Қолданыстағы ред. 01.07.2003

Об утверждении Правил передачи в имущественный найм имущества, находящегося в хозяйственном ведении или оперативном управлении коммунальных государственных предприятий, в том числе объектов государственной собственности, не подлежащих приватизации от 01.07.2003 г. № 540 (Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық жүргізудегі немесе жедел басқарудағы мүлікті, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға беру Ережесін бекіту туралы)

0

Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық жүргізудегі немесе жедел басқарудағы мүлікті, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға беру Ережесін бекіту туралы
Мемлекеттік мүлікті жекешелендірудің және басқарудың тиімділігін арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған шаралар жоспарына және “Мемлекеттік кәсіпорын туралы“ Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күші бар Жарлығына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қоса беріліп отырған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық жүргізудегі немесе жедел басқарудағы мүлікті, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға беру Ережесі бекітілсін.

2

2. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды басқару уәкілетті органдары болып табылатын аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдері, облыстық басқармалар басшылары, мыналарды қамтамасыз етсін :

1

1)ведомстволық бағыныстағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық жүргізудегі немесе жедел басқарудағы мүлікті, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға беру кезінде осы Ереженің сақталуын ;

2

2)ведомстволық бағыныстағы коммуналдық мемлекеттік
кәсіпорындардың өздерінің шаруашылық жүргізудегі немесе жедел басқарудағы мүлікті мүліктік жалға беру жөніндегі тоқсандық жиынтық есепті облыстық коммуналдық меншік және жекешелендіру басқармасына қосымшаға сәйкес есепті мерзімнен кейінгі айдың бесінен кешіктірмей беруін.

3

3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б. Қуандықовқа жүктелсін.

6

Қызылорда облысы әкімиятының
2003 жылғы 2 шілдедегі №540
қаулысымен БЕКІТІЛГЕН
Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық
жүргізудегі немесе жедел басқарудағы мүлікті, оның ішінде
жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік обьектілерін
мүліктік жалға беру
ЕРЕЖЕСІ

1

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1

1. Осы Ереже Қызылорда облысы әкімінің 2000 жылғы 30 наурыздағы № 296 шешімімен бекітілген Мемлекеттік мүлікті жекешелендірудің және басқарудың тиімділігін арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған шаралар жоспарын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық жүргізудегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға беру ерекшеліктерін реттейді.

2

2. Осы Ереже коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық жүргізудегі немесе жедел басқарудағы мүлікті, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға беру тәртібін айқындайды.

3

3. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық
жүргізудегі немесе жедел басқарудағы мүлікті, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерінің мүлкін мүліктік жалга беру тендерлік негізде жүргізіледі, тек мынадай жағдайларды қоспағанда:

1

1)Қазақстан Республикасы Үкіметінің жекелеген шешімдері негізінде
жүзеге асырылатын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың
стратегиялық маңызы бар обьектілерін мүліктік жалга беру;

2

2)алаңы 100 шаршы метрге дейін үй-жайларды, теңгерімдік құны 150 есе ең төменгі есептік көрсеткіштен аспайтын жабдықты және оқу орындары мен гылыми ұйымдардың үй-жайларын мемлекеттік басқару органдарының ұсынысы бойынша уәкілетті органның жазбаша келісімімен курстық сабақтар, конференциялар, семинарлар, концерттер және спорттық іс- шараларын өткізу үшін бір айдан аспайтын мерзімге беру.
Жалға алынған мүлікті пайдаланғаны үшін ақы төлеу ақшамен жүргізіледі және жергілікті бюджетке аударылады.
Жалдау ақысының есептік ставкалары аймақтық жағдайларды ескере отырып анықталады және оларды уәкілетті органның келісімімен жалға беруші бекітеді.
4.Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық жүргізудегі немесе жедел басқарудағы мемлекеттік мүлікті , оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға беру кейіннен сатып алу құқығысыз жүзеге асырылады.
2.ЖАЛҒА БЕРУШІ
5.Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық жүргізудегі немесе жедел басқарудағы мемлекеттік мүлікті, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға беру кезінде коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар жалға беруші болады.
6.Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар өзінің шаруашылық жүргізудегі мүлікті үш жылға дейінгі мерзімге мүліктік жалға беру туралы шсшімді өзі қабылдайды.
Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның шаруашылық жүргізудегі мүлікті, сондай-ақ, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жедел басқарудағы мүлікті үш жылдан астам мерзімге жалға беруді кәсіпорын тек қана мемлекеттік басқару органымен келіскеннен кейін және уәкілетті органның жазбаша келісімімен жүзеге асыра алады.
7.Жалға беруші мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1

