О проведении областного конкурса "Лучшие предприниматели года в сфере малого и среднего бизнеса" Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
«Шағын және орта бизнес саласындағы жылдың үздік кәсіпкерлері» конкурсын өткізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан кәсіпкерлерінің 10 форумында берген тапсырмасын орындау үшін ең үздік кәсіпкердің, шағын және орта бизнестің дамуына есептесетін жеке және заңды түлғаның озық қызметін анықтау және көтермелеу мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Шағын және орта бизнес саласындағы жылдың үздік кәсіпкерлері»
конкурсы іс жүзінде жыл сайын өткізілсін.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған:
«Шағын және орта бизнес саласындағы жылдың үздік кәсіпкерлері» конкурсы жөніндегі Ереже;
конкурстың жеңімпаздарын анықтау жөніндегі комиссия құрамы бекітілсін.
З. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Қ. Ғилымовқа жүктелсін.
Басқа 3. Жалпы ережелер
Облыс әкімиятының
2003 жылғы «11» тамыздағы
№ 235 қаулысымен
БЕКІТІЛДІ
«Ақтөбе облысының шағын және орта бизнес саласындағы жылдың үздік кәсіпкерлері» конкурсы туралы ЕРЕЖЕ
Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Конкурс туралы осы Ереже Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Қазақстан Кәсіпкерлер форумы аясында өңірлік конкурстар өткізу жөніндегі 2003 жылғы 23 маусымдағы №17-76/005-468 (1.10 т.) тапсырмасына сэйкес, Ақтөбе облысында шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі саясатты іске асыру мақсатында әзірленді.
Тармақ 2
2. Конкурс туралы Ереже «Ақтөбе облысының шағын және орта бизнес
саласындағы жылдың үздік кәсіпкерлері» конкурсын дайындаудың,
жариялаудың және өткізу тәртібін айқындайды. (бұдан әрі - Конкурс)
Тармақ 3
3. Конкурс номинациялдар бойынша (1 қосымша), критерийлер бойынша баллдарды есептеу жолымен (2 қосымша) өтеді.
Тармақ 4. Конкурстың мақсаты мен міндеттері
4. «Облыстық кәсіпкерлікті қолдау басқармасы» мемлекеттік мекемесі
конкурстың ұйымдастырушысы болып табылады.
Конкурстың мақсаты мен міндеттері
Тармақ 5
5. Ақтөбе облысының үздік кәсіпкерлерін, Қазақстанда шағын және
орта бизнестің дамуына жэрдемдесетін жеке және заңды тұлғаларды
анықтау және ынталандыру Конкурстың мақсаты болып табылады.
Тармақ 6. 3. Конкурсқа қатынасу үшін қойылатын талаптар
6. БАҚ құралдары арқылы сапалы өнім шығаратын, түрлі қызмет көрсететін тауар өндірушілер туралы, облыстың өндірістік элеуетімен облыс халқын таныстыру конкурстың міндеті болып табылады. Бұған қоса импортты алмастырушы тауарлар шығаруға және халыққа қызмет көрсетуге, ішкі және сыртқы рынокта неғұрлым сапалы, бәсекеге қабылетті тауарлар мен қызмет түрлеріне бағыт ұстаған өндіріс орындарына көрсетуге ерекше маңыз беріледі.
3. Конкурсқа қатынасу үшін қойылатын талаптар
Тармақ 7
7. Конкурсқа қатысуға:
Тармақша 1
1) шағын және орта бизнестің субъектілері және Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын;
Тармақша 2
2) жарғылық капиталында мемлекеттің қатысы жоқ жеке және заңды
тұлғалар жіберіледі.
Тармақ 8
8. Конкурсқа қатысу үшін:
Тармақша 1
1) конкурсқа қатысу үшін сауалнама - өтінім;
Тармақша 2
2) заңды тұлға құрылтай құжатарының (куәлік, Жарғы (ереже), статистикалық кітапша) көшірмелері;
Тармақша 3
3) өтінім - сауалнамада көрсетілген мәліметтердің сенімділігін растайтын қажетті құжаттардың, сертификаттардың, лицензиялардың көшірмелері;
Тармақша 4
4) бюджет алдында берешегі жоқтығы туралы салық органдарының анықтамасы;
Тармақша 5. Конкурсты өткізу тәртібі
5) салық органында заңды тұлғаны есепке қойғандағы туралы
куәліктің көшірмесі қажет.
6) пайда мен шығындар туралы бухгалтерлік баланстан үзінді.
7) шағын кәсіпкерлік субъектісінің қызметі турагіы ақпарат ( құрылу
тарихы, қызметі жүзеге асырылып жатқан нарықтық ортасы,
шыгарылатын өнімдердів негізгі түрлері ( тауарлар, көрсетілетін қызметтер)
және т.б.
