Об утверждении Правил выдачи заключения на предмет соответствия законодательству Республики Казахстан в области защиты конкуренции Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан қорытынды беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 41-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан қорытынды беру Қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Экономикалық шоғырлану және мемлекеттік кәсіпорындарды бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 7. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан қорытынды беру қағидалары
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Төрағасы 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 9 Бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан қорытынды беру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан қорытынды беру қағидалары Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 41-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан қорытынды беру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) мемлекеттік тапсырманы орындаушы – мемлекеттік тапсырманың орындалуына жауапты нарық субъектісі;
Тармақша 2
2) монополияға қарсы орган – бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы басшылықты, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Тарау 2. 2-тарау. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан қорытынды беру тәртібі
2-тарау. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан қорытынды беру тәртібі
Тармақ 3
3. Монополияға қарсы орган Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан қорытынды беру үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің мемлекеттік қызметтер көрсетуге немесе бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырма нысанындағы ұсынысын (бұдан әрі - ұсыныс) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 236 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10839 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларына 1-қосымшаға, сондай-ақ осы Қағидалардың 8-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда қосымша негіздеуші материалдарға сәйкес нысан бойынша қарайды.
Тармақ 4
4. Монополияға қарсы орган бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің ұсынысы келіп түскен кезден бастап отыз жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан қорытынды береді.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан қорытынды беру мақсатында монополияға қарсы орган кемінде бес жұмыс күні мерзімде нарық субъектілерінен және (немесе) мемлекеттік органдардан шешім қабылдау үшін қажетті қосымша негіздеуші материалдарды сұратады. Мәліметтер және (немесе) құжаттар ұсынылғанға дейін Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан қорытынды беру мерзімі он жұмыс күніне тоқтатыла тұрады, бұл туралы қарау мерзімі тоқтатыла тұрған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне хабарланады. Монополияға қарсы орган нарық субъектілерінің және (немесе) мемлекеттік органдардың қосымша негіздеуші материалдары ұсынылғаннан кейін қорытынды беру мерзімін қайта бастайды.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан қорытынды беру кезінде:
Тармақша 1
1) ресми статистикалық ақпарат деректері;
Тармақша 2
2) монополияға қарсы органның және оның аумақтық бөлімшелерінің өз зерттеулерінің деректері;
Тармақша 3
3) қауымдастықтардың, қоғамдық бірлестіктердің, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының деректері;
Тармақша 4
4) маркетингтік, әлеуметтік зерттеулердің, іріктеп сауалнамалардың және нарық субъектілеріне, азаматтарға, қоғамдық ұйымдарға сауалнама жүргізу деректері;
Тармақша 5
5) орталық мемлекеттік органдардан, жеке, заңды тұлғалардан, жергілікті атқарушы және өкілді органдардан алынған мәліметтер пайдаланылады.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан қорытынды беру мынадай кезеңдерді қамтиды:
Тармақша 1
1) мемлекеттік тапсырманың нысанасын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне айқындау;
Тармақша 2
2) мемлекеттік тапсырманы іске асырудың орындылығын бағалау;
Тармақша 3
3) қорытынды дайындау.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік тапсырманың нысанасын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан айқындау мыналарды:
Тармақша 1
1) Кодекстің 41-бабының 4-1-тармағында көрсетілген тапсырыстар тізбесін салыстыруды;
Тармақша 2
2) Кодекстің 41-бабының 4-2-тармағында көрсетілген өлшемшарттардың біріне сәйкестікті белгілеуды қамтиды. Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін, қорғаныс қабілетін немесе қоғам мүдделерін қорғауды қамтамасыз етудің өзге мүмкіндігінің болмауы, тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің ерекшелігі және (немесе) бірегейлігі мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын, мемлекеттік тапсырманың жоғарыда көрсетілген өлшемшарттарға жатқызылғанын растайтын уәкілетті мемлекеттік органның қосымша негіздеуші материалдары ескеріле отырып белгіленеді.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік тапсырманы іске асырудың орындылығын бағалау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы шеңберінде конкурстық негізде мәлімделген көрсетілетін қызметті (тапсырысты) сатып алу мүмкіндігін зерделеу арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік тапсырманы іске асырудың орындылығын бағалау кезінде, оның ішінде:
Тармақша 1
1) мемлекеттік сатып алу веб-порталын талдау нәтижесінде алынған ұқсас не бірін-бірі алмастыратын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурстық негізде сатып алу туралы мәліметтер;
Тармақша 2
2) қызметтің осындай түрін жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің саны туралы ресми статистикалық ақпарат;
Тармақша 3
3) Кодекстің 41-бабына сәйкес бюджеттік бағдарламаның әкімшісі қосалқы мердігерге (орындаушыға) орындау үшін беруге ұсынатын қызметтердің түрі мен көлемі;
Тармақша 4
4) мәлімделген жұмыс түріне рұқсат құжаттары (лицензиялары) бар кәсіпкерлік субъектілерінің деректері ескеріледі.
Тармақ 10
10. Монополияға қарсы орган ұсынысты қарау нәтижелері бойынша мыналарды көрсете отырып қорытынды дайындайды:
Тармақша 1
1) мемлекеттік тапсырманың атауы;
Тармақша 2
2) мемлекеттік тапсырманы орындаушының атауы;
Тармақша 3
3) мемлекеттік тапсырма шеңберінде орындалатын бюджеттік бағдарламалардың атаулары;
Тармақша 4
4) қажет болған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген конкурстық рәсімдерді сақтай отырып, қосалқы мердігерлікке мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлға беретін мемлекеттік тапсырманың көлемі;
Тармақша 5
5) мемлекеттік тапсырманы орындау кезеңі;
Тармақша 6
6) мемлекеттік тапсырманы келісудің орындылығы не орынсыздығы туралы қорытынды.