1)мүлікті кейіннен сатып алу құқығымен сенімді басқаруға немесе мүліктік жалға (арендаға) беру туралы және тендер өткізу туралы шешім қабылдайды;

2

2)тендер өткізілетін күнін мен орнын, оның шарттарын, сондай-ақ тендер жеңімпазын таңдау өлшемдерін белгілейді;

3

3)тендерлік құжаттаманы бекітеді;

4

4)тендерлік комиссия құрады;

5

5)кепілдік жарналарды қабылдайды. Кепілдік жарнаның көлемі объектінің баланстық құнының 1-5 пайызы көлемінде белгіленеді;

6

6)тендерлік комиссия отырыстарының хаттамаларын бекітеді;

7

7)тендер жеңімпазымен мүлікті жалға беру шартын жасасуды қамтамасыз етеді;

8

8)тендер аяқталғаннан кейін тендерге қатысушыларға, заң актілерімен белгіленгеннен жағдайлардан басқа кепілдік жарналарын қайтарады;

9

9)тендерді өткізуге қажетті өзге функциялар.
8.Тендерлік комиссия не жалға берушінің тапсырмасы бойынша тендер ұйымдаетырушы тендерді ұйымдастырушы ретінде әрекет етеді.
9.Тендерлік комиссия жалға берушінің және уәкілетті органның өкілдерінен құралады. Тендерлік комиссияның құрамына сол сияқты жалға берушінің мемлекеттік басқару органының және өзге де мүдделі ұйымдардың өкілдері енгізілуі мүмкін.
10.Тендерлік комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1

1)тендер жөнінде хабарлау үшін тендерлік құжаттамаларды және басқа да қажетті құжаттарды дайындайды; -

2

2)тендерлік құжаттамалармен және тендер обьектісімен тендерге қатысушылардың танысуын жүргізеді;

3

3)тендердің өткізілуі туралы хабарлама жариялауды жүзеге асырады;

4

4)ұсынылған өтінімдерді қабылдау, тіркеу және сақтауын қамтамасыз етеді;

5

5)өтінімдерді қабылдау және тіркеу аяқталғаны туралы хаттама әзірлейді;

6

6)қажет болған жағдайда, тендерлік және басқа қажетті құжаттамаларды дайындау, өтінімдерді жинау және талдау бойынша жұмыстарды жүргізу үшін мамандар мен сарапшылар тартады;

7

7)тендер қорытындылары бойынша тендер жеңімпазын анықтау тұжырымы немесе өзге шешімі бар тендерлік комиссия отырысының хаттамасын ресімдейді .

11

11. Тендерлік комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жәй көпшілік даусымен қабылданады, дауыстар тең болған ретте тендерлік комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

12

12. Тендерлік комиссияның отырыстары, егер оларға тендерлік комиссия мүшелерінің 2/3-сі қатысса, заңды болып табылады.
13.Жалға беруші тендерді ұйымдастырушыны белгілеген жағдайда, онда ол осы Ереженің 10-тармағының 1) , 2) , 3) және 6) тармақшаларында көрсетілген тендерлік комисия функцияларының бөлігін орындайды.
3.ТЕНДЕРЛІК ҚҰЖАТТАМА
14.Тендерлік құжаттаманы дайындаудың нақты тәртібін, құрамын және шартарын жалға беруші белгілейді.
15.Тендер өткізу туралы хабарламаны тендер өткізуге дейін кемінде 15 күн бұрын тендер ұйымдастырушы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауы тиіс.
16.Тендер өткізу туралы хабарламада:

1

1)жалға берушінің атауы;

2

2)мүліктік жалдың мерзімі және жалдау ақысының бастапқы ставкасының мөлшері (осы Ереженің 3-1 тармағына сәйкес жалға беруші бекіткен есептік ставкасынан төмен болмауы тиіс);

