Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Тогызского сельского округа Шалкарского района Актюбинской области Күшін жойған
Басқа 0
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Тоғыз ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Тоғыз ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Тоғыз ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Төсбұлақ, Кеңдала ауылдарының және Тоғыз, Жылан, Көпмола стансаларының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Шалқар аудандық мәслихатының
2022 жылғы «28» сәуірдегі
№ 230 шешіміне 1 қосымша
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Тоғыз ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Тоғыз ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді және Тоғыз ауылдық округінің ауылдар тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
Тармақша 2
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны-ауылдық округтің тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
Тарау 2. 2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
Тармақ 3
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
Тармақ 5
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Тоғыз ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Тоғыз ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
Тармақ 7
7. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Тоғыз ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті учаскеден қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы учаскеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Тармақ 9
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Тоғыз ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Тоғыз ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
Тармақ 10
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын аудандық мәслихат бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.
Тармақ 11
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 12
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Тоғыз ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.
Басқа 21
Шалқар аудандық мәслихатының
2022 жылғы «28» сәуірдегі
№ 230 шешіміне 2 қосымша
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Тоғыз ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Төсбұлак, Кеңдала ауылдарының және Тоғыз, Жылан, Көпмола стансаларының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
№
Елді мекеннің атауы
Жергілікті қоғамдастық
жиынына қатысу
үшін өкілдерінің
саны (адам)
1.
Тоғыз ауылдық округінің Тоғыз стансасының Толағай көшесі тұрғындары үшін
1
2.
Тоғыз ауылдық округінің Тоғыз стансасының Теміржолшылар көшесі тұрғындары үшін
1
3.
Тоғыз ауылдық округінің Тоғыз стансасының Тәуелсіздік көшесі тұрғындары үшін
1
4.
Тоғыз ауылдық округінің Төсбұлақ ауылының тұрғындары үшін
1
5.
Тоғыз ауылдық округінің Жылан стансасының тұрғындары үшін
1
6.
Тоғыз ауылдық округінің Кеңдала ауылының тұрғындары үшін
1
7.
Тоғыз ауылдық округінің Көпмола стансасының тұрғындары үшін
1
Барлығы:
7