Об утверждении положения о государственном учреждении «Управление природных ресурсов и регулирования природопользования Восточно-Казахстанской области» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 7) тармақшасына, 164-бабына, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 16 маусымдағы № 156 қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап жиырма күнтізбелік күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.А. Нұрбаевқа жүктелсін.
Басқа 7. «Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 25 сәуірдегі № 95 қаулысымен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) табиғи ресурстарды қорғау және табиғат пайдалануды реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 4
4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 5
5. Басқарманың егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 6
6. Басқарма өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Басқарманың орналасқан жері: 070004, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Борис Керімбаев көшесі, 19
Тармақ 9
9. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 10
10. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2 тарау. Басқарманың міндеттері мен өкілеттіктері
2 тарау. Басқарманың міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 12
12. Міндеттері:
Тармақша 1
1) орман және аңшылық ресурстарын, су объектілерін мемлекеттік реттеу және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) орман, су және аңшылық шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
Тармақша 3
3) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өсімдіктер, жануарлар дүниесінің, типтік, бірегей және сирек кездесетін ландшафттарының биологиялық саналуандығын сақтау болып табылады.
Тармақ 13
13. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: мемлекеттік органдар мен ұйымдардан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген көлемде өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды, ақпарат пен материалдарды сұрату және алу; басымдықтарды, тұжырымдамаларды, нормативтік материалдарды, нысаналы бағдарламаларды, талдамалық шолулар мен болжамдарды әзірлеуге қатысу үшін қажет болған жағдайларда ғылыми қызметкерлер мен мамандарды тарту; облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша облыстық коммуналдық мүлік құрамындағы акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқығын жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) міндеттері: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. Функциялары:
Тармақша 1
1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 2
2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастырады және жүргізеді;
Тармақша 3
3) өз құзыреті шегінде 2-санаттағы объектілер үшін әсер етуге экологиялық рұқсаттар береді;
Тармақша 4
4) қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияларды қабылдайды және қоршаған ортаға әсер ету туралы қабылданған декларациялар бойынша жиынтық деректерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жібереді;
Тармақша 5
5) экологиялық рұқсаттар мен қоршаған ортаға әсер ету туралы декларациялардың тізілімін жүргізеді;
Тармақша 6
6) қоғамдық тыңдауларды ұйымдастырады және өткізеді;
Тармақша 7
7) Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын үш жылдық перспективаға әзірлейді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келіседі;
Тармақша 8
8) тиісті жергілікті өкілді органға және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есеп жыл сайын, есепті кезең аяқталғаннан кейін 1 ақпаннан кешіктірмей ұсынады;
Тармақша 9
9) жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы Ұлттық және Интерактивті баяндамаларын әзірлеу қағидаларына сәйкес Ұлттық баяндаманы жасау үшін ақпарат береді;
Тармақша 10
10) әрбір бес жылдық кезеңге арналған сапаның нысаналы көрсеткіштерін әзірлейді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келіседі;
Тармақша 11
11) халқы он мың адамнан асатын елді мекендерде атмосфералық ауаға ластағыш заттар шығарындыларының стационарлық көздерін түгендеуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 12
Тармақша 13
13) климаттың өзгеруіне бейімдеу үшін басым мемлекеттік басқару салалары бойынша климаттың өзгеруіне осалдықты бағалауды жүргізеді;
Тармақша 14
14) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша экологиялық залалды жою жөніндегі қажетті іс-шараларды жүргізеді;
Тармақша 15
15) қоршаған орта сапасының бекітілген нысаналы көрсеткіштерін ескере отырып, жергілікті деңгейде мемлекеттік экологиялық саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 16
16) жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғауға қатысты мәселелер бойынша шешімдер қабылдау процесіне қатысу құқығының сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 17
17) жыл сайын 1 мамырға дейін ресми интернет-ресурста өткен жылғы: қоршаған орта сапасының бекітілген нысаналы көрсеткіштері және барлық тиісті индикатордың нақты нәтижелері туралы; мемлекеттік экологиялық саясаттың жергілікті деңгейде іске асырылу барысы туралы; қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы және жергілікті бюджеттің осындай іс-шараларға арналған шығыстары туралы; қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін жергілікті бюджетке түскен төлемнің жалпы сомасы туралы ақпаратты орналастырады;
Тармақша 18
18) өз аумағында иесіз қалдықтардың анықталуын қамтамасыз етеді және осындай қалдықтардың бар екендігі туралы хабар алынған кезден бастап алты ай ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органды хабардар етуге және осындай қалдықтарды республикалық немесе коммуналдық меншікке түсті деп тану туралы талаппен сотқа жүгінуге міндетті;
Тармақша 19
19) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен иесіз қалдықтарды басқару қағидаларына сәйкес сот шешімімен мемлекеттік меншікке түсті деп танылған иесіз қалдықтарды басқаруды жүзеге асырады;
Тармақша 20
20) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларына қатысты конкурсты ұйымдастырушы болады, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша конкурстық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 21