3

3)тендердің шарттары және жеңімпазды таңдау өлшемдері;

4

4)тендер объектісінің қысқаша сипаттамасы;

5

5)тендерге қатысуды ресімдеу тәртібі туралы мәлімет;

6

6)тендерге қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі;

7

7)мүліктік жалға беру шартын жасасу мерзімі;

8

8)тендерлік құжаттаманы алатын және тендер объектісімен танысатын мекен-жай, мерзімдері мен шарттары;

9

9)тендер өткізілетін күні, уақыты және орны туралы мәліметтер;

10

10)өтінімдер қабылдау басталатын және аяқталатын күні мен уақыты болуы тиіс.
17.Тендерлік құжаттама тендерге қатысушының жазбаша сұрауы бойыпша, тендер комиссиясы белгілеген тәртіппен жиынтықта ұсынылады.
18.Тсндсрлік құжаттама мынадай негізгі бөлімдерден тұруы тиіс:

1

1)тендер объектісі туралы мәлімет;

2

2)отінімнің және онымен бірге ұсынылатын құжаттардың мазмүны бойынша талаптар;

3

3)тендер өткізудің шарттары мен тәртібі;

4

4)тендер жеңімпазын таңдау өлшемдері;

5

5)мүліктік жалға беру шартының жобасы;

6

6)тендерге қатысу өтінімнің үлгісі.
4.ТЕНДЕРГЕ ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ
19.Тендерге қатысуға ниет білдірген тұлганың тендер объектісін қарауга, сондай-ақ тендер өткізу шарттары мен тәртібі туралы ақпарат алуга құқылы.
20.Тендерге қатысуга ниет білдірген тұлга мына құжаттарды тендер комиссиясына ұсынуы тиіс :

1

1)үміткердің тендерге қатысуга келісімі және оның тендер шарттарын орындау мен мүліктік жалга беру шартын жасасу жөніндегі міндеттемесі көрсетілген өтінімі;

2

2)жаргының және мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (заңды тұлгалар үшін) нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

3

3)кепілдік жарнасын аударғанын растайтын төлем тапсырмасының көшірмесі;

4

4)желімделген конвертке салынган тендер шарттары жөнінде өзінің усыны стары;

5

5)ақпараттық хабарда көрсетілген өзге де құжагтар.
21.Өтінім тендерлік құжаттамада белгіленген талаптар мен шарттарга гәйкес дайындалуы тиіс. Өтінімдер қос конвертте қабылданады. Сыртқы конвертте:

1

1)өтінімнің өзі;

2

2)жарғының және мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (заңды гұлгалар үшін) нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

1

1)кепілдік жарнасын аударғанын растайтын төлем тапсырмасының көшірмесі;

2

2)ақпараттық хабарда көрсетілген өзге де құжаттар болуы тиіс.
Ішкі конвертте үміткердің өзінің ұсыныстары болуы тиіс.
Өтінім беру кезінде ішкі конверт жабық әрі үміткер оған мөр басуы тірс.
17.Тендерлік комиссия өтінімдерді қабылдау кезінде ішкі конверттегіні қоспағанда, қажетті құжаттардың түгелдігін тексереді. Егер құжаттар осы Ереженің 21-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, тендерлік комиссия өтінімді қабылдау мен тіркеуден бас тартатыны туралы, бас тарту себебін көрсете отырып, сол күні үміткерге жазбаша хабарлайды.
18.Барлық қажетті құжаттар болған ретте тендерлік комиссия қабылдау күнін және сағатын корсете отырып, өтінімді тіркеуге міндетті. Бұл кезде ішкі конверт ашылмайды.
19.Тендерге қатысуға ниет білдірген тұлға оның өтінімі тіркелгеннен кейін тендердің қатысушысы болады.
20.Тендерге қатысушы тендерге шығарылған объекті жөнінде қосымша мәліметтерді нақтылауды тегін алуға құқылы.
21.Өтінімдерді қабылдау мен тіркеу аяқталған күні тендер комиссиясы өтінімдер қабылдау мен тіркеудің аяқталғаны туралы хаттамаға қол қояды.
Өтінімдер қабылдау аяқталғаны туралы хаттамада мынадай мәліметтер болуы тиіс:

