Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Кызылжарского сельского округа города Аксу Күшін жойған
Басқа 0
Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
Ақсу қалалық мәслихатының
2022 жылғы 29 сәуірдегі
№ 159/22 шешімімен
бекітілген
Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
Тармақ 1
1. Осы Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын ( бұдан әрі-жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындары) өткізудің тәртібі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзірленді және Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы Қызылжар, Бөріктал, Сарышығанак, Жаңашаруа, Суаткөл
ауылдарына бөлінеді.
Тармақ 3
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округтің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
Тармақ 5
5. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауылдық округ әкімі бұқаралық ақпарат құралдары, Instagram және WhatsApp
әлеуметтік желілер арқылы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
Тармақ 6
6. Ауылдар шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 7
7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында ауылдың қатысып отырған және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабының 1-тармағына сәйкес оған қатысуға құқығы бар тұрғындарының тіркеуі жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
Тармақ 9
9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Ақсу қалалық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.
Тармақ 10
10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардның ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 11
11. Жергілікті қоғамдастиықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округі әкімінің аппаратына 3 жұмыс күні ішінде беріледі.
Басқа 16. Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Ақсу қалалық мәслихатының
2022 жылғы 29 сәуірдегі
№ 159/22 шешіміне
қосымша
Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
№ р/н
Елді мекеннің атауы
Қызылжар ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
1.
Қызылжар
3
2.
Бөріктал
1
3.
Сарышығанак
2
4.
Жаңашаруа
1
5.
Суаткөл
1