Об утверждении размера платы за один кубический метр поданной питьевой воды населению из особо важных групповых и локальных систем водоснабжения, являющихся безальтернативными источниками питьевого водоснабжения по Карагандинской области Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарағанды облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Су Кодексінің 38-бабына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № 470 «Ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24170 болып тіркелген), Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қарағанды облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен халыққа берілген ауыз судың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі .
Басқа 0. Қарағанды облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшері
Қарағанды облыстық мәслихатының 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 180 шешімге қосымша Қарағанды облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшері № Бір тұтынушыға ауыз сумен жабдықтауды пайдалану түрі Төлем мөлшері, теңге 1 ауызсуды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін 50 2 ауызсуды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін 70