Об изменении и установлении границы города Каратау Қолданыста
Басқа 0
Қаратау қаласының шекарасын өзгерту және белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"
Заңының
6 бабы 1-ші тармағы 4-ші тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"
Заңының
11 бабына,
"Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің
" 108 бабының 4-ші тармағына сәйкес, 2003 жылғы 7 шілдедегі Талас аудандық мәслихаты мен Талас ауданы әкімінің бірлескен шешімін қарастыра отырып облыстық мәслихат пен облыс әкімияты ШЕШIМ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қосымша берілген сызбаға сәйкес 953,5 гектар алаңды алатын "Қазфосфат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы "Қаратау" тау-өңдеу кешенінің "Молодежный" кеніші қала аумағынан шығарылып және 243 гектар алаңды алатын "Ақшұқыр" тұрғын үй кеңістігі қала аумағына енгізіліп Қаратау қаласының шекарасы өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Облыстық жер ресурстарын басқару комитетіне жер-есептеу құжаттамасына өзгерістер енгізуге рұқсат берілсін.