Об областной экспертной комиссии по социально-политической рекламе Қолданыста
Басқа 0
Әлеуметтiк-саяси жарнама жөнiндегi облыстық сараптау комиссиясы туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына сәйкес, "Қазақстан-2030" Стратегиясы аясында әлеуметтiк-саяси жарнаманың сапасы мен тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Әлеуметтiк-саяси жарнама жөнiндегi облыстық сараптау комиссиясы (бұдан әрi Комиссия) құрылсын.
2. Мыналар:
қоса берiлiп отырған Комиссия туралы Ереже;
Комиссия құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
3. Облыс қалалары мен аудандарының әкiмдерi елдi мекендерде орналастыру үшiн жоспарланған сыртқы әлеуметтiк-саяси жарнамалардың идеологиялық мазмұны мәселелерiн Комиссиямен келiстiрсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Р.М. Жұмабековаға жүктелсiн.
Басқа 1. Әлеуметтiк-саяси жарнама жөнiндегi облыстық сараптау комиссиясының Ережесi
Облыс әкiмдiгiнiң
2003 жылғы 21 шілдедегі
"Әлеуметтiк-саяси жарнама
жөнiндегi облыстық
сараптау комиссиясы туралы"
161/6 қаулысымен
бекiтiлген
Әлеуметтiк-саяси жарнама жөнiндегi облыстық сараптау комиссиясының Ережесi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
1. Әлеуметтiк-саяси жарнама жөнiндегi облыстық сараптау комиссиясы (бұдан әрi Комиссия) тұрақты жұмыс iстейтiн орган болып табылады және жергiлiктi атқарушы органдардың сыртқы әлеуметтiк-саяси жарнамаларының жүйесiн реттеу және сапасын арттыру қызметiн үйлестiру үшiн облыс әкiмдiгiнiң қаулысымен құрылады.
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентi мен үкiметiнiң, облыс әкiмдiгi мен әкiмiнiң актiлерiн, басқа да нормативтiк-құқықтық актiлердi және осы Ереженi басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi, функциялары мен құқықтары
2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi, функциялары мен құқықтары
3. Мыналар:
1) көрнекi ресiмдеу құралдарын реттеу және сыртқы әлеуметтiк саяси жарнама сапасына бақылау жүйесiн қалыптастыру;
2) сыртқы әлеуметтiк-саяси жарнаманы жүйелi кешендi тексеру және талдау комиссияның негiзгi мiндеттерi болып табылады.
4. Мыналар:
1) облыс елдi мекендерiнде орналастырылған жарнама қалқандарына сараптама жүргiзу;
2) қоғамдық-саяси жарнамалардың жағдайы мен мазмұнына, оның жасалу сапасына бақылау жүйесiн қалыптастыру;
3) "Қазақстан-2030" Стратегиясы аясында әлеуметтiк-саяси жарнамалардың сапасы мен тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде ұсыныстар енгiзу комиссияның функциялары болып табылады.
5. Комиссия:
1) заңнамада белгiленген тәртiпте өзiне жүктелген функцияларды орындау үшiн қажеттi құжаттар мен материалдарды мемлекеттiк органдар мен басқа ұйымдардан сұратуға;
2) сыртқы әлеуметтiк-саяси жарнама сапасы мен мазмұнына бақылау жасауды жүзеге асыру нысаны мен тәртiбiн анықтауға;
3) әлеуметтiк-саяси жарнама жөнiндегi қалалық және аудандық комиссиялар қызметiн үйлестiруге және бақылауға;
4) заңнамада белгiленген тәртiпте өз мәжiлiстерiнде облыстық, қалалық және аудандық мемлекеттiк басқару органдарының сондай-ақ, сыртқы жарнама шығаруға мамандандырылған мекемелер, кәсiпорындар және түрлi меншiк нысанындаєы фирмалар басшыларын тыңдауға;
5) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын жергiлiктi атқарушы органдардың басшыларынан мазмұны мен эстетикалық жағынан сапасыз әлеуметтiк-саяси жарнамалар объектiлерiн алып тастауды, ауыстыруды талап етуге;
6) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының орындауы мiндеттi хаттамалық шешiмдер қабылдауға құқылы.
Тарау 3. 3. Комиссия қызметiн ұйымдастыру
3. Комиссия қызметiн ұйымдастыру
6. Комиссия төрағадан, оның орынбасары мен Комиссия мүшелерiнен тұрады.
7. Комиссия мәжiлiстерiн қажеттiлiгiне қарай кем дегенде үш айда бiр рет оның төрағасы өткiзедi. Комиссия мәжiлiстерi оның мүшелерiнiң жалпы санының үштен екiсi қатысқанда заңды болып табылады. Комиссия мүшелерiн оның мәжiлiстерiнде басқа адамдармен алмастыруға болмайды.
Комиссия шешiмдерi қатысушы мүшелерiнiң басым көпшiлiгiнiң дауыс беруiмен қабылданады.
Комиссия төрағасы хаттамалық шешiмдерге және басқа құжаттарға қол қояды, мәжiлiстерге енгiзiлетiн мәселелердi белгiлейдi, басқа ұйымдық-өкiмдiк функцияларды атқарады.
Мәжiлiстерге төраға қатыспаған жағдайда оның тапсыруымен орынбасары немесе Кеңестiң бiр мүшесi төрағалық қызмет атқарады.
8. Комиссияның қызметiн ұйымдық және ақпараттық қамтамасыз етудi облыс iшкi саясат департаментi жүзеге асырады.
Басқа 5. Әлеуметтiк-саяси жарнама жөнiндегi облыстық сараптау комиссиясының құрамы
Облыс әкiмдiгiнiң
2003 жылғы 21 шілдедегі
"Әлеуметтiк-саяси жарнама жөґнiндегi
сараптау комиссиясы туралы"
161/6 қаулысына
қосымша
Әлеуметтiк-саяси жарнама жөнiндегi облыстық сараптау комиссиясының құрамы
Жұмабекова
Рысты Мағауияқызы
- облыс әкiмiнiң орынбасары, төраға
Мананбаев
Жеңiс Исаұлы
- облыс бойынша ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасының бастығы, төрағаның орынбасары (келiсiм бойынша)
Комиссия мүшелерi:
Әбiкешова
Сәуле Серiкқызы
- облыс әкiмi аппараты мемлекеттiк-құқықтық бөлiмi меңгерушiсiнiң мiндетiн атқарушы
Ахметова
Күлжан Мұқышқызы
- облыс iшкi саясат департаментiнiѕ бастыєы
Артемьев
Вячеслав Михайлович
- "Сараптау және сертификаттау ұлттық орталығы" ААҚ Павлодар филиалының директоры (келiсiм бойынша)
Афанасьева Валерия Никандровна
- С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттiк университетi орыс филологиясы кафедрасының доцентi, педагогика ғылымдарының кандидаты (келiсiм бойынша)
Баймолдин
Қажыбек Камалұлы
- облыстық суретшiлер одағынығ төрағасы (келiсiм бойынша)
Жазин
Әмiр Нұрмұхамбетұлы
- облыстық ардагерлер кеңесiнiң төрағасы
Қабдуалиев
Марат Зейнекенұлы
- облыс сәулет және қала құрылысы департаментiнiң бастығы
Қанафина
Айым Мүкәрамқызы
- облыс мәдениет департаментiнiң бастығы
Лебедь
Вячеслав Дмитриевич
- Павлодар қаласы әкiмiнiң орынбасары
Нығматуллина Наталья Анатольевна
- облыс әкiмi баспасөз қызметiнiң басшысы