1

1)тендер объектісі туралы мәлімет;

2

2)тіркеуге алынған өтінімдер саны мен тізбесі;

3

3)қайтарылып алынган өтінімдер (олар болган жагдайда) саны мен тізбесі.
4.ТЕНДЕР РӘСІМІ
22.Егер өтінімдер қабылдау мерзімінің аяқталу сәтінде бір ғана өтінім тіркелген болса (екінші және келесі тендерлерді қоспағанда) , тендер өтпеді деп танылады.
23.Тендер өтетін күнгі отырыста тендерлік комиссия тендерге қатысушылардың ұсыныстары бар конверттерді ашады және олардың ұсыныстарын жариялайды.
Конверттерді ашу алдында комиссия олардың бүтіндігін тексереді, бұл тендер комиссиясы отырысының хаттамасында көрсетіледі.
Конветтерді ашу және ұсыныстарды жариялау кезінде тендерге қатысушылардың немесе олардың тиісті дәрежеде уәкілеттік берілген өкілдерінің қатысуга құқықтары бар.
24.Тендерлік комиссия ұсынылып отырған ұсыныстардың тендерлік құжаттамада көрсетілген талаптарга сәйкестігін тексереді. Үсынылып отырган ұсыныстар тендерлік құжаттамада көрсетілген талаптарга сәйкес болмаган жагдайда көрсетілген ұсыныстар одан әрі қарауга жатпайды және
мұндай өтінім берген тұлға тендерге қатысушы мәртебесін жоғалтады, бұл тендерлік комиссия отырысының хаттамасында көрсетіледі.
25.Тендерлік комиссия конверттерді ашып, ұсыныстарды жариялағаннан кейін ұсыныстарды талқылау және бағалау үшін кеңесуге кетеді.
26.Тендер объектісін пайдалану үшін ең жоғары ақы ұсынған, тендердің басқа да шарттарын орындау жөнінде өзіне міндеттемелер алған және ұсыныстары тендерлік құжаттамадағы барлық талапқа жауап беретін тендердің қатысушысы тендер жеңімпазы деп танылады.
5.ТЕНДЕР НӘТИЖЕЛЕРІН РӘСІМДЕУ
27.Тендерлік комиссияның тендер қорытындылары бойынша тендер жеңімпазын анықтайтын тұжырымы немесе өзге шешімі тендерлік комиссия мүшелері қол қоятын және жалға беруші бекітетін хаттамамен ресімделеді.
Тендер жеңімпазын анықтайтын хаттамаға тендер жеңімпазы да қол қояды.
28.Хаттамада :

1

1)тендер объектісі туралы мәлімет ;

2

2)тендер қорытындылары бойынша тендер жеңімпазы туралы мәлімет немесе жеңімпаздың болмау себептерін айқындайтын өзге шешім ;

3

3)жеңімпаз тендерді жеңіп алған шарттар болуы тиіс.
29.Тендерлік комиссия қатысушыларды тендер нәтижелері туралы жазбаша хабардар етеді.
30.Тендер қорытындыларын шығарғаннан кейін жеңімпаз болмаған тендерге қатысушыларға кепілдік жарнасы қайтарылады.
31.Тендер нәтижелері туралы хаттама негізінде жеңімпаз тендер жеңімпазының ұсыныстарына жауап беретін шарттарда мүліктік жалға беру шартын жасасуға міндетті.
32.Тендер жеңімпазы енгізген кепілдік жарнасының сомасы мүліктік жалға беру туралы жасалған шарт бойынша тендер объектісін пайдаланғаны үшін ақы есебіне жатқызылады.
33.Тендер жеңімпазының ұсыныстарына жауап беретін шарттарда тендер объектісін мүліктік жалға беру шартын жасасудан жеңімпаз бас тартқан жағдайда кепілдік жарна тендер жеңімпазына қайтарылмайды.
34.Тендер жеңімпазының ұсыныстарына жауап беретін шарттарда тендер объектісін мүліктік жалға беру шартын жасасудан жеңімпаз бас тартқан жағдайда, жалға беруші жеңімпазды тендерге қатысушылардың қалғандарының ішінен (егер қалғандарының саны кемінде 2 болса) анықтауға не жаңадан тендер өткізу туралы шешім қабылдауға құқылы.

