Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей города для участия в сходе местного сообщества города Шалкар Шалкарского района Актюбинской области Күшін жойған
Басқа 0
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін қала тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін қала тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Шалқар аудандық мәслихатының
2022 жылғы «28» сәуірдегі
№ 220 шешіміне 1 қосымша
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді және Шалқар қаласының тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
Тармақша 2
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны–қала тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
Тарау 2. 2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
Тармақ 3
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін қаланың аумағы учаскелерге ( көшелер) бөлінеді.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
Тармақ 5
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Шалқар қаласының әкімі шақырады және ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Шалқар қаласының әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
Тармақ 7
7. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Шалқар қаласының әкімі ұйымдастырады.
Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті көшенің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы көшеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Тармақ 9
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Шалқар қаласының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Шалқар қаласының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
Тармақ 10
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін қала тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын аудандық мәслихат бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.
Тармақ 11
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 12
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Шалқар қаласы әкімінің аппаратына беріледі.
Басқа 21
Шалқар аудандық мәслихатының
2022 жылғы «28» сәуірдегі
№ 220 шешіміне 2 қосымша
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін қала тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
№
Көшелердің атауы
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерінің саны (адам)
1.
Шалқар қаласының О.Құлетов, Жилкооперация, Ж. Таушанов, 1 Мамыр, Батақтың Сарысы, Жамбыл, Абай, Алтынсарин, С. Маманов, Жылқаман батыр көшелері тұрғындары үшін
2
2.
Шалқар қаласының М. Әуезов, Т. Ахтанов, Байқазақ батыр,
Амангелді, Достан би, Е. Ерімбетов көшелері тұрғындары үшін
2
3.
Шалқар қаласының В.Цеханович, Е.Батырғарин, И. Доценко, Ә. Жангелдин, Мамай Достанұлы көшесі, Қыз Жібек, Т. Жалмағанбетов, Қарашоқат, Шілікті, Тұмалыкөл, Шуақ көшелері тұрғындары үшін
2
4.
Шалқар қаласының Ы. Карагулин, З. Мұстафин, Питомник, Арал, Мөңке би, С. Жаманқұлов, Шоқысу көшелері тұрғындары үшін
2
5.
Шалқар қаласының Г.Резванов, Т.Алдияров, Ә. Биекенов, Ю. Гагарин, Ә. Мұңайтбасұлы, Москва, Д. Үмбетжанұлы, Ақтөбе, Жаңа, И. Тұрғанбаев, Құлқай ата, Ораз би Тәтеұлы, Е. Ниязов, Ұлы Борсық, Мұзбел көшелері тұрғындары үшін
2
6.
Шалқар қаласының Жаңа құрылыс, Өртшілер, Тоқымашылар, Желтоқсан, Мырзығұл Шыманұлы, Г. Титов, Электр, Ульянов, Достық, Борсық көшелері тұрғындары үшін
2
7.
Шалқар қаласының Т. Шойғарин, Ш. Рафиков, Н. Қобландин, Ө. Сейітов, Т. Бисенов, Қара өткел көшелері тұрғындары үшін
2
8.
Шалқар қаласының Әйтеке би, Қ. Ақшолақов, Мәуміт батыр, Ж. Жармағамбетов, Достық, Көл, Клуб, І. Үргенішбаев, Ә. Молдағұлова көшелері тұрғындары үшін
2
9.
Шалқар қаласының Қ. Қонақбайұлы, Ақтан Ақайұлы, Бейбітшілік, Есет Көтібарұлы, Көл жағалауы, Қазанғап, Н. Юсупов, Ж. Дүйісов, Бақ, А. Жұбанов, Т. Көшербаев, Оңтүстік көшелері тұрғындары үшін
2
10.
Шалқар қаласының Ұран Бақтыбай, Т.Басенов, Алшын Қаражігіт би, Б. Сүлейменов, М. Сыдықұлы, Ж. Мекебаев, Н. Жақсыбаев, Е. Жаңбыршин, Ә. Төлегенов, Ә. Құрманов, Мектеп, Космонавттар, М. Мамедова көшелері тұрғындары үшін.
2
11.
Шалқар қаласының А.Тихонов, Дала, Шетырғыз, Өнер, Талдықұм, Ә. Байсалбаев, Жастар, Өндіріс, Солтүстік шоссе, Ы. Нұртаев, Құрманғазы, Елтезер, Жәлімбет, Х. Есбосынов, Энергетиктер, Кіші, Н. Кенжебаев, Н. Тәжібаев, Сазтөбе көшелері тұрғындары үшін
2
12.
Шалқар қаласының Көкжиде, Сарықамыс көшелері тұрғындары үшін
1
13.
Шалқар қаласының Тағыберген Жамашұлы, Жеңіске 40 жыл, О. Ақжанов, Еңбек, С.Боранбайұлы, Д. Қалағанов, Бостандық, Байланыс, Ү. Адилшинов, Ақирек, Наурыз, Ынтымақ, Аяққұм, Ы. Абдуллин, Мәдениет, Т. Жұмағалиев, Қазақай Ахун, Ерназар Бекет, Б. Тұңғатаров, Ә. Жанаманов, Ағайынды Қалжановтар, Қ. Сәлпенов, Ж.Қабақбаев, М. Қадыров, Е. Жоламанов, Қ. Қаратайұлы, Жанұзақовтар көшелері тұрғындары үшін
2
Барлығы
25