Об утверждении Положения и регламента согласительной комиссии Күшін жойған
Басқа 0
Келісу комиссиясының ережесі мен регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 428 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі туралы ереженің 15-тармағының 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Келісу комиссиясы туралы ереже;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Келісу комиссиясы туралы регламент бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі-Агенттік) Тергеп-тексерулер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберу;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 1. Келісу комиссиясы туралы ереже
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту
агенттігі төрағасының 2022 жылғы
« » мамырдағы № бұйрығына
1 - қосымша
Келісу комиссиясы туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Келісу комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындылардың жобаларын отырысқа шақыра отырып, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу фактілерінің толықтығы мен оларда келтірілген дәлелдемелерінің сапасы тұрғысынан қарау мақсатында тергеп-тексеруге қатысатын тұлғаларды отырысқа шақыра отырып, құрылды.
Тармақ 2
2. Комиссия монополияға қарсы орган жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 3
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, осы Ережені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
Тарау 2. 2-тарау. Комиссияның Функциялары
2-тарау. Комиссияның Функциялары
Тармақ 4
4. Комиссияның Функциялары:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру қорытындылары бойынша қорытындылардың жобаларын олардың толықтығы және оларда келтірілген бұзушылық фактілері дәлелдемелерінің толықтығы мен сапасы тұрғысынан қарау;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру қорытындылары бойынша қорытынды жобасын қарау нәтижелері бойынша ескертулер мен ұсынымдар енгізу және тергеп-тексеруді жүргізетін лауазымды адамға (лауазымды адамдарға) жұмыс үшін жіберу;
Тармақша 3
3) тергеп-тексеруді жүргізетін лауазымды адамның (лауазымды адамдардың) дәлелді қорытындысын қарау;
Тармақша 4
4) дәлелді қорытындыны қарау нәтижелері бойынша тергеп-тексеру жүргізетін лауазымды адамға (лауазымды адамдарға) ескертулер мен ұсынымдар енгізу.
Тарау 3. 3-тарау. Комиссияның құқықтары
3-тарау. Комиссияның құқықтары
Тармақ 5
5. Комиссия өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) Комиссия құзыретінің мәселелері бойынша мемлекеттік органдардан, қоғамдық бірлестіктерден, қауымдастықтардан (одақтардан) сарапшыларды, тиісті бейіндегі мамандарды өтеусіз негізде тартуға;
Тармақша 2
2) Комиссияға жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Тарау 4. 4-тарау. Комиссияның қызметі
4-тарау. Комиссияның қызметі
Тармақ 6
6. Монополияға қарсы органның басшысы, басшының орынбасары немесе монополияға қарсы органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы Комиссияның төрағасы бола алады.
Тармақ 7
7. Комиссия отырысы, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса, заңды деп есептеледі.
Тармақ 8
8. Комиссияның құрамын жауапты құрылымдық бөлімше қалыптастырады және монополияға қарсы орган басшысының шешімімен бекітіледі.
Тармақ 9
9. Комиссия мүшелерінің саны жеті адамнан аспауға тиіс.
Тармақ 10
10. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды.
Тармақ 11
11. Комиссия шешімі Комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады. Тергеп-тексеру қорытындылары бойынша түпкілікті шешімді тергеп-тексеруді жүргізетін лауазымды адам (адамдар) дербес қабылдайды.
Тармақ 12
12. Комиссия қорытындылары туралы хаттамаға комиссия төрағасы мен комиссия хатшысы қол қояды.
Басқа 2. Келісу комиссиясының регламенті
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту
агенттігі төрағасының 2022 жылғы
« » мамырдағы № бұйрығына
2 - қосымша
Келісу комиссиясының регламенті
Тармақ 1
1. Келісу комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) өз қызметін 2015 жылғы 25 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, келісу комиссиясы туралы Ережеге және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Комиссиясының төрағасы Комиссия отырысының уақыты мен күнін белгілейді.
Тармақ 3
3. Комиссия тергеп-тексеру объектісінің монополияға қарсы орган немесе оның аумақтық бөлімшесіне тергеп-тексеру аяқталған күнге дейін күнтізбелік жиырма күннен аз мерзімде берілген өтініштерін қарамайды.
Тармақ 4
4. Комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – жұмыс органы) монополияға қарсы органның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Тармақ 5
5. Тергеп-тексеруді жүргізетін лауазымды адамның (лауазымды адамдардың) анықтамасы, тергеп-тексеру объектісі (- лері) өтінішінің көшірмесі, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындының жобасы Комиссия отырысы өткізілетін күнге дейін екі жұмыс күнінен кешіктірілмей Комиссия мүшелеріне жеткізіледі.
Тармақ 6
6. Комиссия отырысы Комиссия төрағасының кіріспе сөзінен кейін ашық деп есептеледі.
Тармақ 7
7. Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы болған кезде комиссия отырысы өтті деп есептеледі.
Тармақ 8
8. Комиссияның әрбір мүшесінің, лауазымды адамның және тергеп-тексеру объектісінің (сондай-ақ олардың өкілдерінің) сөз сөйлеуіне 5 (бес) минуттан аспайтын уақыт бөлінеді. Бұл шектеу Комиссия төрағасына қолданылмайды.
Тармақ 9
9. Комиссияның шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады.
Тармақ 10
10. Тек Комиссия мүшелерінің дауыс беру құқығы бар.
Тармақ 11
11. Комиссияның әрбір мүшесінің бір ғана дауысы болады.
Тармақ 12
12. Дауыстар тең болған жағдайда түпкілікті шешімді Комиссия төрағасы қабылдайды.
Тармақ 13
13. Комиссия мүшелері өз функцияларын жүзеге асыру кезінде алған коммерциялық, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпарат жария етуге жатпайды.
Тармақ 14
14. Коммерциялық, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария еткені үшін комиссия мүшелері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылықта болады.
Тармақ 15
15. Комиссия отырысының нәтижелері қажет болған жағдайда қажетті құжаттарды қоса бере отырып, хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 16
16. Комиссияның отырысының хаттамасында Комиссияның құрамы, тергеп-тексеру объектісі (лері), шақырылған адамдар, оның отырысының орны, уақыты мен күні, Комиссия мүшелерінің айтылған ұстанымдары, сондай-ақ шақырылған сарапшылар болған кезде олардың пікірлері көрсетіледі.
Тармақ 17
17. Комиссияның отырысының хаттамасына Комиссия төрағасы мен хатшысы қол қояды, тергеп-тексеру объектісінің және тергеп-тексеруді жүргізетін лауазымды адамның (лауазымды адамдардың) назарына жеткізіледі, сондай-ақ Комиссияның мүшелеріне: қолма-қол не электрондық поштаға немесе мессенджерлер арқылы жіберіледі.
Тармақ 18
18. Комиссияның ескертулерімен және ұсынымдарымен келіспеген жағдайда тергеп-тексеруді жүргізетін лауазымды адам (лауазымды адамдар) комиссияның қарауына жататын дәлелді қорытындыны қалыптастырады.
Тармақ 19
19. Дәлелді қорытындыны қарау нәтижелері бойынша Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді және лауазымды адамның (лауазымды адамдардың) назарына жеткізіледі.
Тармақ 20
20. Дәлелді қорытындыны қарау нәтижелері бойынша комиссия шешімі ұсынымдық сипатта болады.
Тармақ 21
21. Тергеп-тексеру қорытындылары бойынша түпкілікті шешімді лауазымды адам (адамдар) дербес қабылдайды.
Тармақ 22
22. Комиссияның материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды Комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.