөлім қысқартылған (таратылған) кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншікте қалады.
Басқа 658. «Шарбақты ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Шарбақты ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 сәуірдегі № 79/1 қаулысына 9-қосымша «Шарбақты ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Шарбақты ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын экономикалық және бюджетті жоспарлауды, сондай-ақ аудан аумағында экономикалық саясат саласындағы мемлекеттің басым бағыттарын іске асыруды заңнамада көзделген құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Бөлімнің ведомстволары жоқ. 3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 6. Бөлім, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Бөлім 7
7. Бөлім өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Шарбақты ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Шарбақты ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. «Шарбақты ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141100, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 53.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарымен өзара іс-қимылда стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;
Тармақша 2
2) Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық және басқа да жоспарларын әзірлеуде атқарушы органдармен келісілген өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
Тармақша 4
4) макроэкономикалық көрсеткіштер негізінде қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективаға арналған аудандық бюджет жобасын әзірлеу және бекіту.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктер:
Тармақша 1
1) құқықтары: - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу; - бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте аудан әкімдігінің қарауына ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 2
2) міндеттері: - экономика және бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша ауданның мемлекеттік органдарының лауазымды тұлғаларына және басқа да ұйымдарға қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте ұйымдастыру-әдістемелік, ақпараттық-талдау және басқа да көмектер көрсету; - Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Шарбақты ауданы әкімдігінің және әкімінің нормативтік құқықтық және құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу, оларды Шарбақты ауданы әкімдігінің және Әкімінің қарауына ұсыну; - осы Ережемен белгіленген өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарда, сотта бөлімнің мүддесін білдіру; - өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасуға құқылы.
Тармақ 15
15. Функциялар:
Тармақша 1
1) аудандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға талдау жүргізеді, талдау жазбалары мен анықтамаларын дайындайды;
Тармақша 2
2) Шарбақты ауданының әлеуметтік-экономикалық даму паспортын жасайды;
Тармақша 3
3) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларының, аудандық бағдарламалардың орындалуына мониторинг жүргізеді;
Тармақша 4
4) инвестициялық жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізеді;
Тармақша 5
5) бөлімге жүктелген міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік мекемелермен, лауазымды тұлғалармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) облыс және аудан әкімінің тапсырмаларын, облыстық және аудандық әкімдіктің нормативтік актілерін орындайды және орындалуын ұйымдастырады;
Тармақша 7
7) мемлекеттік мекеменің құзыреті шегінде аудан әкімдігі қаулыларының жобаларын әзірлейді;
Тармақша 8
8) аудан аумағында бірыңғай мемлекеттік бюджет саясатын жүзеге асыру;
Тармақша 9
9) макроэкономикалық көрсеткіштер негізінде қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективаға арналған аудандық бюджеттің кірістері мен шығыстары бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 10
10) жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжау;
Тармақша 11
11) аумақтық салық органымен бірлесіп (келісім бойынша) аудандық бюджет кірістерін болжауды жүзеге асыру;
Тармақша 12
12) аудандық бюджетті қалыптастыру және шешім жобасын аудандық мәслихаттың бекітуіне дайындау;
Тармақша 13
13) аудандық және жергілікті бюджет бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша шығыстар көлемін болжауды жүзеге асыру;
Тармақша 14
14) бюджеттік бағдарламалардың тиімділігіне бағалау жүргізу;
Тармақша 15
15) тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджет туралы мәслихат шешімін іске асыру туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасын дайындау;
Тармақша 16
16) қаржылық қамтамасыз етуді жоспарлаудың дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 17
17) жоғары тұрған басқармаға есептілікті ұсыну үшін мемлекеттік органдардан ақпарат жинауды жүзеге асырады;
Тармақша 18
18) «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыру;
Тармақша 19
19) Жергілікті өзін-өзі басқару трансферттерін іске асыру;
Тармақша 20
20) ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша, көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету;
Тармақша 21
21) құжаттардың сақталуын ұйымдастыру және мемлекеттік архивке беру, тұрақты сақталатын және жойылатын істерді іріктеу және дайындау жөніндегі жұмысты жүргізеді;
Тармақша 22
22) Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақша 23
23) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асырады
Тарау 3. 3 тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
3 тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
Тармақ 16
16. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Бөлімнің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Шарбақты ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 18
18. Бірінші басшының орынбасарлары жоқ.
Тармақ 19
19. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін көтермелеуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) бөлімнің барлық қызметкерлері орындауға міндетті, өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 6
6) бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес меншік нысанына қарамастан барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Бөлімнің мүддесін білдіреді;
Тармақша 8
8) мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен кеңестер өткізеді; 9) бөлімнің перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
Тармақша 10
10) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және ол үшін дербес жауапты болады.
Тармақша 11
11) шарттар жасайды;
Тармақша 12
12) сенімхаттар береді;
Тармақша 13
13) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен және жергілікті атқарушы органмен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады. Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тарау 4. 4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 20
20. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 21
21. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 22
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 23
23. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 24. Бөлім қысқартылған (таратылған) кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншікте қалады.
Басқа 724. Шарбақты ауданы әкімдігінің жойылуға жататын қаулыларының тізбесі
Шарбақты ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 сәуірдегі № 79/1 қаулысына 10-қосымша Шарбақты ауданы әкімдігінің жойылуға жататын қаулыларының тізбесі
Тармақ 1
1. Шарбақты ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 7 ақпаннан «Шарбақты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 32/1 қаулысы.
Тармақ 2
2. Шарбақты ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 14 наурыздағы № 90/2 «Шарбақты ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысы.
Тармақ 3
3. Шарбақты ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 21 шілдедегі «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 181/3 қаулысы.
Тармақ 4
4. Шарбақты ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 258/7 «Шарбақты ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысы.
Тармақ 5
5. Шарбақты ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 16 қыркүйектегі № 285-1/7 «Аудан әкімдігінің 2019 жылғы 13 тамыздағы «Шарбақты ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 257/7 қаулысына толықтыру енгізу туралы» қаулысы.
Тармақ 6
6. Шарбақты ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 13 тамыздағы «Шарбақты ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 257/7 қаулысы.
Тармақ 7
7. Шарбақты ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 09 желтоқсандағы «Шарбақты ауданы экономикасының нақты секторы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 398/9 қаулысы.
Тармақ 8
8. Шарбақты ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 329/3 қаулысы.
Тармақ 9
9. Шарбақты ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 12 қыркүйектегі «Шарбақты ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 283/7 қаулысы.
Тармақ 10
10. Шарбақты ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 1 наурыздағы № 73/2 «Аудан әкімдігінің 2016 жылғы 19 шілдедегі «Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 241/5 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысы.
Тармақ 11
11. Шарбақты ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 шілдедегі «Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 241/5 қаулысы.