Об утверждении Реестра должностей гражданских служащих Академии правосудия при Верховном Суде Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 139-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты):
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтiк қорғау министрлігі
________________________
2022 жылғы «___»________
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Соты Төрағасының
2022 жылғы 3 мамырдағы
№ 14 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Соты Төрағасының
2022 жылғы «____»________
№__________ өкімімен
«БЕКІТІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі
Буын
Саты
Лауазымдар атауы
«А» Блогі (басқарушы персонал)
А1
1
«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы (ректор)
1-1
«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары (вице-ректор)
А2
1
Орталық директоры, қызмет басшысы - бас бухгалтер
1-1
Қызмет басшысы
«В» Блогі (негізгі персонал)
В1
1
Профессор
2
Доцент, бас сарапшы: бағдарламалар координаторы, зерттеу және халықаралық жобалар координаторы
«Денсаулық сақтау» саласы
B3
1
Жоғары санатты біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: мейірбике (мейіргер)
2
Бірінші санатты біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: мейірбике (мейіргер)
3
Екінші санатты біліктіліктігі жоғары деңгейдегі мамандар: мейірбике (мейіргер)
4
Санаты жоқ біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: мейірбике (мейіргер)
«С» Блогі (әкімшілік персонал)
С1
Баспасөз-хатшысы
С2
Біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: бухгалтер, экономист, заңгер, кітапханашы, инспектор, мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер, жүйе әкімшісі, аудармашы, мұрағатшы, редактор
С3
Біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар: бухгалтер, экономист, заң кеңесшісі, кітапханашы, инспектор, жүйе әкімшісі, аудармашы, мұрағатшы, редактор, шаруашылық меңгерушісі