Қолданыстағы ред. 17.06.2003

О соблюдении законодательства по вопросам ветеринарии, охраны рыб, защиты и карантина растений в области от 17.06.2003 г. № 532 (Облыста малдәрігерлік, балық, өсімдік қорғау және карантин, тұқым шаруа- шылығы мәселелері жөніндегі заңна- маның сақталуы туралы)

0

Облыста малдәрігерлік, балық, өсімдік қорғау және карантин, тұқым шаруа- шылығы мәселелері жөніндегі заңна- маның сақталуы туралы
Облыс көлемінде малдәрігерлік, балық шаруашылығы, өсімдік қорғау және карантин, тұқым шаруашылығы мәселелерін мемлекеттік басқару жөніндегі уәкілетті орган, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық басқармасы (бұдан әрі - «аумақтық басқарма»), аталған салаларда қолданыстағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған біршама жұмыстар атқаруда.
Дегенмен, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңында белгіленген мемлекеттік ветеринарлық қадағалау жұмыстарының өз дәрежесінде жүргізілмеуінен облыс аумағында сарып ауруының таралауы екі есе өсіп кеткен. Базарларда сүт өнімдері көп жағдайда бақылаусыз сатылуда, ауру малды союға арнаулы қасапханалар жоқ, мал сою пункттерінің санитарлық жағдайы сын көтермейді. Залалды ошақтарда сауықтыру, дезинфекция шараларын жүргізуге арнаулы автокөлік жоқ.
Балық шаруашылығын басқару жөніндегі қызметін аумақтық басқарма енді ғана ұйымдастыра бастаған. Өсімдік қорғау саласындағы жұмыстар негізінен шегірткеге қарсы шараларды ұйымдастырумен шектеліп келеді.
Тұқым шаруашылығында күріш, бидай және жоңышқадан басқа тұқымдар сапасына тиісті назар аударылмайды, облыс егістігінде егілетін дақылдар тұқымдарының сенімді қоры жасалмаған.
Мал дәрігерлік, балық, өсімдік қорғау және карантин, тұқым шаруашылығын мемлекеттік басқаруды жетілдіру және осы салаларда қолданыстағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі аумақтық басқармасының жоғарыда аталған салаларды мемлекеттік басқарудағы кемшіліктері аталып көрсетілсін.
2.Аумақтық басқармаға заңнамада белгіленген өкілеттігі шеңберінде ұсынылсын:

1

1)аталған салалардағы мемлекеттік басқару қызметін облыстық ауыл шаруашылығы, ішкі істер, кедендік бақылау басқармаларымен, санитарлық- эпидемиялогиялық станциямен, аудандар және Қызылорда қаласы әкімдерімен тығыз байланыста ұйымдастыру, ветеринария, балық, тұқым шаруашылығы, өсімдік қорғау бойынша бағдарлама әзірлеу, осы салаларды білікті кадрлармен жасақтауды қамтамасыз ету;

2

2)ауыл шаруашылығы малдарының сарып және туберкулез ауруларына қарсы сауықтыру шараларын ұйымдастыру, базарларда мал және мал өнімдерінің сатылуына ветеринарлық қадағалауды жолға қою;

3

3)су айдындарында балық аулау тәртібінің сақталуына, кәсіпшілік балық аулау құқығы берілген табиғат пайдаланушыларының бизнес- жоспарында белгіленген міндеттемелерін толық орындалуына бақылау жасау, браконьерлікпен күрес шараларының пәрменділігін арттыру;

4

4)шегірткеге қарсы күресті өрістете отырып өсімдік зиянкестерінің, ауруларының, арамшөптердің облыста таралған түрлеріне қарсы шаралар ұйымдастыру, оның орындалуына бақылау жасау;

5

5)мүдделі орындармен бірлесіп облыста егілетін дақылдар тұқымдарының қорын қалыптастыру жөнінде 1 ай мерзім ішінде ұсыныс енгізу;

6

6)ветеринария және өсімдік қорғау жөнінде тұрғындар арасында түсінік-насихат жұмыстарын өрістету;

7

7)2004 жылдың бюджетін қалыптастыру кезеңінде жергілікті бюджет есебінен атқарылатын жұмыстар көлемі жөнінде ұсыныс енгізу.
3.Аудандар және Қызылорда қаласының әкімдері заңнамада белгіленген өкілеттік шеңберінде аумақтық басқармаға оның ұсынысы бойынша тиісті көмек көрсетсін, мал қорымдарын салуға қаржы бөлу мүмкіндігін қарасын.
4.Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Мұхамедовке жүктелсін.