Конкурсты өткізу тәртібі
Тармақ 9
9. Конкурс екі турда өткізіледі. Конкурстың бірінші турын облыстық комиссия өткізеді.
Тармақ 10
10. Облыс әкімінің бірінші орынбасары облыстық конкурстық комиссияның төрағасы болып табылады.
Тармақ 11
11. Конкурстық комиссиялардың құрамына мүдделі мемлекеттік органдардаң басшылары мен мамандары енгізілуі мүмкін. Конкурстық коммиссияның сандық құрамы тақ сан және жетіден кем болмауға тиіс.
Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы жай қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады.
Тармақ 12
12. Конкурсант бірнеше номинацияларда жеңімпаз болуы мүмкін.
Тармақ 13
13. Конкурстың екінші турын Республикалық комиссия өткізеді.
Тармақ 14. Қорытынды ережелер
14. Конкурс қорытындысы конкурстық комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді. Конкурстық комиссия шешімдері қажетті құпиялылық режимі қамтамасыз етілгенде кезде, түпкілікті болып табылады.
Қорытынды ережелер
Тармақ 15
15. Конкурсқа қатысушылар өтінім-сауалнама бланкілерімен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 16
16. Конкурс жеңімпаздарының тұсауын кесу мақсатында облыстық комиссия бұқаралық ақпарат құралдарын және өтінім – сауалнамаларда көрсетілген ақпараттарды пайдалана отырып жарнамалық науқан жүргізуге құқылы.
Тармақ 17
17. Бірінші турдың қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен марапатталады және арнаулы сыйлықтармен көтермеленуі мүмкін.
Тармақ 18
18. Конкурстық комиссия кеш ұсынылған, шала немесе түсініксіз толтырылған өтінім - сауалнамалар мен қосымша материалдар үшін жауап
бермейді.
Басқа 29
«Ақтөбе облыстық шағын және
орта бизнес саласындағы жылдың
үздік кәсіпкерлері» конкурсы туралы
ережеге 1 -Қосымша
Конкурс номинацияларының тізбесі
Тармақ 1
1. «Жылдың үздік кәсіпкері»
Тармақ 2
2. «Үздік кәсіпкер әйел»
Тармақ 3
3. «Үздік кәсіпкер фермер»
Тармақ 4
4. «Кәсіпкерлердің үздік қоғамдық ұйымы»
Тармақ 5
5. «Өндіріс саласының үздік кәсіпкері»
Тармақ 6
6. «Өндіріс және құрылыс саласындағы үздік кәсіпке»
Тармақ 7
7. «Шағын кәсіпкерліктің проблемасын көрсеткен үздік БАҚ».
Тармақ 8
8. «Шағын кәсіпкерлік саласындағы үздік инновациялық жоба»
Тармақ 9
9. «Үздік экспортер кәсіпорын»
Тармақ 10
10. «Халықтық-көркем кәсіпшілік саласындағы үздік кәсіпорын».
Басқа 40
«Шағын және орта бизнес
саласындағы жылдың үздік
кәсіпкерлері» конкурсы
туралы ережеге
2- қосымша
«Шағын және орта бизнес саласындағы жылдың үздік кәсіпкерлері»
конкурсы өлшемдерінің тізбесі
Бөлім 41. Барлық номинацияларға арналған жалпы өлшемдер:
Барлық номинацияларға арналған жалпы өлшемдер:
кәсіпкерлік қызметтің жалпы мерзімі мен түрі;
кіріс деңгейінің өткен жылғы шығындар деңгейіне қатынасы;
кірістерінің өсу серпіні;
санының өсу серпіні;
қызметтің инновациялық бағытталуы;
бюджетке міндетті төлемдерді төлеу жөнінде берешегінің болмауы және
мемлекеттік органдарға барлық есептілік нысандарын берудің уақыттылығы.
Бөлім 2. 2. Номинациялар бойынша арнаулы өлшемдер:
2. Номинациялар бойынша арнаулы өлшемдер:
Тармақша 1
1) «Үздік жыл кәсіпкері»:
шығарылатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің ассортименті және
сапасы;
конкурсқа қатысушы кірістері өсімінің серпіні;
аймақтың және (немесе) жалпы республиканың әлеуметтік-экономикалық
өміріне қатысуы;
сапаның халықаралық сертификатының болуы және шығарылатын өнімдердің дизайны.
Тармақша 2
2) «Кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымының үздік басшысы»:
кәсіпкерлікті қолдау мэселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді
әзірлеуге қатысу;
Қазақстандық кәсіпкердің оң бейнесін қалыптастыру;
кәсіпкерлерге көрсетіліп отырған консалтингтік қызметтер саны;
бірлестік қызмет етуінің одан арғы жоспарларын бағалау;
аймақтық және үкіметтік деңгейде көтерілген мэселелердің және өткізілген
кеңестердің саны және маңызы.