21) аудандар мен қалалар әкімдіктерінің ұсынуы бойынша қалдықтардың түзілу көлемін азайтуды, түзілетін қалдықтарды қалпына келтіру үлесін ұлғайтуды, олардың қауіптілік деңгейін төмендетуді, қалдықтардың түзілу көлемін азайтуға бағытталған технологияларды енгізетін кәсіпкерлік субъектілерінің шаруашылық қызметін ынталандыру жөніндегі іс-шараларды айқындайды және жүзеге асырады, өнім өндіру (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) процесінде түзілетін қалдықтарды қалпына келтіруді жоспарлайды, осындай қалдықтарды жинау мен дайындауды, тиісті кәсіпорындар мен цехтар салуды жүзеге асырады, сондай-ақ қалдықтарды қалпына келтіруге арналған жабдықтар өндіруді ұйымдастырады, қалдықтардың түзілу көлемін азайту және түзілетін қалдықтарды қалпына келтіру үлесін ұлғайту жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру жөніндегі облыстық әкімші болып табылады;
Тармақша 22
22) мемлекеттік орман саясатын қалыптастыру және оны іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысады;
Тармақша 23
23) ормандарды күзетуді, қорғауды, молықтыру мен орман өсіруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, облыстың жергілікті атқарушы органының функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейді;
Тармақша 24
24) мемлекеттік орман қоры аумағында орман өрттерінің профилактикасы және оларға қарсы күрес жөніндегі жыл сайынғы іс-шаралар жоспарларын әзірлейді, бекітеді және олардың орындалуын іске асырады;
Тармақша 25
25) орман өрттерін сөндіруге арналған ұйымдардың ерікті өртке қарсы құралымдарының және басқа да құралдарының жұмыс істеуіне, осы жұмысқа тартылатын жеке тұлғаларды жүріп-тұру, өрт сөндіру құралдарымен, тамақпен және медициналық көмекпен қамтамасыз ету бойынша жәрдем көрсетеді;
Тармақша 26
26) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өртке қарсы ерікті құралымдардың жұмыс істеуіне жәрдем көрсетеді;
Тармақша 27
27) мемлекеттік орман қоры аумағында табиғи өрттерді сөндіру үшін ормандағы өрт қаупі жоғары маусымға арналған жанар-жағармай материалдарының қорын, сондай-ақ орман өрттерін сөндіру үшін әуе кемелерін тарту қажет болған жағдайда авиациялық отын қорын жасайды
Тармақша 28
28) шаруа және фермер қожалықтарының және өзге де ауыл шаруашылығы ұйымдарының орман қорына іргелес аумақтарда ауыл шаруашылығы алқаптарында, жайылымдар мен шабындықтарда сабанды, аң және өзге де өсімдік қалдықтарын жағуды, шөптесін өсімдіктерді күйдіруді жүргізуіне бақылауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 29
29) өртке қарсы насихатты ұйымдастырады, ормандарды сақтау, ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларының орындалуы туралы мәселелерді бұқаралық ақпарат құралдарында үнемі жариялап отырады;
Тармақша 30
30) қажет болған жағдайларда осы мақсат үшін арнайы комиссиялар құру жөнінде ұсыныстар енгізе отырып, облыс аумағында орман өрттерімен күрес жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
Тармақша 31
31) орман қоры аумағында орманның зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес және оның санитариялық жай-күйін жақсарту жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 32
32) жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу жөнінде, орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жөніндегі авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдық іс-шаралар жүргізу кезінде, сондай-ақ орманда өрт қаупі жоғары кезеңдерде орман пайдалану құқығын шектеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 33
33) облыстың жергілікті атқарушы органдарының функционалдық қарауындағы орман қорын мемлекеттік есепке алу, мемлекеттік орман кадастры, ормандардың мемлекеттік мониторингі бойынша материалдарды оларды орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ұсыну үшін дайындайды;
Тармақша 34
34) облыстың жергілікті атқарушы органының функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде аяқталған объектілерді және орман шаруашылығы іс-шараларын жүргізу нәтижесінде өндірілген дайын өнімді қабылдайды;
Тармақша 35
35) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерінің жобаларын (түбірімен босатылатын сүрек үшін мөлшерлемелерді қоспағанда) әзірлейді;
Тармақша 36
36) облыстың жергілікті атқарушы органының функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның және облыстың жергілікті өкілді органының қатысуымен орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөнінде тендерлер ұйымдастырады және өткізеді;
Тармақша 37
37) жергілікті атқарушы органға орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген облыстың жергілікті атқарушы органының қарамағындағы мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілері үшін учаскелер беру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 38
38) өздерінің ведомстволық бағынысындағы орман мекемесінің рәміздерін (эмблемасы мен туын) бекітеді;
Тармақша 39
39) жергілікті атқарушы органға уәкілетті орган айқындаған тәртіппен басқа санаттағы жерді орман қорының жеріне ауыстыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 40
40) жергілікті атқарушы органға орман қоры жерлерінің санатынан орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру жөнінде арнайы комиссия құру туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 41
41) орман қорының жерін ауыстыруға қатысты жобалар бойынша қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырады;
Тармақша 42
42) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 43
43) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi ведомстволық ұйымдардың қызметiн үйлестiру мен бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 44
44) жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тiзбесiн бекiту бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 45
45) жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен аңшылық алқаптар шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру мен аңшылық шаруашылығын қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнiнде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 46
46) жануарларға ауырып қалған, бекітіліп берілмеген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде олардың қырылу қаупі төнген жағдайда оларға көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
Тармақша 47
47) аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптарды бекітіп беру бойынша конкурстар өткізеді;