7

7. МҮЛІКТІК ЖАЛҒА БЕРУ ШАРТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
40.Мүліктік жалға беру шартына тараптар тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген мерзімде қол қоюлары тиіс.
41.Мүліктік жалға беру шартында міндетті түрде мынадай ережелер болуы тиіс:

1

1)мүліктік жалға берілетін объектінің техникалық сипаттамалары туралы деректер;

2

2)жалға берілген мүліктің жалдаушыға тапсырылатын мерзімі;

3

3)жалдауға алынған мүлікті пайдалану ақысын енгізу тәртібі және мерзімдері;

4

4)жалдаушының міндеттері:
объектіні тиісті тәртіпте ұстау, обьектіге немесе онда
орналасқан инженерлік коммуникацияларға зақым келтіруі мүмкін әрекеттер жасамау, сондай-ақ өз есебінен ағымдағы жөндеуді жүргізу және жалға алынған мүлікті ұстау жөніндегі шығыстарды көтеру;
объектіге өзінің кінәсі бойынша зақым келтірілген жағдайда, оны өз есебінен жөндеуді қамтамасыз ету;
жалға берушінің алдын-ала жазбаша рұқсатысыз объектіні, онда орналасқан желілер мен коммуникацияларды қайта жоспарлауды немесе қайта жабдықтауды жүзеге асырмау;
жалға берушінің, санитарлық қадағалау қызметінің және ғимараттарды пайдалану және ұстау-күту тәртібіне қатысты заңнама мен өзге де нормалардың сақталуын бақылайтын басқа да мемлекеттік органдар өкілдерінің объектіге және оған жақын орналасқан жер учаскесіне кіруіне рұқсат беру, көрсетілген олқылықтарды олар белгілеген мерзімде жою;
объектіні қосалқы жалгерлікке тек жалға берушінің келісімімен беру;
мүліктік жалға беру шарты бойынша өздерінің құқықтары мен міндеттерін басқа тұлғаға беруге (қайта жалдауға) жол бермеу, сондай-ақ осы құқықтарды кепілдікке бермеу және оларды шаруашылық серіктестіктердің, акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталына салым немесе өндірістік кооперативке жарна ретінде енгізбеу;

5

5)шартты мерзімінен бұрын бұзудың негізі мен ережесі.
42.Сәулет, тарих және мәдениет ескерткіштерін мүліктік жалға беру кезінде мүліктік жалға беру шартына объектіні сәулет, тарих және мәдениет ескерткіші ретінде сақтауға бағытталған ережелер қосымша қосылады.
43.Шарт ол жасалған кездегі қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалады және жасалатын мәміле заңнамаға қайшы келмейтін ерекшеліктерін көрсетіп тұрады.
44.Тараптар мүліктік жалға беру шартының ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына және шартқа сәйкес жауапты болады.
6.ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
35.Осы Ережемен реттелмейтін мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
36.Объектіні мүліктік жалға беру кезінде туындайтын даулар тараптардың өзара келісімі бойынша немесе заңнамада белгіленген тәртіпте қаралады.

68

Облыс әкімиятының 2003 жылғы 2 шілдедегі
№540 қаулысына Қосымша
( әкімдік, облыстық басқармалар) үшін ведомстволық бағыныстағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық жүргізудегі немесе басқарудағы мүлікті олардың мүліктік жалға беруі жөніндегі 2003 жылғы айдың
ЖИЫНТЫҚ ЕСЕБІ
Р/с

Кәсіп
орын
ның
атауы
Мүлік
тік
жалдау
келісім-
шарты
ның
саны
Үй-жай
алаңы
немесе
жабдық
саны
Жалға алынған мүлікті пайдалан ғаны үшін ақының мөлшері (мың тенге)
Есепте
л
ген
ақы
(мың
тенге)
Аудар
ылған
сома
(мың
тенге)
Мүлік
ті пайда
ланганы
үшін
төлем
дер бой
ынша
бере
шек
Ескер
ту
1
2
3
4
Г5-
6
7
8
9