Аз қамтамасыз етілген азаматтардың жеке басының куәлігін құжаттауды қалпына келтіруде материалдық көмек көрсету Қағидасын бекіту туралы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.07.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аз қамтамасыз етілген азаматтардың жеке басының куәлігін құжаттауды қалпына келтіруде материалдық көмек көрсету Қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік жағынан қорғау туралы", Қазақстан Республикасының Заңдарын жүзеге асыру шаралары туралы" Заңның 44 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі N 246-ІІ "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңға сәйкес, қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес аз қамтамасыз етілген азаматтардың жеке басының куәлігін құжаттауды қалпына келтіруде материалдық көмек көрсету Қағидасы бекітілсін. (Қосымша бірге тіркеледі).
Тармақ 2
2. Қала әкімі (Ж.И. Ибаділдин), қалалық қаржы бөлімі (Мұхамбедин А.А.), қалалық еңбек және әлеуметтік көмек көрсету бөліміне (Мырзаханов Б.М.) аз қамтамасыз етілген азаматтардың жеке басының куәлігін құжаттауды қалпына келтіруде материалдық көмек тағайындалып, төлеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қалалық еңбек және әлеуметтік көмек көрсету бөлімі (Мырзаханов Б.М.) шешім әділет органынан тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Тармақ 4
4. Шешімнің орындалу барысын бақылау әлеуметтік мәдениет жүйесі, адам құқығы мен тәртіп сақтау мәселесі бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін.
Басқа 5
"Аз қамтамасыз етілген азаматтардың жеке басының куәлігін құжаттауды қалпына келтіруде материалдық көмек көрсету Қағидасын бекіту туралы" Қалалық мәслихаттың 2003 жылғы 15 шілдедегі N 30/392 шешіміне N 1 қосымша бекітілген Аз қамтамасыз етілген азаматтардың жеке басының куәлігін құжаттауды қалпына келтіруде материалдық көмек көрсету Қағидасы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер.
1. Жалпы ережелер.
Тармақ 1
1. Қағида "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ, "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік жағынан қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы N 692-XІІ 44-бабын, "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі N 1063 Қаулысы бойынша бекітілген Қазақстан Республикасының халықты тіркеу және құжаттау қағидасына сәйкес әзірленген.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының тұрақты мекені бар табысы кедейшілік деңгейінен аспайтын аз қамтамасыз етілген азаматтардың жеке басының куәлігін құжаттауға және қалпына келтіруге материалдық көмек алуына, соның ішінде 1, 2, 3 топтағы мүгедектер қолдануға құқылы.
Тармақ 3
3. Аз қамтамасыз етілген азаматтардың жеке басының куәлігін құжаттауға және қалпына келтіруге материалдық көмек көрсету үшін қаражат бөлу қалалық бюджеттен қарастырылады және қалалық маслихат сессиясында бекітіледі.
Тарау 2. 2. Аз қамтамасыз етілген азаматтардың жеке басының куәлігін құжаттау және қалпына келтіруде материалдық көмек төлеу тәртібі.
2. Аз қамтамасыз етілген азаматтардың жеке басының куәлігін құжаттау және қалпына келтіруде материалдық көмек төлеу тәртібі.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесіне сәйкес, жеке куәліктер, үшін:
Тармақша 1
1. Қазақ ССР азаматының ескі-үлгідегі паспорты.
Тармақша 2
2. Мерзімі өткен жеке басының куәлігі.
Тармақ 5
5. Аз қамтамасыз етілген азаматтардың жеке басының куәлігін құжаттау және қалпына келтіруге материалдық көмек алу үшін, өтініші еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөліміне тапсырылды.
Тармақ 6
6. Еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімі аз қамтамасыз етілген азаматтардың өтініштерін тіркеп және оны қалалық қаржы бөліміне жеке категориялы азаматтардың жеке басының куәлігін құжаттау және қалпына келтіруге әлеуметтік төлеу қажеттігін растап тізім жібереді.
Тармақ 7
7. Қалалық қаржы бөлімі әлеуметтік төлеу қаражатын еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөліміне қажеттігіне сәйкес аударады. Түскен қаражат азаматтардың жеке басының куәлігін құжаттау және қалпына келтіру үшін миграция полициясы есеп шотына жібереді.
Тармақ 8
8. Еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімі мен миграциялық полициясы аз қамтамасыз етілген азаматтардың жеке басының куәлігін дайындау (қайта жазу) ең қысқа мерзімде ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді.
Тарау 3. 3. Материалдық көмекті пайдалану жауапкершілік пен бақылау.
3. Материалдық көмекті пайдалану жауапкершілік пен бақылау.
Тармақ 9
9. Аз қамтамасыз етілген азаматтардың материалдық көмек алуы, жауапкершілігі және бақылауы еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөліміне жүктеледі.