Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба на территории Балхашского района Күшін жойған
Басқа 0
Балқаш ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы
табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Балқаш ауданының Бақбақты, Бақанас, Ақдала, Ақкөл ауылдық округтерінің аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Балқаш ауданы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.