Об установлении ограничительных мероприятий на территории крестьянского хозяйства «Мелоян А.В.» поселка Сарыколь Сарыкольского района Костанайской области Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сарыкөл кентінің «Мелоян А.В.» шаруа қожалығы аумағында шектеу іс - шараларын белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Сарыкөл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 01-20/86 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сарыкөл кентіндегі «Мелоян А.В.» шаруа қожалығының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс – шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Сарыкөл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Сарыкөл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотия ошағында ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу үшін қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 3
3. «Сарыкөл кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Сарыкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 5
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысы санитариялық - эпидемиологиялық бақылау департаментінің Сарыкөл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекеме басшысы ______________ С. Ибраева 2022 жылғы «27» сәуір Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Сарыкөл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысы ___________ А. Молдахметова 2022 жылғы «27» сәуір