Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел занятости и социальных программ Наурзумского района» Күшін жойған
Басқа 0
«Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Науырзым ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. «Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
Науырзым ауданы әкімдігінің
2022 жылғы «11» сәуірдегі
№ 100 қаулысымен
бекітілген
«Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi (Бұдан әрі - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі) жұмыспен қамту және Науырзым ауданының халқын әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнің ведомствосы бар:
«Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтік құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбасы, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
Тармақ 9
9. Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің орналасқан жері: 111400, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Науырзым ауданы, Қарамеңді ауылы, Шаяхметов көшесі, 2.
Тармақ 10
10. Осы ереже Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнің каржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергiлiктi бюджеттерден, Қазақсан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнің өкілекттіктері болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгеше белгіленбесе мемлекеттік бюджетке жiберiледi.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құзыретіне жататын әлеуметтік әріптестік, халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 2
2) жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету;
Тармақша 3
3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүдделерін білдіреді;
ведомстволық бағыныстағы мекемеге қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыру;
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа материалдарды сұрату және алу;
аудандағы қызметтің тиімділігін арттыру мәселелері бойынша басқа мемлекеттік органдармен, қоғамдық өзін-өзі басқару органдарымен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтауға;
Президенттің, Үкіметтің және басқа да орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс және аудан әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы, мерзімінде орындауға;
Тармақша 2
2) міндеттері:
мемлекеттік мекеме құзыретінің мәселелері бойынша аудан әкімі және әкімдігі қабылдайтын нормативтік-құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар енгізу;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, мәслихаттың, әкімдіктің актілері мен тапсырмаларына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы жергілікті мемлекеттік органдардың ауданда жүзеге асыруын қамтамасыз ету және жүзеге асыру; аудан әкімі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша;
Тармақша 2
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;
Тармақша 3
3) жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінің өтініштерін қарау, қабылдау және кеңес беру;
Тармақша 4
4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бюджет қаражаты қажеттілігін болжау және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру;
Тармақша 5
5) коммерциялық емес (үкіметтік емес) ұйымдармен өзара әрекет ету;
Тармақша 6
6) еңбек нарығының сұраныс пен ұсынысты талдау және болжау;
Тармақша 7
7) мемлекеттік, үкіметтік бағдарламаларды іске асырылатын жобаларда сұранысқа ие мамандықтар бойынша ағымдағы бос орындар және құрылатын жұмыс орындарының болжамы туралы әлеуметтік – еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің дерекқорын қалыптастыруға қатысу;
Тармақша 8
8) жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту шараларын әзірлейді, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыру;
Тармақша 9
9) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 10
10) жергілікті атқарушы органдардың білім мәселелері жөніндегі құрылымдық бөлімшелерінен, білім жөніндегі ұйымдардан, кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру қызметіне құқығы бар ұйымдардың жанындағы оқу орталықтарынан түлектердің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтер, оқыту жүргізілетін кәсіптер (мамандықтар) туралы және нақты кәсіптер (мамандықтар) бойынша даярланған және даярлау жоспарланып отырған және бітіріп шығатын мамандар саны туралы ақпарат сұрау;
Тармақша 11
11) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындау бойынша ұсыныстарды жергілікті атқарушы органдарға енгізу;
Тармақша 12
12) халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын үйлестіру;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу, жергілікті бюджет қаражаты есебінен басқа да әлеуметтік көмек түрлерін көрсету;
Тармақша 14
14) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларының әлеуметтік бөлігін орындау;
Тармақша 15
15) Еңбек мигранттарына рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету;
Тармақша 16
16) халықтың өмір деңгейін көтеру және тұрақтандыруға бағытталған нормативтік - құқықтық актілерді дайындауға қатысу, олардың орындалуын талдау;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттігі
3. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттігі
Тармақ 16
16. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне басшылықты Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 18
18. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына дербес жауапты;
Тармақша 2
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектерде Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мүлкіне иелік етеді;
Тармақша 4
4) шарттар жасайды;
Тармақша 5
5) сенімхаттар береді;
Тармақша 6
6) банк мекемелерінде шоттар ашады;
Тармақша 7
7) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметкерлерінің барлығы орындауға міндетті өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 8
8) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мүддесін барлық ұйымдарда қорғайды;
Тармақша 9
9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, сонымен қатар мадақтау шараларын және тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 10
10) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік шеңберін белгілейді;
Тармақша 11
11) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың өзге де түрлері бойынша тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады;
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы болмаған кезеңдеоның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
4. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 19
19. Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздері есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 20
20. Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 21
21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 22
22. Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін қайта ұйымдастыру және қайта тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.