Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Сандыктаускому району Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қоса беріліп отырған қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы
Сандықтау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 17 наурыздағы № 15/1 шешімімен бекітілген Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы
Тармақ 1
1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) «Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына (бұдан әрі-үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін айқындайды.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 2
2. Осы Үлгілік қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
Тармақша 1
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 2
2) атаулы күндер – жалпыхалықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
Тармақша 3
3) арнайы комиссия – өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Сандықтау ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
Тармақша 4
4) ең төмен күнкөріс деңгейі – мөлшері бойынша Ақмола облысының статистика органдары есептейтін облыстардағы мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
Тармақша 5
5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
Тармақша 6
6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
Тармақша 7
7) өмірдегі қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
Тармақша 8
8) уәкілетті орган – «Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 9
9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
Тармақша 10
10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органмен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және 10-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидада көзделген тәртіппен көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:
Тармақша 1
1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;
Тармақша 2
2) 9 мамыр - Жеңіс күні;
Тармақша 3
3) 1 қазан – Қарттар күні;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күні қазан айының екінші жексенбісі;
Тармақша 5
5) 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні;
Тармақша 6
6) 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
Тармақ 6
6. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына ақшалай төлемдер түрінде бір рет көрсетіледі:
Тармақша 1
1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне орай: басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
Тармақша 2
2) 9 мамыр – Жеңіс күніне орай: Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне; жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге; еңбек ардагерлеріне; «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші қолданылатын басқа тұлғаларға; 1941 жылғы 22 маусым-1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және бұрынғы еңбек сіңірген Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін КСР Одағы;
Тармақша 3
3) Қарттар күніне – 1 қазан: ең төменгі мөлшерден төмен зейнетақы мөлшері бар зейнеткерлерге;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күніне – қазан айының екінші жексенбісі: барлық санаттағы мүгедектігі бар адамдарға;
Тармақша 5
5) Тәуелсіздік күніне – 16 желтоқсан: басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне; жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге; «Күміс Алқа» және «Алтын Алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар; құрамында төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасылар; «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан адамдарға;
Тармақша 6
6) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне: саяси қуғын-сүргін құрбандарына.
Тармақ 7
7. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек бір рет келесі санаттар бойынша көрсетіледі:
Тармақша 1
1) жан басына шаққандағы орташа табысына қарамастан, өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарға өтініші бойынша: онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарға операциядан кейінгі емдеуге он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде уәкілетті ұйымның анықтамасы негізінде онкологиялық стационар жағдайында арнайы емдеуден өтетін ауру тарихынан үзінді көшірме негізінде; Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі Министрлігінің Ақмола облысы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің Сандықтау ауданының Төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімінің өрт туралы анықтама немесе табиғи апаттың фактісін растайтын құжаттың негізінде өрт немесе табиғи апаттар нәтижесінде зардап шеккендер азаматтарға өрт немесе табиғи апат болған кезінен жыл ағымында, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары және халықтың әлеуметтік осал топтары бар аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан, колледждерде күндізгі оқу нысаны бойынша ақылы негізде оқитын, оқуға ақы төленетін, жылдық оқу құны мөлшерінде оқитын студенттерге оқу орнымен жасалған шарттың негізінде, оқу орнынан анықтама және өтініш берушінің (отбасының) көрсетілген санатқа жататынын растайтын анықтама; Қазақстан аз қамтылған, құрамында төрт және одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалаы бар көп балалы отбасыларынан және халықтың әлеуметтік осал топтарынан Қазақстан Республикасының жоғары медициналық оқу орындарында күндізгі оқу формасында, ақылы негізде оқитын студенттерге оқу ақысы үшін жыл сайынғы оқудың ақысы мөлшерінд. Төлем өтініш берушінің (отбасының) көрсетілген санатқа жататынын растайтын анықтаманың, оқу орнынан анықтаманың, оқу орнымен жасалған шарттың және аудан әкімдігі, студент және жұмыс беруші арасындағы шарттың көшірмесі негізінде жүргізіледі; әлеуметтік – құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасы негізінде босату туралы анықтама беру бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; басқа мемлекеттердің аумағында жауынгерлік әрекеттер ардагерлеріне, еңбек ардагерлеріне, жасы 18-ге дейін мүгедектігі бар баланы тәрбиелейтін тұлғаларға, «Күміс Алқа» және «Алтын Алқа» алқалармен марапатталған көп балалы аналарға ақшалай формасында шипажайлық-курорттық емделуге, ағымды қаржылық жылға қарастырылған сомасы шегінде.
Тармақша 2
2) өтініш бойынша жан басына шаққандағы орташа табысты ескере отырып, өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарға беріледі: жан басына шаққандағы орташа табысы осы кезде отбасының әрбір мүшесіне белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен өмірлік қиын жағдай туындаған кездегі отбасыларға (азаматтарға) өтініші бойынша ұзақ мерзімді емделуден өту кезінде он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (тоқсан сайын); өмірлік қиын жағдай туындаған кезде жан басына шаққандағы орташа табысы отбасының әрбір мүшесіне белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен көпбалалы отбасыларға өтініш бойынша он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
Тармақша 3
3) өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, жан басына шаққандағы орташа табысына қарамастан, ай сайын өтініш бермей: Уәкілетті ұйым тізімінің негізінде туберкулезбен ауыратын науқастарға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған азаматтарға (балаларға) уәкілетті ұйымның тізімі негізінде он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; көп балалы отбасыларға ауданішілік жолаушылар көлігінің маршруттарында жол жүру төлемін өтеу үшін ауданішілік жолаушылар көлігінің маршруттарында жол жүргенін растайтын құжаттарды (жан басына шаққандағы орташа табысына қарамастан) ұсынған кезде 100 пайыз мөлшерінде.
Тармақ 8
8. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың жергілікті атқарушы органдарының келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
Тармақ 9
9. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
Тарау 3. 3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
Тармақ 10
10. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
Тармақ 11
11. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса Үлгілік қағидаларға сәйкес құжаттарды ұсынады.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Сандықтау ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер
4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер
Тармақ 13
13. Әлеуметтік көмек:
Тармақша 1
1) алушы қайтыс болған;
Тармақша 2
2) Сандықтау ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
Тармақша 3
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
Тармақша 4
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады. Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
Тармақ 14
14. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
Тарау 5. 5. Қорытынды ереже
5. Қорытынды ереже
Тармақ 15
15. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.