Тармақша 48
48) жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, сондай-ақ жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген түрлерiн қолдан өсiру жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады;
Тармақша 49
49) аңшылық алқаптарының резервтiк қорында жануарлар дүниесiн қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
Тармақша 50
50) балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорын қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
Тармақша 51
51) ғылыми зерттеулер негізінде балық шаруашылығы су айдындары мен (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізеді
Тармақша 52
52) рекреациялық балық аулау аймағын белгілеу бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 53
53) балық шаруашылығы учаскелерінің шекараларын белгілеу, ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді) ашу және жабу бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 54
54) екі және одан да көп облыс аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулау, сондай-ақ сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарлар түрін қоспағанда, жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат береді;
Тармақша 55
55) облыс аумағында жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;
Тармақша 56
56) резервтік қордың балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балықтардың қырылу қаупі туындаған жағдайларда уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің шешімі негізінде мелиорациялық балық аулауды ұйымдастырады;
Тармақша 57
Тармақша 58
Тармақша 59
59) балық шаруашылығы субъектілеріне кредит беру кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауды жүзеге асырады (2025ж.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі); 59-1) балық өнімдерін қайта өңдеуді субсидиялауды жүзеге асырады; 59-2) аквашаруашылық субъектілерін және аквашаруашылықтың дамуын қамтамасыз ететін субъектілерді субсидиялауды жүзеге асырады; 59-3) құзыреті шегінде аквашаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады
Тармақша 60
60) коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарын басқарады, оларды қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
Тармақша 61
61) мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарын есепке алуды жүргізеді, иесіз су шаруашылығы құрылыстары табылған кезде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген рәсімдерді жүргізеді;
Тармақша 62
62) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 63
63) су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялармен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша ауыз сумен жабдықтау көздерінің су қорғау аймақтарын, белдеулері мен санитариялық қорғау аймақтарын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 64
64) су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялармен келісім бойынша су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 65
65) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен конкурстық негізде, су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру жөнінде ұсыныстар енгізеді және конкурстық комиссия құрады;
Тармақша 66
66) бассейндік кеңестердің жұмысына және бассейндік келісімге қатысады, бассейндік кеңестердің қарауына су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау, елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру жөнінде ұсыныстар енгізеді, бассейндік кеңестердің ұсынымдарын зерделейді, бассейндік кеңестерді іске асыру жөнінде шаралар қабылдайды;
Тармақша 67
67) облыс аумағында су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешеді;
Тармақша 68
68) су шаруашылығы құрылыстарындағы авариялардың зардаптарын жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
Тармақша 69
69) облыс аумағындағы су объектілерінің жай-күйі туралы халықты хабардар етуді жүзеге асырады;
Тармақша 70
70) жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын әзірлейді;
Тармақша 71
Тармақша 72
72) уәкілетті органға республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен экологиялық желілер жүйесін дамыту, республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 73
73) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 74
74) жергілікті маңыздағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту бойынша жаратылыстану ғылыми және техникалық-экономикалық негіздердің мемлекеттік экологиялық сараптамасын әзірлеуді және оны жүргізуді ұйымдастырады;
Тармақша 75
75) жергілікті маңыздағы мемлекеттік табиғи-қорықтық қорлар объектілерінің тізбесін бекіту бойынша ұсыныстар енгізеді, жергілікті маңыздағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту бойынша жаратылыстану ғылыми және техникалық-экономикалық негіздерді бекітеді;
Тармақша 76
76) уәкілетті органмен келісу бойынша жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 77
77) мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы болған кезде уәкілетті органмен келісу бойынша республикалық маңызы бар қалалардың шекараларында орналасқан жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлу бөлігінде олардың техникалық-экономикалық негіздемелерін түзету жобаларын және оларды жоспарлау жобасын (инфрақұрылымды дамытудың бас жоспарын) бекітеді;
Тармақша 78
78) облыстың жергілікті атқарушы органының қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзірлейді және бекітеді, оларды күзетуді, қорғауды және қалпына келтіруді, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 79
79) заңды тұлға мәртебесі бар жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететін қызметтер үшін тарифтердің мөлшерлерін бекіту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 80
80) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізуге қатысады;
Тармақша 81
81) уәкілетті органмен келісім бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлейді және бекітеді және паспорттарды уәкілетті органға тіркеуге (қайта тіркеуге) ұсынады;
Тармақша 82
82) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың барлық түрлерін құру үшін жерді резервте қалдыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 83
83) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың шегінде осы аумақтардың экологиялық жүйелерінің, экологиялық дәліздердің жай-күйіне теріс әсер ететін қызметті, сондай-ақ осы аймақтардың оларды күзету мен пайдалану режимін шектей отырып, барлық түрлерінің күзет аймақтарын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 84
84) облыстың жергілікті атқарушы органының қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйіне, күзетілуіне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 85
85) жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғат ескерткіштерінің шекараларын және аумақтарын қорғау режимінің түрін бекіту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 86
Тармақша 87
87) республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдардың аумағында орналасқан жер учаскелерін пайдалануды белгіленген режимді сақтай отырып жүзеге асырады;
Тармақша 88
88) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 2-тармағының үшінші бөлігінде белгіленген жағдайда, уәкілетті орган ведомствосының ұсынысы бойынша босалқы жерді жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жеріне кері аудару жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 89
89) облыстық мәслихатқа өсімдіктер дүниесін сақтау, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы іс-шаралар жоспарының жобасын енгізеді;
Тармақша 90
90) облыстық мәслихатта тыңдау үшін өсімдіктер әлемімен жұмыс істеу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органның есептерін дайындайды;
Тармақша 91
91) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері, экологиялық желіні дамыту саласындағы ашық ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 92
92) өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы іс-шаралар жоспарларын әзірлейді және іске асырады;
Тармақша 93
93) өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы қызметті ұйымдастырады;
Тармақша 94
94) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде түбірімен босатылатын сүрек үшін мөлшерлемелерді қоспағанда, өсімдіктер дүниесін арнайы пайдалану тәртібімен өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін әзірлейді және облыстық мәслихатқа енгізеді;
Тармақша 95
95) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жабайы өсетін өсімдіктерді пайдалану құқығына шектеу (тоқтата тұру) белгілеу туралы шешімдер қабылдайды;
Тармақша 96
96) жеке және заңды тұлғалардың өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 97
97) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 98) орган жұмысының тиімділігін арттыру үшін цифрлық технологияларды қолдануды қамтамасыз етеді; 99) ақпараттық қауіпсіздік шараларын сақтайды және ақпараттық қауіпсіздік бойынша техникалық құжаттаманың талаптарын орындайды; 100) аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін қолайлы инвестициялық климатты қалыптастыруға және инвестиция тартуға ықпал етеді.
Тарау 3. 3 тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
3 тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
Тармақ 15
15. Басқармаға басшылықты оған жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. Басқарма басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 17
17. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайтын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 18
18. Басқарма басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерін, Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік заңды тұлғалардың директорларын, сондай-ақ олардың орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
Тармақша 2
2) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін, Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік заңды тұлғалардың директорларын, сондай-ақ олардың орынбасарларын көтермелейді және тәртіптік жазаға тартады
Тармақша 3
3) Басқарманың бұйрықтарына қол қояды;
Тармақша 4
4) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, Басқарма қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың атынан өкілдік етеді, сот, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарда Басқарманың мүдделерін білдіруге сенімхаттар береді;
Тармақша 6
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 7
7) ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Тарау 4. 4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 20
20. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 21
21. Басқармаға бекітілген мүлік Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне жатады.
Тармақ 22
22. Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 23
23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізімі:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Шығыс су қоймалары» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Асу-Бұлақ орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Үлкен Нарын орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 4
4. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Верх-Уба орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 5
5. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Зайсан орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 6
6. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Зырян орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 7
7. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Күршім орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 8
8. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Риддер орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 9
9. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Марқакөл орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Мало-Уба орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 11
11. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Пихта орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 12
12. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Самар орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 13
13. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Черемшанка орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 14
14. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Өскемен орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 15
15. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Орман және аңшылық шаруашылығының жедел қимыл отряды» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.