О создании городского Совета по делам инвалидов Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.07.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мүгедектер ісі жөніндегі қалалық Кеңес құру туралы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабын басшылыққа алып, "Мүгедектердi оңалтуды»2002-2005 жылдарға арналған Бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылы 29 желтоқсандағы N 1758 қаулысын және "Мүгедектердi оңалтуды 2002-2005 жылдарға арналған республикалық Бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар Жоспары туралы" Батыс Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 1 тамыздағы N 149 (тіркелу N 1749) қаулысын жүзеге асыру, мүгедектердi әлеуметтiк қорғау, оларды қоғамға жан-жақты және толық бiрiгуiне ықпал ету мақсатында қала әкiмдiгi Қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Мүгедектер iсi жөнiндегi қалалық Кеңес келесi құрамда құрылсын: Сергей Николаевич Церковников - қала әкiмiнiң орынбасары, Кеңес төрағасы; Ольга Алексеевна Исаева - қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасының бастығы; Алина Григорьевна Раннева - қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасының жеңiлдiктер мен үйден қызмет көрсету бөлiмiнiң бастығы, Кеңестiң хатшысы; Әлия Қайрошқызы Жамбаева - әкiмдiктiң iшкi саясат бөлiмiнiң меңгерушiсi; Николай Сергеевич Злобин - қалалық мүгедектер қоғамының төрағасы; Виталий Вячеславович Мазуренко - туризм және спорт бөлiмiнiң бастығы; Зияда Нәдiрғалиқызы Молдағалиева - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы (келiсiм бойынша); Дайыр Қадырұлы Сапаров - қалалық бiлiм басқармасының бастығы.
Тармақ 2
2. "Мүгедектер iсi жөнiндегi қалалық Кеңес туралы Ереже" бекiтiлсiн (N 1 қосымша).
Тармақ 3
3. Мүгедектер iсi жөнiнде Кеңестiң жеке құрамы қалалық мәслихаттың кезектi отырысына бекiтуге ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары С. Н. Церковниковке жүктелсiн.
Басқа 5. Мүгедектер iсi жөнiндегi қалалық Кеңес туралы Ереже
Орал қаласы әкiмдiгiнiң 2003 жылғы «31» шiлдедегі N 697 қаулысына N 1 қосымша Мүгедектер iсi жөнiндегi қалалық Кеңес туралы Ереже Жалпы ережелер
Тармақ 1. Қалалық Кеңестiң негiзгi мiндеттерi мен функциялары
1. Мүгедектер iсi жөнiндегi Кеңес Орал қаласы әкiмдiгi жанындағы кеңестiк-мәжiлiс органы болып табылады. Кеңес құруды» мақсаты мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласында мемлекеттiк органдардың»қоғамдық және қайырымдылық ұйымдарының қызметiн үйлестiру бойынша ұсынымдарды дайындау болып табылады. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасы Конституциясын, "Қазақстан Республикасында мүгедектердi» әлеуметтiк қорғалуы туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылы 29 желтоқсандағы N 1758ќаулысымен бекiтiлген "Мүгедектердi оңалтуды 2001-2005 жылдарға арналған Бағдарламасын" және басқа да нормативтiк-құқықтық актiлерiн және осы Ереженi басшылыққа алады. Қалалық Кеңестiң негiзгi мiндеттерi мен функциялары
Тармақ 2
2. Мүгедектер және мүгедектiк мәселесiмен айналысатын қоғамдық ұйымдармен өзара әрекет.
Тармақ 3
3. Мүгедектiктiң алдын алу, оңалту, әлеуметтiк қорғау, бiлiм беру және кәсiби дайындау, мүгедектердi жұмыспен қамту мәселелерi бойынша жергiлiктi мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру жөнiндегi ұсынымдарды дайындау.
Тармақ 4. Қалалық Кеңес қызметiн ұйымдастыру
4. Мүгедектер мәселесi жөнiнде ұсыныстар дайындау. Қалалық Кеңес қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 5
5. Кеңестi төраға басқарады. Кеңес мәжiлiсi төраға немесе оның тапсырмасы бойынша төрағаның орынбасарымен қажеттiлiгiне қарай, бiрақ кем дегенде тоқсанына бiр рет шақырылады.
Тармақ 6
6. Кеңес жұмысын ұйымдастыруды, тиiстi материалдарды, ұсыныстарды дайындауды Кеңес хатшысы жүзеге асырады. Кеңес өз қызметiн көпшiлiк бастауымен жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Кеңестiң шешiмдерi ашық дауысқа салумен қабылданады және Кеңес мүшелерiнiң жалпы санының көбi дауыс берген жағдайда олар қабылданған болып саналады. Егер берiлген дауыс тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданған болып есептеледi.
Тармақ 8
8. Кеңес отырысының өткiзiлу қорытындысы бойынша отырысқа қатысқан оның мүшелерi қол қойған хаттама жазылады.
Тармақ 9
9. Қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы Кеңестiң жұмыс органы болып есептеледi.