Облыстың коммуналдық меншігін тиімді және мақсатты пайдалану жөніндегі облыстық комиссия туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңына сәйкес және коммуналдық меншікті басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Об областной комиссии по целевому и эффективному использованию коммунальной собственности области от 01.07.2003 г. № 541 (Облыстың коммуналдық меншігін тиімді және мақсатты пайдалану жөніндегі облыстық комиссия туралы)
1. Облыстың коммуналдық меншігін тиімді және мақсатты пайдалану жөніндегі облыстық комиссия туралы Ереже және құрамы 1 және 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б. Қуандықовқа жүктелсін.
Облыс әкімиятының 2003 жылғы
« 02» шілдедегі № 541 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН 1 қосымша
Облыстың коммуналдық меншігін тиімді және мақсатты
пайдалану жөніндегі облыстық комиссияның
ҚҰРАМЫ
Қуандықов Болатбек Баянұлы - облыс әкімінің орынбасары,
комиссия төрағасы
Әбенов Қалмырза Андамасұлы - облыстық коммуналдық меншік және
жекешелендіру басқармасының бастығы, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
Ретаев Серік Сәлімұлы - облыс әкімінің орынбасары
Ерімбетов Нұрлан Кенжебекұлы - облыс әкімінің орынбасары
Мухамедов Бағдат Бақтиярұлы - облыс әкімінің орынбасары
Жарқынбаев Ғайнулла
Зейнуллаұлы - облыс әкімінің аппарат басшысы
Жайсаңбаев Қанатбек Бақытұлы - облыс әкімі аппараты мемлекеттік-
құқықтық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі
Әжібеков Қалхазбек - облыстық қаржы басқармасының
бастығы
Қалиев Серікжан Ыдырысұлы - аумақтық мемлекеттік мүлік және
жекешелендіру комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
Нүрекешов Кемал Нүрекешұлы - облыстық энергетика, құрылыс және
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының бастығы
Шаменова Балжан Мұралықызы - облыстық экономика басқармасының
бастығы
Облыс әкімиятының 2003 жылғы
« 02 » шілдедегі № 541 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН 2 қосымша
Облыстың коммуналдық меншігін тиімді және мақсатты
пайдалану жөніндегі облыстық комиссияның
ЕРЕЖЕСІ
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. Коммуналдық меншікті тиімді және өз мақсатында пайдалану жөніндегі облыстық комиссия (бұдан әрі - комиссия) облыс әкімиятының қаулысымен құрылады және облыс әкімиятының кеңестік-жиын органы болып табылады.
2. Комиссия өзінің қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясы және Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің актілеріне, облыс әкімиятының қаулыларына, облыс әкімінің шешімдеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комиссияның шешімі комиссия төрағасы және хатшысы қол қойған хаттамамен рәсімделеді.
4. Комиссия өз құзіреті шегінде сұрақтарды қарауға және ол жөнінде шешім қабылдауға егер оның жартысынан кем емес мүшелері отырысқа қатысқан жағдайда құқылы.
5. Комиссия шешімдері ұсыныстық сипатта болады.
2. КОМИССИЯНЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ МЕН
ФУНКЦИЯЛАРЫ
6. Комиссияның негізгі міндеттері:
1)коммуналдық меншіктегі объектілерді тиімді және өз мақсатында пайдалану жөніндегі сұрақтарда мемлекеттің мүдделерін білдіру;
2)коммуналдық кәсіпорындардың және жарғылық капиталында
мемлекеттің үлесі бар өзге де заңды тұлғалардың өндірістік-қаржылық қызметін үйлестіру;
3)коммуналдық кәсіпорындар мен ұйымдардың мүліктерінің пайдалануын талдау;
4)коммуналдық меншіктегі пайдаланылмай тұрған объектілердің әрі қарай пайдалануы туралы шешім қабылдау.
7.Негізгі міндеттеріне байланысты комиссия:
1)коммуналдық меншіктегі объектілерді мүліктік жалға (аренда) немесе әрі қарай сатып алу құқығымен (құқығынсыз) сенімді басқаруға беру туралы облыстық коммуналдық меншік және жекешелендіру басқармасының ұсынысын қарайды;
2) коммуналдық кәсіпорындарды және акционерлік қоғамдардың мемлекеттік пакет акцияларын мүліктік жалға (аренда) немесе сенімді басқаруға беру туралы облыс әкімиятының қаулысын қабылдау үшін материалдарды қарайды;
3)коммуналдық кәсіпорындар және мекемелерді құрудың негізділігі мен мақсаттылығын қарайды;
4)коммуналдық меншіктегі объектілерді жекешелендірудің нақты түрін және әдістерін, сондай-ақ оларды жекешелендірудің алдын-ала жүргізілетін сатыларын анықтайды;
5) коммуналдық кәсіпорындардың өндірістік-қаржылық қызметтеріне тексеру қорытындысы бойынша тиісті органдарға оларды санациялау, оңтайландыру немесе тарату жөнінде ұсыныс береді;
6)облыстық коммуналдық меншікті басқару саласында мемлекеттік саясаттың мақсаттарын айқындауға қатысады.
3. КОМИССИЯ ҚҰРАМЫ МЕН ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
8.Комиссияның құрамына облыс әкімінің орынбасарлары, облыс әкімінің аппарат басшысы, облыс әкімі аппараты мемлекеттік құқықтық жұмыс бөлімінің меңгерушісі, коммуналдық меншік және жекешелендіру, экономика, қаржы, энергетика, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармаларының бастықтары, аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (келісім бойынша) кіреді.
9.Комиссия мүшелеріне алдағы болатын отырыс туралы хабарлауды комиссия хатшысы жүзеге асырады.
10.Комиссия отырысы қажеттілігіне қарай кемінде айына 1 рет өткізіледі.
11. Комиссияның шешімдері қатысушы комиссия мүшелерінің жай көпшілік даусымен қабылданады.
Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
12.Комиссия құрамы және оның Ережесіне өзгерістер енгізу, оны тарату тәртібі облыс әкімиятының қаулысымен анықталады