Об утверждении Правил и срока реализации пилотного проекта по передаче банками второго уровня сведений о денежных расчетах, осуществляемых при реализации товаров, выполнении работ и оказании услуг в органы государственных доходов Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Екінші деңгейдегі банктердің тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына беру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабы 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Екінші деңгейдегі банктердің тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын, ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына беру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық 2022 жылғы 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс және 2023 жылғы 31 желтоқсаннан бастап өз қолданысын тоқтатады.
Басқа 0. Екінші деңгейдегі банктердің тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын, ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына беру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімі
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Қаржы министрінің
2022 жылғы 4 мамырдағы
№ 467 Бұйрықпен
бекітілген
Екінші деңгейдегі банктердің тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын, ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына беру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Екінші деңгейдегі банктердің тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын, ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына беру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімі (бұдан әрі – Пилоттық жоба) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 68-бабы 1-1-тармағына сәйкес әзірленді және:
Тармақша 1
1) Пилоттық жобаға қатысушыларды;
Тармақша 2
2) Пилоттық жобаға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін;
Тармақша 3
3) Пилоттық жобаны іске асыру тәртібі мен мерзімін айқындайды.
Тармақ 2
2. Пилоттық жоба екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – ЕДБ) тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету кезінде салық төлеушілер жүзеге асыратын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына тегін негізде беруді көздейді.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ақшалай есеп айырысулар – қолма-қол ақша және (немесе) төлем карточкаларын және (немесе) мобильдік төлемдерді пайдалана отырып есеп айырысулар арқылы тауарды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін жүзеге асырылатын есеп айырысулар;
Тармақша 2
2) мобильдік төлемдер – дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның, жеке практикамен айналысатын адамның, заңды тұлғаның пайдасына тауарды сатып алғаны, жұмыстарды орындағаны, қызметтерді көрсеткені үшін ақы төлеуге электрондық нысанда бастамашылық жасалған, мобильдік қосымша немесе штрих кодты пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға арналған өзге де жабдық (құрылғы) арқылы алынатын қолма-қол ақшасыз төлемдер;
Тармақша 3
3) салық төлеушілер – Салық кодексінің 166-бабы 2-тармағында көрсетілген салық төлеушілерді қоспағанда, дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар, жеке практикамен айналысатын адамдар және ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдану бойынша міндеттемелері бар заңды тұлғалар.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Салық кодексіне және «Ақпараттандыру туралы», «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. Пилоттық жобаға қатысушылар
2-тарау. Пилоттық жобаға қатысушылар
Тармақ 4
4. Мыналар:
Тармақша 1
1) ЕДБ арқылы ерікті негізде ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді беруге дайындығын білдірген салық төлеушілер;
Тармақша 2
2) ««Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 123 Бұйрық) бекітілген «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларына сәйкес Комитеттің ақпараттық жүйелері сервисіне қосуға өтінімдер берген ЕДБ (келісу бойынша);
Тармақша 3
3) мемлекеттік кірістер органдары – Комитет және пилоттық жобаның қатысушылары болып табылатын, аумағында орналасқан жері бойынша салық төлеушілер тіркелген оның аумақтық органдары Пилоттық жобаның қатысушылары болып табылады.
Тарау 3. 3-тарау. Пилоттық жобаға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері
3-тарау. Пилоттық жобаға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 5
5. Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын (бұдан әрі – ДБФ бар БКМ) қолдану бойынша міндеттемелері бар салық төлеушілер Пилоттық жобаны жүргізу барысында интеграция мәселелері бойынша түсіндірулер мен ұсынымдар алуға құқылы.
Тармақ 6
6. Салық төлеушілер:
Тармақша 1
1) Пилоттық жоба аяқталғанға дейін ЕДБ арқылы ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді беруге;
Тармақша 2
2) ЕДБ-ға тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына беру туралы келісім беруге міндетті.
Тармақ 7
7. ЕДБ Пилоттық жобаны жүргізу барысында Комитеттен интеграция мәселелері бойынша түсіндірулер мен ұсынымдар алады.
Тармақ 8
8. ЕДБ:
Тармақша 1
1) №123 Бұйрыққа сәйкес Комитеттің ақпараттық жүйесімен интеграцияны қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) Комитетке ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді өзгермеген түрде беруге;
Тармақша 3
3) қызметкерлердің мемлекеттік құпияны құрайтын ақпаратты және заңмен қорғалатын өзге де ақпаратты жария етпеу, таралуына жол бермеу талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге;
Тармақша 4
4) ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді беру кезінде салық төлеушілер үшін техникалық қолдауды қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік кірістер органдары:
Тармақша 1
1) Пилоттық жоба мәселелері бойынша түсіндірулер беруге;
Тармақша 2
2) мемлекеттік кірістер органдарының құқықтары мен міндеттері туралы ақпараттандыруға;
Тармақша 3
3) Салық кодексінде көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік кірістер органдары:
Тармақша 1
1) Пилоттық жоба шеңберінде ЕДБ-дан ерікті негізде ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтер беретін салық төлеушілер бойынша ақпарат сұратуға;
Тармақша 2
2) Салық кодексінде көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.
Тарау 4. 4-тарау. Пилоттық жобаны іске асыру тәртібі мен мерзімі
4-тарау. Пилоттық жобаны іске асыру тәртібі мен мерзімі
Тармақ 11
11. ЕДБ ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді беру тәртібі:
Тармақша 1
1) тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде салық төлеушілер жүзеге асыратын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел беруді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйені іске асырады;
Тармақша 2
2) № 123 Бұйрыққа сәйкес берілетін деректердің форматы мен құрамы бойынша Қомитеттің ақпараттық жүйесіне интеграциялау арқылы ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді береді.
Тармақ 12
12. Пилоттық жобаны жүргізу мерзімі 2022 жылғы 16 мамырдан бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін айқындалсын.