Об утверждении натуральных норм положенности технических средств системы оповещения гражданской защиты Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесінің техникалық құралдары тиесілілігінің заттай нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1.  Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесінің техникалық құралдары тиесілілігінің заттай нормалары бекітілсін.
Тармақ 2
2.  Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс департаменті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Басқа 1. Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесінің техникалық құралдары тиесілілігінің заттай нормалары
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы «____» _________ №____ бұйрығымен бекітілген Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесінің техникалық құралдары тиесілілігінің заттай нормалары №1 норма. Құлақтандырудың техникалық құралдары кешендерінің тиесілілігі Р/с № Нор­ма­ның ата­уы Өл­шем бір­лі­гі Рес­пуб­ли­ка­лық дең­гей Аста­на, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар, об­лыс ор­та­лық­та­ры Об­лы­стық ба­ғы­ны­с­та­ғы қа­ла­лар, аудан ор­та­лық­та­ры Кент­тер, ауыл­дар Объ­ек­ті­лік дең­гей (жер­гі­лік­ті құ­лақ­тан­ды­ру жүй­е­сі) Қыз­мет мер­зі­мі 1 Құ­лақ­тан­ды­ру жүй­е­сін бас­қа­ру пуль­ті (ха­лық­ты құ­лақ­тан­ды­ру­дың соң­ғы құ­рал­да­рын іс­ке қо­су және мо­ни­то­рин­гі­леу ап­па­ра­ту­ра­сы) жиын­тық 2 3 2 1 1 12 жыл 2 Те­ле-, ра­дио­ха­бар­лар­ды қар­маудың тех­ни­ка­лық құ­рал­да­ры­ның ке­ше­ні жиын­тық 1 1 1 12 жыл 3 Або­нент­тер­ді цир­ку­ляр­лық ша­қы­ру­дың ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­ше­ні жиын­тық 2 3 2 1 12 жыл 4 GSM ар­на­ла­ры бой­ын­ша CellBroadcast тех­но­ло­ги­я­сы ар­қы­лы та­ра­ту ауқы­мы кең мәт­ін­дік ха­бар­ла­ма­лар­ды та­ра­та­тын тех­ни­ка­лық құ­рал­дар ке­ше­ні жиын­тық Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да жұ­мыс іс­тей­тін әр­бір ұя­лы бай­ла­ныс опе­ра­то­ры­на 1 жиын­тық 7 жыл Құлақтандырудың техникалық құралдары кешендері талап етілетін көлемдерінің ұсынылған есептеулері үлгілік болып табылады және қолданылатын жабдықты өндірушілердің модельдеріне, қосу схемаларына және басқару тәсілдеріне тәуелді емес. № 2 норма. Халықты құлақтандырудың соңғы құрылғыларының тиесілілігі Р/с № Әкім­ші­лік-аумақ­тық құ­ры­лыс Өл­шем бір­лі­гі Ха­лық­ты құ­лақ­тан­ды­ру­дың соң­ғы құ­ры­л­ғы­ла­ры­ның нор­ма­тив­тік ти­е­сі­лі­лі­гі Қыз­мет мер­зі­мі 1 Қа­ла­лық көп қа­бат­ты құ­ры­лыс (9 қа­бат және одан жо­ға­ры) жиын­тық 500 м ра­ди­у­ста құ­лақ­тан­ды­ру үшін (ауда­ны 0,8 км²) 1 си­ре­на­лық-сөй­леу құ­ры­л­ғы­сы 12 жыл 2 Қа­ла­лық ор­та қа­бат­ты құ­ры­лыс (5-тен 9 қа­бат­қа дей­ін) жиын­тық 800 м ра­ди­у­ста құ­лақ­тан­ды­ру үшін (ауда­ны 2 км²) 1 си­ре­на­лық-сөй­леу құ­ры­л­ғы­сы 12 жыл 3 Қа­ла­лық аз қа­бат­ты және ауыл­дық құ­ры­лыс (1-3 қа­бат­ты үй­лер, 5 қа­бат­қа дей­ін) жиын­тық 1300 м ра­ди­у­ста құ­лақ­тан­ды­ру үшін (ауда­ны 5,3 км²) 1 си­ре­на­лық-сөй­леу құ­ры­л­ғы­сы 12 жыл Халықты құлақтандырудың соңғы құрылғыларының талап етілетін көлемдерінің есептеулері (қуаты 600 Вт–тан кем емес) үлгілік болып табылады және қолданылатын жабдықтың өндірушісінің моделіне, қосу схемаларына және басқару тәсілдеріне тәуелді емес.