Қызылорда облысы әкімі
жанындағы Әлеуметтік Әріптестік
Кеңесін құру туралы.
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 Заңына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Об образовании Совета Социального Партнерства при акиме Кызылординской области от 02.07.2003 г. № 554 (Қызылорда облысы әкімі жанындағы Әлеуметтік Әріптестік Кеңесін құру туралы)
1. Облыс әкімі жанынан облыстағы мемлекеттік басқару органдары, жеке бизнес және үкіметтік емес ұйымдардың Әлеуметтік Әріптестік Кеңесі (бұдан әрі - Әлеуметтік Әріптестік Кеңес) құрылсын.
2. Әлеуметтік Әріптестік Кеңесінің Ережесі және Құрамы 1,2- қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
3. «Қызылорда облысы әкімі жанындағы Әлеуметтік Әріптестік Кеңесін құру туралы » облыс әкімиятының 23 сәуірдегі №495 қаулысы күшін жойды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б.Қуандықовқа жүктелсін.
Облыс әкімиятының
2003 жылғы « 3 » шілдедегі
№ 554 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН 1 Қосымша
Қызылорда облысы экімі жанындағы мемлекеттік басқару органдары,
жеке бизнес және үкіметтік емес үйымдардың
элеуметтік әріптестік Кеңесі жөніндегі
ЕРЕЖЕ
Жалпы ережелер
1. Қызылорда облысы экімі жанындағы мемлекеттік басқару органдары, жеке бизнес және үкіметтік емес ұйымдардың Әлеуметтік Әріптестік Кеңесі (бұдан эрі Кеңес) - үйымдастыру-үйлестіру органы болып табылады.
Кеңес құрамы тұрақты негізде құрылады жэне оның құрамы мемлекеттік басқару органдары, үкіметтік емес үйымдар мен жеке бизнес өкілдерінен құрылады. Қажеттілігіне қарай Кеңес қүрамына өзгеріс енгізілуі мүмкін.
Кеңес өз қызметінде ҚР Конституциясын, ҚР Президенті мен ҚР Үкіметінің заңнамалық актілерін, басқа да нормативтік - қүқықтық актілерді және осы Ережені басшылыққа алады.
4. Облыс экімінің үкіметтік емес ұйымдармен өзара жүмыс жасау жөніндегі қогамдық кеңесші облыс экімінің үкіметтік емес үйымдармен жедел әрі тиімді әрекет жасауы үшін Кеңеспен сайланады.
Кеңес қызметінің міндеттері мен негізгі бағыттары
Мыналар Кеңес міндеттері болып табылады:
азаматтық қоғамның институттарын құру жэне элеуметтік маңызды мәселелерді шешуде мемлекеттік басқару органдарының үкіметтік емес ұйымдарымен элеуметтік әріптестікті дамытуда ықпал жасау;
мемлекеттік органдардың жасап жатқан нормативтік - құқықтық актілерінің жобаларына, әлеуметтік маңызды багдарламаларына ұсыныстар беру құқыгын жүзеге асыруын заңнамада белгіленген тэртіппен үкіметтік емес ұйымдарын қамтамасыз ету;
халықты әлеуметтік қоргау, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет жэне т.б. мәселелері жөнінде жобаларды, мақсатты багдарламаларды әзірлеу мен жүзеге асыру барысында үсынымдарды әзірлеу;
қогамның әлеуметтік проблемалары болып табылатын жұмыссыздық, кедейлікті болдырмау жөнінде біріккен шаралар әзірлеу;
үкіметтік емес коммерциялық емес ұйымдардың азаматтардың жағдайын жақсарту, мемлекеттің элеуметтік даму мәселелері бойынша сындарлы бастамаларын талқылау жэне эрі қарай жылжыту;
облыс әкімияты мен облыс экімінің қарауына элеуметтік саясатты жүргізудегі басым бағыттар жөнінде үсыныстар енгізу;
Кеңес қызметінің негізгі бағыттары болып табылатыны:
элеуметтік маңызды бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік органдармен (облыс экімі аппараты, департаменттер, комитеттер, басқармалар жэне т.б.) өзара қарым-қатынас жасау жэне Кеңес мәжілістерінде тиісті шешімдер қабылдау үшін істің нақты жағдайы жөнінде олардан қажетті ақпараттарды алу;
қоғамның түрлі актуалды проблемалары бойынша қоғамдық тыңдауларды үйымдастыру, оларда қаралып жатқан проблемаларды шешу жөнінде Келісімдерді даярлау;
элеуметтік маңызды жобалар мен бағдарламаларды дайындауда біріккен қызмет атқару;
азаматтық қоғамның эрі қарай дамуының стратегиялық бағдарламасын әзірлеу.
Кеңестің негізгі қүқықтары
Өз міндеттеріне сәйкес Кеңес құқылы:
элеуметтік проблемаларды шешуде жергілікті атқарушы жэне басқа да мемлекеттік органдары мен ұйымдармен өзара қатынас жасауға;
өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша атқарушы органдарға ұсынымдарды әзірлеу мен ұсыныстарды енгізу;
Кеңес міндеттерін атқару үшін қажет материалдарды заңнамада белгіленген тэртіппен мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдардан сұрату мен алуға;
қаралып отырған мәселелерге қатысы бар мемлекеттік органдары мен ұйымдардың өкілдерін Кеңес мэжілістеріне шақыруға;
уақытша жүмысшы жэне сараптамалық топтар үйымдастыруға;
мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың кеңесшілері мен сараптамашыларын жүмысқа қатыстыруға;
облыс әкімінің үкіметтік емес үйымдарымен өзара қатынасын ұйымдастыру үшін белгілі бір мерзімге облыс экімінің қоғамдық кеңесшісін сайлауға.
