Об образовании совета взаимодействия представительной, исполнительной власти и неправительственных организаций акимата Костанайской области Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.05.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Өкілетті, атқарушы биліктің және Қостанай облысы әкімиятының үкіметтік емес ұйымдарының өзара іс-қимыл жасау кеңесін құру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Өкілетті, атқарушы биліктің және Қостанай облысы әкімиятының үкіметтік емес ұйымдарының өзара іс-қимыл жасау кеңесі құрылсын.
Тармақ 2
2. Өкілетті, атқарушы биліктің және Қостанай облысы әкімиятының үкіметтік емес ұйымдарының өзара іс-қимыл жасау кеңесі туралы ереже бекітілсін (қосымша).
Тармақ 3
3. Өкілетті, атқарушы биліктің және Қостанай облысы әкімиятының үкіметтік емес ұйымдарының өзара іс-қимыл жасау кеңесінің жеке құрамы белгіленген тәртіпте облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсынылсын. Келісілді: «Қостанай облысының ішкі саясат департаменті» ММ директоры ____________ Ж. Үмбетов
Басқа 4. Қостанай облысы әкімиятының өкілді, атқарушы биліктерінің және үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимыл жасау кеңесі туралы ЕРЕЖЕСІ
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімиятының 2003 жылғы 25 шілдедегі № 181 қаулысына қосымша Қостанай облысы әкімиятының өкілді, атқарушы биліктерінің және үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимыл жасау кеңесі туралы ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Костанай облысы әкімиятының өкілді, атқарушы биліктерінің және үкіметтік емес ұйымдардың өзара әрекеттестік кеңесі (әрі қарай - кеңес) облыс әкімі жанындағы консультативтік-кеңестік органдар болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңес өз жұмысында Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасы заңдарын, Конституцияны, басқа да құқықтық нормативтік актілерді және осы ережені басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Кеңес өз жұмысын мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен, сондай-ақ Кеңестің мақсаттары мен міндеттеріне қайшы келмейтін қызметтерді халықаралық және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Кеңестің төрағасы - облыс әкімінің орынбасары болып табылады.
Тармақ 5
5. Кеңестің шешімдері ұсыныстық сипатта болады.
Тарау 2. 2. Кеңестің негізгі міндеттері
2. Кеңестің негізгі міндеттері
Тармақ 6
6. Кеңестің негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау бойынша аймақтық кешендік саясатты қалыптастыруға қажетті басымдықтарды аңықтау және ұсыныстарды әзірлеу;
Тармақша 2
2) үкіметтік емес ұйымдарды консультативтік, әдістемелік ақпараттық, ұйымдастыру техникалық қолдаудың кешендік жүйелерін әзірлеуге ықпал жасау;
Тармақша 3
3) үкіметтік емес ұйымдармен жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың өзара ынтымақтастық пен іс-қимыл жасау жүйесін жетілдіру;
Тармақша 4
4) кеңестің құзыретіне жататын мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және азаматтардың проблемалары жөніндегі ұсыныстарды қарау, облыс әкіміне ұсыныс әзірлеу;
Тармақша 5
5) әлеуметтік маңыздағы жобалар мен бағдарлама құжаттарын қарауға және әзірлеуге қатысу;
Тармақша 6
6) үкіметтік емес бөлімдердің проблемалары жөнінде ғылыми зерттеуді өткізуге ықпал жасау, облыстың үкіметтік емес ұйымдарының деректерін ақпараттық базада қалыптастыру;
Тармақша 7
7) бұқаралық ақпарат құралдары және үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстарының аспектілерін толық бейнелеу мақсатындағы өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 8
8) үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстарына қатысты бұқаралық ақпарат құралдарының хабары және азаматтардың өтініштерін қарау;
Тармақша 9
9) халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық, үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстарына арналған конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысу.
Тарау 3. 3. Кеңестің өкілеттілігі
3. Кеңестің өкілеттілігі
Тармақ 7
7. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін белгіленген заң тәртібі бойынша құқылы:
Тармақша 1
1) өзінің мәжілістерінде жергілікті өкімет органдарының басшыларын тыңдауға;
Тармақша 2
2) жергілікті өкімет органдарынан үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына қатысты ақпараттарды сұрауға;
Тармақша 3
3) Кеңес мәжілісін дайындауға қатысу үшін үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамның беделді және кәсіби дайындалған өкілдерін штаттан тыс эксперт ретінде қатыстыру;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерге үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстары туралы статистикалық, аналитикалық, әдістемелік және басқа ақпараттық материалдарды сұраныс бойынша ұсыну;
Тармақша 5
5) Кеңес бұқаралық ақпараттық құралдардың хабарлары, азаматтардан түскен өтініштерді қараған қорытындылары бойынша, материалдарды жергілікті өкілетті және атқарушы органдарға тиісті немесе лауазымды тұлғалардың шешім қабылдаулары үшін қарауға жіберуге.
Тарау 4. 4. Кеңестің жұмыстарын ұйымдастыру
4. Кеңестің жұмыстарын ұйымдастыру
Тармақ 8
8. Кеңес Төрағадан, Кеңес мүшелері мен орынбасарынан тұрады.
Тармақ 9
9. Кеңестің Төрағасы Кеңес мәжілісін өткізеді, Кеңестің шешімдері және басқа құжаттарға қол қояды, мәжіліске енгізілген мәселелерді анықтайды, басқа да ұйымдастыру-бөлу функңияларын орындайды.
Тармақ 10
10. Мәжіліс жарты жылда бір рет өткізіледі.
Тармақ 11
11. Кеңес мүшелері қаралған мәселелерді талқылауға, ұсыныс, ескерту енгізуге, аудандар, қалалар әкімияттарымен, облыстық басқармалар және ұйымдардың өзара іс-қимыл жасауына қатысуға құқылы.
Тармақ 12
12. Кеңес мүшелерінің мәжіліске қатысу өкілеттілігін басқа тұлғаға тапсыруға құқығы жоқ.
Тармақ 13
13. Кеңестің мүшелерінің мәжілісіне қатысушылар санының қарапайым көпшілік дауысымен Кеңес шешімі қабылданады. Дауысқа салған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші дауыс болып табылады.