Об установлении ограничительных мероприятий на территории частного сектора села Кособа Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қособа ауылының жеке секторының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Занының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарабалық аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2022 жылғы 19 сәуірдегі № 01-20/154 ұсынысы негізінде Қособа ауылдық округінің әкімі ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қособа ауылдық округінің Қособа ауылының жеке секторының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Қарабалық аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Қарабалық аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотия ошағында ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу үшін қажетті санитариялық-эпидемияға қарсы және ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 3
3. «Қособа ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет –ресурсында орналыстырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз атымда қалдырамын.
Тармақ 5
5. Осы шешім алғашкы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданыска енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарабалық аудандық аумақтық инспекциясы» ММ басшысы ______________ М. Балмагамбетова КЕЛІСІЛДІ «Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» ММ Қарабалық ауданы бойынша мемлекеттік ветеринариялық дәрігері ________________ Ж. Джаксыбаева КЕЛІСІЛДІ Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының «Қарабалық ауданының Ветеринариялық станциясы» КМК директорының м. а. _______________ К. Султанов КЕЛІСІЛДІ «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Қарабалық аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ басшысы _______________ С. Каратаев