Кеңес қызметін ұйымдастыру
Кеңесті төраға басқарады, ол лауазымы бойынша облыс экімінің экономикалық мәселелері жөнінде орынбасары болу тиіс.
Облыстық ішкі саясат департамент! Кеңестің жұмысшы органы болып табылады. Кеңес хатшысы облыстық ішкі саясат департаменті қызметкерлерінен тағайындалады.
Ю.Кеңес хатшысы мынадай функцияларды атқарады:
Кеңес мәжілісіне ұсынылатын мэселелерді қалыптастырады жэне Кеңес төрағасымен күн тэртібі жөнінде келіседі;
жылдық жоспар негізінде бекітілген күн тэртібіне сәйкес Кеңес мәжілісін дайындауды жэне кезекті мәжілістердің күн тэртібін нақтылауды қамтамасыз етеді жэне іс жүргізеді;
Кеңес шешімдерін жүзеге асыру шеңберінде мүшелерінің жэне оның іс-қимылына тартылған мамандардың жұмысын үйлестіреді;
қоғамдық кеңесшінің жүмысын ұйымдастыруға көмек көрсетеді.
Кеңес мэжілістері тоқсанына бір реттен кем емес өткізіледі немесе қажеттілігіне орай Кеңес мүшелерінің ұсынысымен Кеңес төрағасы кезектен тыс мэжіліс тағайындауы мүмкін.
Кеңес айқындаған міндеттеріне сәйкес қоғамдық кеңесші үкіметтік емес үйымдары өзара қатынас жасайды жэне Кеңес төрағасына немесе облыс экіміне ақпарат дайындайды.
Кеңес мәжілістерінің күн тэртібі бір жылға жоспарланады. Мәжілістің өткізілу күні мен уақытын Кеңес мүшелерінің келісімімен Кеңес төрағасы белгілейді.
Кеңес шешімдері үсынымдық сипатта болады жэне ашық дауыспен қабылданады. Жалпы қатысушылардың көпшілік дауысы берілгенде, шешім қабылданды деп саналады жэне хаттамамен рәсімделеді. Кеңес мүшелерінің ерекше пікірлері міндетті түрде хаттамада көрсетілу тиіс.
15.0блыс әкімінің немесе облыс әкімиятының қарауына Кеңес ұсыныстарын Кеңес атынан Төраға енгізеді.
Кеңес қызметін қамтамасыз ету
16. Кеңес іс-қимылын үйымдастыру-техникалық қамтамасыз ету облыстық ішкі саясат департаментіне жүктеледі.
Облыс әкімиятының
2003 жылғы «3» шілдедегі
№ 554 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН 2 Қосымша
Қызылорда облысы экімі жанындағы мемлекеттік басқару органдары,
жеке бизнес және үкіметтік емес үйымдардың
Әлеуметтік Әріптестік Кеңесінің
Қ¥РАМЫ
1. Қуандықов Болатбек Баянұлы облыс әкімінің орынбасары, Кеңес төрағасы
2. Әбенов Мұрат Абдуламитұлы облыстық ішкі саясат департаментінің директоры,
Кеңес төрағасының орынбасары
3. Ыбраева Әлия Әсембекқызы облыстық ішкі саясат департаментінің анализ және
талдау бөлімінің бастығы, Кеңес хатшысы
Кеңес мүшелері:
4. Шаменова Балжан Мұралықызы облыстық экономика басқармасының бастығы
5. Мәселеева Майдан Аяшқызы облыстық еңбек, жұмыспен қамту жэне халықты
әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы
6. Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы облыстық денсаулық сақтау басқармасының
бастығы
7. Жолдыбаев Бейбіт ҮЕҰ(НПО) ассоциациясының президенті (келісімі
бойынша)
8. Молдыраймов Арыстанбек «Невада - Семей» халықаралық ядролық қаруға
қарсы қозғалысының төрағасы
(келісімі бойынша)
9. Исаева Құралай Арал және Чернобыль балалары халықаралық
ұйымының директоры (келісімі бойынша)
10. Атакеев Құрбанбек қалалық мүгедектер қоғамының төрағасы (келісімі
бойынша)
11. Сәрсенбаев Хусаин «Харрикейн Құмкөл Мұнай» ААҚ жұртшылықпен
байланыс жөніндегі менеджері (келісімі бойынша)
12. Харольд Шульц «Казгермұнай» БК қаржы директорының
орынбасары (келісімі бойынша)
13. Нұрпеисов Мұрат «КОР» ЖАҚ қаржы директоры
(келісімі бойынша)
14. Айдарбаев Алик «Тургай Петролиум» ЖАҚ президенті (келісімі бойынша)
15. Майлыбеков Рахаддин «Казкоммерцбанк» ЖАҚ Қызылорда филиалының
директоры (келісімі бойынша)
16. Бектаева Дина Кедейлікпен күресті үйлестіру жѳніндегі орталығының директоры (келісімі бойынша)
17. Ақмағамбетова Дариха Қызылорда облыстық әйелдер Кеңесінің тѳрайымы (келісімі бойынша)
18. Алисов Марат «Қазақстан жастары ақпараттық қызметі» қоғамдық
ұйымының Қызылорда облыстық филиалының
директоры (келісімі бойынша)