Об утверждении Правил размещения в публичном доступе информации, необходимой для обеспечения свободной смены продавца (поставщика) товара Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тауар сатушыны (берушіні) еркін ауыстыруды қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты жария қолжетімділікте орналастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 191-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Тауар сатушыны (берушіні) еркін ауыстыруды қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты жария қолжетімділікте орналастыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қаржы нарықтары және өзге салалар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі
Басқа 0. Тауар сатушыны (берушіні) еркін ауыстыруды қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты жария қолжетімділікте орналастыру қағидалары
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Төрағасы 2022 жылғы 26 сәуірдегі № 11 Бұйрығымен бекітілген Тауар сатушыны (берушіні) еркін ауыстыруды қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты жария қолжетімділікте орналастыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Тауар сатушыны (берушіні) еркін ауыстыруды қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты жария қолжетімділікте орналастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 191-1-бабына сәйкес әзірленді және тауар сатушыны (берушіні) еркін ауыстыруды қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты жария қолжетімділікте орналастыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Тауар деп Кодекстің 196-1- бабы 4-тармағының екінші бөлігіне сәйкес осы Қағидалардағы азаматтық айналым объектісі болып табылатын тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет түсініледі.
Тармақ 3
3. Нарық субъектісі тауар сатушыны (берушіні) еркін ауыстыруды қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты осы Қағидалардың 2-тарауында белгіленген тәртіппен орналастыруды қамтамасыз етеді.
Тарау 2. 2-тарау. Тауар сатушыны (берушіні) еркін ауыстыруды қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты жария қолжетімділікте орналастыру тәртібі
2-тарау. Тауар сатушыны (берушіні) еркін ауыстыруды қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты жария қолжетімділікте орналастыру тәртібі
Тармақ 4
4. Ақпаратты орналастыру оны нарық субъектісінің интернет-ресурсында жариялау арқылы қамтамасыз етіледі. Интернет-ресурс болмаған кезде ақпарат тауарды өткізу орнына еркін қолжетімділікте орналастырылады.
Тармақ 5
5. Орналастырылуы тиіс ақпараттың (бұдан әрі – ақпарат) тізбесі:
Тармақша 1
1) тауардың атауы;
Тармақша 2
2) техникалық, экономикалық және өзге де сипаттамаларды қоса алғанда, тауардың негізгі тұтынушылық қасиеттері туралы мәліметтер;
Тармақша 3
3) тауардың массасы, көлемі, саны, мерзімі және өзге де өлшенетін сипаттамалары;
Тармақша 4
4) тауардың құны;
Тармақша 5
5) тауар құнының жеңілдіктері мен өзге де азаюы, оларды ұсыну шарттары;
Тармақша 6
6) тауар құнына енгізілмеген, бірақ тауарды сатып алу кезінде қажетті қосымша үстемеақылар мен өзге де төлемдер;
Тармақша 7
7) тауарды сатып алу шарттары;
Тармақша 8
8) кепілдік мерзімінің болуы (болмауы), оны ұсыну шарттары;
Тармақша 9
9) тауардың дайындалған күні мен орны, шығарылған елі;
Тармақша 10
10) тауардың қызмет ету мерзімі және (немесе) жарамдылық мерзімі және (немесе) сақтау мерзімі;
Тармақша 11
11) сатушының (дайындаушының, орындаушының) атауы (фирмалық атауы), орналасқан жері (заңды мекенжайы), дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның (оның филиалының, өкілдігінің) орналасқан жері;
Тармақша 12
12) тауар берушінің ұқсас тауарды басқа берушілермен үлестес болуы;
Тармақша 13
13) тауар сатушыны (берушіні) еркін ауыстыруды қамтамасыз ету және оны тұтынушылардың тауарды саналы түрде таңдауын қалыптастыру үшін қажетті өзге де мәліметтер.
Тармақ 6
6. Тауар сатушыны (берушіні) еркін ауыстыруды қамтамасыз ету үшін қажетті ақпараттың тізбесіне сондай-ақ шартты бұзу талаптары, тәртібі жатады. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақпарат нарық субъектісі мен тұтынушы арасындағы шартта көзделуге тиіс.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, коммерциялық, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияға жататын ақпарат орналастыруға жатпайды.
Тарау 3. 3-тарау. Қорытынды ережелер
3-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 8
8. Тауар сатушыны (берушіні) еркін ауыстыруды қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты жария қолжетімділікте орналастырмау Кодекстің 191-1-бабына сәйкес тауар сатушыны (берушіні) ауыстыру кедергісін құру болып табылады. Тауар сатушыны (берушіні) ауыстыру кедергісін құру Кодекстің 177-бабына сәйкес жосықсыз бәсекелестікке жатады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.