Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ақтөбе қалалық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 31 наурыздағы № 5-2/108 ұсынысы негізінде, Ақтөбе қаласының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе қаласының «Алматы» ауданының «Садовое» тұрғын үй алабының Садовая, Жемісті, Парасат, Бәйшешек көшелері және 19/2 учаскесінің аумағында ірі қара және ұсақ малдары арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада бекітілген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Ақтөбе қаласы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.