Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған
Басқа 0
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Созақ аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2022 жылғы 11 сәуірдегі №08-02-07/63 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Бруцеллез ауруының шығуына байланысты Түркістан облысының Созақ ауданы Құмкент ауылдық округінің Тасарық көшесіне шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Созақ ауданының Құмкент ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.