Об утверждении Правил о порядке проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества на территории Бурлинского района Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бөрлі ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидасын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабына сәйкес Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің 1 - қосымшасына сәйкес Бөрлі ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес Бөрлі ауданының аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Бөрлі аудандық мәслихатының «Бөрлі ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидасын бекіту туралы» 2014 жылғы 27 ақпандағы №18-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №78412 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Бөрлі ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидалары
Бөрлі аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 сәуірдегі 17-17 шешіміне 1-қосымша Бөрлі ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және Бөрлі ауданының аумағында ауыл, кент, ауылдық округ, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
Тармақша 2
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
Тарау 2. 2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
Тармақ 3
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
Тармақ 5
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Ақсай қаласының әкімі, ауылдық округтің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Ақсай қаласының әкімі, ауылдық округтің әкімі жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары, жергілікті атқарушы органдардың ресми интернет ресурстары арқылы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
Тармақ 7
7. Ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Ақсай қаласының әкімі, ауылдық округ әкімі ұйымдастырады. Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың, шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, шағын ауданда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Тармақ 9
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Ақсай қаласының әкімі, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады. Ақсай қаласының әкімі, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
Тармақ 10
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Бөрлі ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.
Тармақ 11
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 12
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол тиісті Ақсай қаласы әкімінің аппаратына, ауылдық округ әкімінің аппаратына беріледі.
Басқа 22. Бөрлі ауданының Ақсай қаласы және ауылдық округтері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін қала мен ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Бөрлі аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 сәуірдегі №17-17 шешіміне 2-қосымша Бөрлі ауданының Ақсай қаласы және ауылдық округтері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін қала мен ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Тармақ 1
1. Бөрлі ауданы Ақсай қаласының тұрғындары үшін 31 өкіл, оның ішінде: Ақсай қаласы – 31 өкіл.
Тармақ 2
2. Бөрлі ауданы Ақбұлақ ауылдық округінің тұрғындары үшін 15 өкіл, оның ішінде: Ақбұлақ ауылы – 15 өкіл.
Тармақ 3
3. Бөрлі ауданы Ақсу ауылдық округінің тұрғындары үшін 14 өкіл, оның ішінде: Ақсу ауылы – 11 өкіл; Жаңақоңыс ауылы - 3 өкіл.
Тармақ 4
4. Бөрлі ауданы Бөрлі ауылдық округінің тұрғындары үшін 25 өкіл, оның ішінде: Бөрлі ауылы – 23 өкіл; Масайтөбе ауылы - 2 өкіл.
Тармақ 5
5. Бөрлі ауданы Бумакөл ауылдық округінің тұрғындары үшін 11 өкіл, оның ішінде: Бумакөл ауылы – 6 өкіл; Облавка ауылы - 4 өкіл; Утвинка ауылы – 1 өкіл.
Тармақ 6
6. Бөрлі ауданы Достық ауылдық округінің тұрғындары үшін 13 өкіл, оның ішінде: Достық ауылы – 13 өкіл.
Тармақ 7
7. Бөрлі ауданы Жарсуат ауылдық округінің тұрғындары үшін 21 өкіл, оның ішінде: Жарсуат ауылы -17 өкіл; Димитрово ауылы- 2 өкіл; Қарашығанақ ауылы- 2 өкіл.
Тармақ 8
8. Бөрлі ауданы Канай ауылдық округінің тұрғындары үшін 9 өкіл, оның ішінде: Канай ауылы - 7 өкіл; Дәниләкөл - 2 өкіл.
Тармақ 9
9. Бөрлі ауданы Кеңтүбек ауылдық округінің тұрғындары үшін 16 өкіл, оның ішінде: Кеңтүбек ауылы - 14 өкіл; Бақтыарал ауылы – 2 өкіл.
Тармақ 10
10. Бөрлі ауданы Қарағанды ауылдық ауылдық округінің тұрғындары үшін 15 өкіл, оның ішінде; Қарағанды ауылы -15 өкіл.
Тармақ 11
11. Бөрлі ауданы Қарақұдық ауылдық округінің тұрғындары үшін 7 өкіл, оның ішінде: Қарақұдық ауылы –7 өкіл.
Тармақ 12
12. Бөрлі ауданы Приурал ауылдық округінің тұрғындары үшін 11 өкіл, оның ішінде: Приурал ауылы –11 өкіл.
Тармақ 13
13. Бөрлі ауданы Пугачев ауылдық округінің тұрғындары үшін 19 өкіл, оның ішінде: Пугачев ауылы –17 өкіл; Бесағаш ауылы - 1 өкіл; Пепел ауылы – 1 өкіл.
Тармақ 14
14. Бөрлі ауданы Успен ауылдық округінің тұрғындары үшін 18 өкіл, оның ішінде: Успен ауылы –11 өкіл; Жаңаталап ауылы -5 өкіл; Қаракемер ауылы – 2 өкіл.