Об утверждении положений о государственных учреждениях акимата района Беимбета Майлина и аппаратов акимов сельских округов, сел, поселка района Беимбета Майлина, о внесении изменения в правовой акт индивидуального применения, об отмене актов индивидуального применения Күшін жойған
Басқа 0
Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелері туралы және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының ережелерін бекіту туралы, жеке-дара қолданылатын құқықтық актіге өзгеріс енгізу туралы, жеке-дара қолданылатын құқықтық актілерін жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабына, «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабына, «Мемлекеттік органдардың және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарын қайта атау туралы» Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 11 шілдедегі № 163 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулы 2-тармағының 2), 3), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) тармақшалары жойылсын.
Тармақ 2
2. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 24 тамыздағы № 187 қаулысы жойылсын.
Тармақ 3
3. «Бейімбет Майлин ауданының ауылдық округ, ауыл, кент аппараттарының ережелерін бекіту туралы» Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 11 шілдедегі № 166
қаулысы жойылсын.
Тармақ 4
4. «Белинский ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережесін бекіту туралы» Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 4 қаулысы жойылсын.
Тармақ 5
5. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге өзгерістер енгізу туралы» Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 61 қаулысы жойылсын.
Тармақ 6
6. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге өзгеріс енгізу туралы» Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 13 қарашадағы № 303 қаулысы жойылсын.
Тармақ 7
7. «Калинин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережесін бекіту туралы» Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 10 қаңтардағы № 5 қаулысы жойылсын.
Тармақ 8
8. Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелері туралы және Бейімбет Майлин ауданы ауылдық округтері,
Тобыл кенті
әкімдері аппараттарының осы қаулыға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19 қосымшаларына сәйкес ережелері бекітілсін.
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулыға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19 қосымшаларында көрсетілген мемлекеттік мекемелері:
Тармақша 1
1) осы қаулыны аумақтық әділет органдарда мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін, осы қаулының қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрдегі көшірмесін қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Қостанай облысы бойынша филиалына жіберуді;
Тармақша 3
3)
осы қаулыны оны ресми жарияланғанынан кейін қол қойылған күнінен бастап және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Қостанай облысы бойынша
филиалына жіберілген күнінен кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды
қамтамасыз етсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау «Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
Тармақ 11
11. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 15. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 19 сәуірдегі
№ 128 қаулысымен
бекітілген
«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережесі
1-тарау. Жалпы ережесі
Тармақ 1
1. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - экономика және қаржы бөлімі) экономикалық саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік жоспарлау, бюджетті орындау, ауданның коммуналдық мүлкін басқару және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Экономика және қаржы бөлімі ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Экономика және қаржы бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Экономика және қаржы бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Экономика және қаржы бөлімі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Экономика және қаржы бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Экономика және қаржы бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Экономика және қаржы бөлімі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111700, Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Әйет ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 53.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Экономика және қаржы бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Экономика және қаржы бөлімінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Экономика және қаржы бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен функциялары болып табылатын міндеттерді Экономика және қаржы бөлімі орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Экономика және қаржы бөліміне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) экономика саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;;
Тармақша 2
2) бюджеттік жоспарлау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 3
3) өңірлік даму саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 4
4) коммуналдық мүлікті басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 5
5) аудандық мәслихат шешімімен бекітілген, ақшалай қаржы шегіндегі бюджеттік бағдарламалардың кіріс және шығыс бойынша толық және уақытында орындалуына жіберілген іс-шараларды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Құқықтары:
Тармақша 1
1) бөлімге жүктелген тапсырмалар мен функцияларды орындау үшін белгіленген тәртіпте аудан аймағында орналасқан олардың ведомстволық жағдайы мен меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындар, мекемелерден, селолық округ әкім аппараттарынан қажетті ақпараттарды алуға;
Тармақша 2
2) өз құзыреті шегінде құқықтық актілерді шығаруға;
Тармақша 3
3) аудан әкімдігіне әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізу;
Тармақша 4
4) жергілікті атқарушы органдардың шешімдері бойынша секвестр тағайындалатын бюджеттік бағдарлама (шағын бағдарлама) бойынша төлемдердің төленуін тоқтатуға;
Тармақша 5
5) істерді айқындау және көмек көрсету үшін жергілікті жердегі басқа да бөлімдердің мамандарын тарту;
Тармақша 6
6) экономика және қаржы бөлімінің құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтер бөлігінде жеке тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 7
7) сот органдарында "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асырады.
