Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел занятости и социальных программ акимата города Костаная» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын;
Тармақша 3
3) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Әкімдігінің 2022 жылғы «18» сәуір № 751 қаулысымен бекітілген «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Мекеме мынадай ведомстволық бағынысты мекемелері бар:
Тармақша 1
1) «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қостанай қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 3
3) «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қостанай қалалық өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 4
4) «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қостанай қалалық әйелдер мен балаларға арналған бейімделу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, А. Қасымқанов көшесі, 36 үй.
Тармақ 10
10. Осы ереже Мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен Мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Мекемеге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 2
2) Мекеменің басқаруындағы мекемелердің қызметін үйлестіру;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де мақсаттарды жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: Мекеме мүдделерін мемлекеттік органдар мен ұйымдарда білдіру; өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды сұрату және алу; Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де құқықтар;
Тармақша 2
2) міндеттері: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау; Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау; мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сапалы және уақытылы көрсетуін қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) ведомствоға бағынысты мекемелердің қызметін үйлестіру;
Тармақша 2
2) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау жөніндегі және әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығаратын арнайы комиссиясы жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бюджет қаражаты қажеттілігін болжау және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру;
Тармақша 4
4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, жергілікті бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу;
Тармақша 6
6) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және қажетті шаралар қолдану;
Тармақша 7
7) коммерциялық емес (үкіметтік емес) ұйымдармен өзара әрекет ету;
Тармақша 8
8) өмірлік қиын жағдайға ұшыраған адамға (отбасыға) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету туралы шешім шығару;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәмелетке толған азаматтарға қатысты қамқорлық пен қорғаншылық бойынша функцияларды жүзеге асыру;
Тармақша 10
10) құзыреті шегінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін іс-шараларды іске асыру;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік органның басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Мекемені басқаруды басшы жүзеге асырады, ол Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Мекеменің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Мекеменің басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.
Тармақ 19
19. Мекеменің басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) басшыларды лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады: «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қостанай қалалық өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қостанай қалалық әйелдер мен балаларға арналған бейімделу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Мекеменің жұмыскерлерін лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатады;
Тармақша 3
3) заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жазалар қолдану мәселелерін шешеді;
Тармақша 4
4) бұйрықтарды шығарады және Мекеменің барлық жұмыскері үшін орындалуға міндетті нұсқаулар береді;
Тармақша 5
5) Мекеменің атынан сенімхатсыз әрекет жасайды;
Тармақша 6
6) белгіленген еңбекақы төлеу қоры мен саны шегінде Мекеме мен ведомстволық бағынысты мекемелері жұмыскерлерінің штат кестесін бекітеді;
Тармақша 7
7) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің және Мекеменің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларын бекітеді;
Тармақша 8
8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауап береді;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Мекеменің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін атқаруды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Мекеменің басшысы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. Мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. Мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі: «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қостанай қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қостанай қалалық өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қостанай қалалық әйелдер мен балаларға арналған бейімделу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.