Тармақша 3
3) «Шағын және орта бизнес проблемасын көрсететін БАҚ»:
шағын кәсіпкерлікті қолдауды көрсету жөніндегі тақырыптар тізбесі;
проблемаларды көрсету деңгейі;
көрсетілген проблемалардың маңыздылығы және уақытында жариялануы;
шағын кәсіпкерлік проблемалары туралы жарияланған материалдардың саны
және сапасы.
Тармақша 4
4) «Жылдың үздік кәсіпкері - фермер»:
ауыпды әлеуметтік-экономикалық дамытуға қатысы;
ресурстарды пайдаланудың үтымдылығы, өнімдердің өзіндік құны;
ағроазық-түлік бағдарламасын іске асыруға қатысы;
өнімнің сапасы және дизайны.
Тармақша 5
5) «Қызмет көрсету саласының үздік кәсіпкері»:
үсынылатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жаңашылдығы және
сапасы;
көрсетілген қызметтер көлеміңің серпіні;
кемінде 20 қызметтерді пайдаланушының пікірі.
Тармақша 6
6) «Құрылыс және өндіріс саласындағы жылдың ең үздік кәсіпкері»:
ресурстарды, жаңа технологияларды ұтымды пайдалану және өнімнің өзіндік
құны;
өндірілетін өнімдердің жаңашылдығы және дизайны;
сапаның халықаралық сертификатының болуы.
Тармақша 7
7) «Үздік инновациялық жоба»:
инновациялық жобаның аймақ және жалпы республика үшін жаңашылдығы;
жобаның өтелімділігі және өтімділігі;
жобаның экспортқа бағытталуы.
Тармақша 8
8) «Үздік экспортер кәсіпорын»:
жеткізіліп берілетін өнімдердің географиясы мен ассортименті;
шығарылатын өнімдердің, соның ішінде экспорт көлемінің серпіні;
экспортталатын өнімдерді түрақты жетілдіру жөніндегі жұмыстың деңгейі;
сапаның халықаралық сертификатының болуы.
Тармақша 9
9) «Халықтық -көркем кәсіпшілік саласындағы үздік кәсіпорын»:
өнімге авторлық құқықтың болуы;
халықаралық конкурстарға қатысуы және олардың атаулары;
халықтық-көркем кәсіпшіліктің дэстүрлерін тарату және оған оқыту.
Тармақша 10
10) «Үздік кәсіпкер әйел»
кәсіпкерліктегі басшы ретіндегі кызмет стажы шығарылатын өнімдер көлемдерінің серпіні;
жұмыспен қамтылғандар, оның ішінде әйелдер санының өсу серпіні;
жеке өмірін, кәсіпкерлік және коғамдык кызметті үштастыруы;
аймактык инфрақұрылымды дамытуға катысуы;
әйелдердің үлестік салмағы.
Басқа 53
Облыс әкімиятының
2003 жылғы «11» тамыздағы
№ 235 қаулысымен
БЕКІТІЛДІ
«Шағын және орта бизнес саласындағы жылдың үздік
кәсіпкерлері» жөніндегі конкурстық комиссияның құрамы
Ғилымов Самат Қуанышұлы
Ақтөбе облысы Әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Юсупова Рашида Әбілсағитқызы
кәсіпкерлікті қолдау басқармасы бастығы,
комиссия төрағасының орынбасары
Ювица Николай Владимирович
Облыс Әкімінің кеңесшсі
Оразалин Оңдасын Сейілұлы
«Облыстық сыртқы экономикалық байланыстар және инвестициялар жөніндегі басқармасы» ММ бастығы
Санатов Асылбек Теміргалиұлы
«Ақтөбе облысы бойынша фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту жөніндегі қауымдастық» ЗТБ төрағасы
Абдуллин Мырзатай Жолтайұлы
«Ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер және агробизнес Ақтөбе ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің президенті
Литовченко Владимир Арсентиевич
Облыстық ауыл шаруашылығы департаменті
директорының орынбасары
Мырхин Абай Исламұлы
«Бизнес- орталық» коғамдық қордың президенті
(келісім бойынша)
Марченко Анатолий Николаевич
Ақтөбе облысының кәсіпкерлер және жұмыс
берушілер Одағының атқарушы
директоры (келісім бойынша)
Назарбаева Сария Жұмабайқызы
Қазақстан іскер эйелдері ассоциациясы қоғамдық ұйымы Ақтөбе филиалының президенті
Серікбаев Мәлік Абдулұлы
«Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік қадағалау басқармасы» ММ бастығы