Міндеттері:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға ақпараттық-талдау материалдарын дайындау және ұсыну;
Тармақша 2
2) көрсетілетін мемлекеттік қызметтің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) Бейімбет Майлин ауданының аумағын даму бағдарламасын әзірлейді;
Тармақша 2
2) Бейімбет Майлин ауданының аумағын даму бағдарламасына мониторинг жүргізеді;
Тармақша 3
3) «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппаратарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызметін көрсету;
Тармақша 4
4) облыстың әлеуметтік – экономикалық даму болжамын есептегенде жергілікті бюджетке түсімдерді болжамдайды;
Тармақша 5
5) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығындарының шектелімін (лимиттерін), облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжалдық көрсеткіштері негізінде жаңа бастамалар шектелімін, бюджеттік қаражаттарды шығындаудың басым бағыттарын, жоспарлы кезеңге аудан бюджеті тапшылығының мөлшерін анықтау;
Тармақша 6
6) бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының бюджеттік заңнамаларға сәйкестігін қарастыру, бюджеттік өтінімдер және бюджеттік бағдарламалар жобалары бойынша қорытынды шығару және оларды қарастыру үшін Таран ауданының бюджеттік комиссиясына жіберу;
Тармақша 7
7) үш жылдық мерзімге аудан бюджеттінің жобасын құрастыру және тиісті қаржылық жылға бюджетті нақтылау, түзету жасау бойынша ауданның бюджеттік комиссиясының қарастыруына ұсыныс енгізу;
Тармақша 8
8) бюджеттік мониторингін жүзеге асыру;
Тармақша 9
9) жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың эконогмикалық қорытындыларын, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар анықтайтын заңды тұлғалардың экономикалық сараптау қорытындысы негізінде, дамуға арналған нысаналы трансферттер мен республикалық бюджеттен кредиттер есебінен қаржыландыруға жоспарланатын жобаларды әзірлеу;
Тармақша 10
10) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобаларын қарастыру және олар бойынша экономикалық қорытынды жіберу;
Тармақша 11
11) жергілікті бюджет қаражаты есебінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жүзеге асыруға жоспарланып отырған бюджеттік инвестициялардың экономикалық сараптамасын жасау;
Тармақша 12
12) өз құзіреті шегінде аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласында реттейтін қатынас нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
Тармақша 13
13) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалға (жалдауға), сенімгерлік басқаруға береді;
Тармақша 14
14) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастырады;
Тармақша 15
15) сенімгерлікпен басқарушының аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 16
16) аудандық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын әзірлеу мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 17
17) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мүліктік жалдау (жалға беру) келісімшартының немесе сенімді басқару шарттарын орындауларына бақылау жасау;
Тармақша 18
18) егер Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңымен басқасы қарастырылмаса, тиісті саланың өкілетті органдарымен келісім бойынша мемлекеттік мекемеге тіркелген мүлікті алу немесе оны басқа да мемлекеттік заңды тұлғалар арасында қайта бөлу;
Тармақша 19
19) мемлекеттік мүлікті коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың бір деңгейінен келесісіне беру туралы шешім қабылданғаннан кейін тапсыратын және қабылдайтын тараптардың өкілетті лауазымды тұлғаларының қолдары қойылған өткізу актін бекіту;
Тармақша 20
20) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы болады, уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесі бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асырады;
Тармақша 21
21) тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге ұсынған тапсырмасын қарайды;
Тармақша 22
22) тапсырыс беруші ұсынған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырма негізінде конкурстық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 23
23) конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;
Тармақша 24
24) конкурстық комиссияның құрамын айқындайды және бекітеді;
Тармақша 25
25) мемлекеттік сатып алу веб-порталына мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыру орналастырады;
Тармақша 26
26) конкурстық құжаттаманың ережесін түсіндіреді;
Тармақша 27
27) мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына және (немесе) конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігіне конкурстық құжаттаманы алған тұлғалардың тізіліміне енгізілген тұлғалардан тапсырыс берушінің ұсыныстарын және ескертулерін жолданады;
Тармақша 28
28) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның басшысының мәртебесі және өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік органның басшысының мәртебесі және өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Экономика және қаржы бөлімі басшылықты Экономика және қаржы бөлімі мекемеде жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Экономика және қаржы бөлімінің басшысын Бейімбет Майлин аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 18
18. Экономика және қаржы бөлімінің басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
Тармақ 19
19. Экономика және қаржы бөлімі басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) экономика және қаржы бөлімінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;
Тармақша 2
2) орынбасар мен басқа да қызметкерлердің өкілеттігі мен міндеттерін айқындайды;
Тармақша 3
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы бойынша қабылдамаған шараларға жеке жауапкершілік атқарады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес экономика және қаржы бөлімінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жазалар салады;
Тармақша 6
6) Экономика және қаржы бөлімінің қызметкерлеріне орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 7
7) Экономика және қаржы бөлімінің құрылымын бекітеді;
Тармақша 8
8) секторлар туралы ережелерді және экономика және қаржы бөлімі қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Тармақша 9
9) өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Экономика және қаржы бөлімі басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы басшының бұйрығымен сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Басшы өз орынбасарының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. Экономика және қаржы бөлімі Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңымен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Экономика және қаржы бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Экономика және қаржы бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңымен көзделмесе, Экономика және қаржы бөлімі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей түсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Экономика және қаржы бөлімінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.