О создании Координационного Совета Қолданыста
Басқа 0
Үйлестіру Кеңесін құру туралы
«Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіру шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 20 сәуірдегі № 377 Жарлығын және «Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестің 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1430 қаулысын орындау мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ішкі істер органдарының мемлекеттік емес күзет қызметі субъектілерімен өз-ара іскер байланысы жөніндегі үйлестіру Кеңесі құрылсын. (әрі қарай-Кеңес).
Тармақ 2
2. Үйлестіру Кеңесінің құрамы мен ережесі 1,2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С. Ретаевқа жүктелсін.
Басқа 4
Бекітілді
Облыс әкімиятының 2003 жылғы
«08 » шілдедегі № 561 қаулысымен
1 қосымша
Қызылорда облысының аумағында аумақтық ішкі істер органдарының
мемлекеттік қүзет қызметі субъектілерімен өз-ара іскер байланысын
қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру Кеңесінің құрамы
Ретаев Серік Сәлімұлы - Облыс әкімінің орынбасары, үйлестіру
Кеңесінің төрағасы
Тұнғышбаев Серікбол Қуатбайұлы - Облыстық ішкі істер басқармасының
бастығының орынбасары, үйлестіру
Кеңесі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Руслан Ормағанбетов - Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-
құқықтық жұмыстар бөлімінің жетекші маманы, үйлестіру Кеңесінің хатшысы
Мүшелері:
Жайсаңбаев Қанатбек - Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік
құқықтық жұмыстар бөлімінің менгерушісі
Сәбденов Қайрат - Облыс прокурорының орынбасары
(келісім бойынша)
Лесеров Тастыбай - Облыстық әділет басқармасы
бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Байжанов Сейлхан - Мамандырылған күзет қызметі
басқармасының бастығы (келісім бойынша)
Уксикбаев Ерлан - Мемлекеттік күзет қызметі бөлімінің
бастығы
(келісім бойынша)
Магзамов Жанайдар - Мемлекеттік емес күзет ұйымының
«Группа-4 Секуритас» ЖААҚ-нің өкілі (келісім бойынша)
Щегай Илларион - Мемлекеттік емес күзет ұйымының
«Омега-8» ЖШС-нің бастығы (келісім бойынша)
Басқа 5
Бекітілді
Облыс әкімиятының 2003 жылғы
« 08 » шілдедегі № 561 қаулысымен
2 қосымша
Қызылорда облысының аумағында аумақтық ішкі істер органдарының
мемлекеттік қүзет қызметі субъектілерімен өз-ара іскер байланысын
қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы Ережелер
1. Жалпы Ережелер
Тармақ 1
1. Қызылорда облысының аумағында аумақтық ішкі істер органдарының мемлекеттік қүзет қызметі субъектілерімен өз-ара іскер байланысын қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру Кеңесі (бұдан әрі- Кеңес) аумақтық принцип бойынша аймақтық деңгейде күзет қызметі субъектілерімен өз ара байланысты үйлестіру мен ұйымдастыруды қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүктелген міндеттерді орындауға байланысты мемлекеттік органдарға көмек көрсететін консультативтік, тұрақты түрде жұмыс істейтін орган.
Тармақ 2
2. Кеңес облыс әкімиятының қаулысымен құрылады, қайта құрылады және таратылады.
Тармақ 3
3. Кеңес төрағасы болып облыс әкімінің орынбасары тағайындалады.
Тармақ 4
4. Кеңестің құрамына мемлекеттік күзет қызметінің бөлім басшылары, басқа мемлекеттік органдарының өкілдері, мемлекеттік емес күзет ұйымдарының басшылары кіреді.
Тармақ 5
5. Кеңес қызметі оның мәжілістерінде бекітілген жоспарлардың негізінде құрылады.
Кеңес, күзет қызметі субъектілерінің жұмысын жоспарлауды ұйымдастыруда және олардың тиімді әдістері мен қызметін үйлестіру тәртібін сонымен қатар олардың аумақтық ішкі істер органдарымен өз-ара іскер байланысын ұйымдастыруда дербес болады.
Тармақ 6
6. Кеңес өзінің мәжілістерін тоқсанына кем дегенінде бір рет өткізеді, кеңес мәжілісіне олардың мүшелерінің қатысуы міндетті.
Кеңес мәжілісіне күзет қызметі субъектілерінің ( жеке күзет ұйымдары, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшелері, мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлімшелері) басшылары шақырылады.
Тарау 2. 2. Кеңестің мақсаттары мен міндеттері
2. Кеңестің мақсаттары мен міндеттері
Тармақ 7
7. Кеңестің негізгі мақсаттары мен міндеттері;
Тармақша 1
1)Аумақтық ішкі істер органдарының қоғамдық тәртіптің және қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі күзет қызметі;
Тармақша 2
2)Қоғамдық тәртіппен қауіпсіздіқтің сақталуын ұйымдастыру және күзет қызметі субъектілерінің қатысуымен қылмысқа қарсы күресті ұйымдастыру жөніндегі жоспарларға әдістемелік нұсқаулар дайындау;
Тармақша 3
3)Қоғамдық тәртіп пен қауіпсізідікті сақтау және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі шараларға қатысу нысандарын жетілдіруге бағытталған шараларды әзірлеу үшін аумақтық ішкі істер органдары және жергілікті атқарушы органдар өкілдері мен мемлекеттік емес күзет ұйымдарының басшыларының кездесуін ұйымдастыру мен өткізу;
Тармақша 4
4)Жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін қылмыстық және басқа құқық бұзушылық әрекеттерден сақтау жөніндегі мемлекеттік емес күзет ұйымдары қызметінің саласын кеңейту;
Тармақша 5
5)Үкімет белгілеген арнайы оқу орталықтарында, ішкі істер және басқа құқық қорғау органдарының қызметін қатыстыра отырып, күзетшілерді дайындау және қайта дайындауда күзет қызметі субъектілеріне көмек көрсету;
Тармақша 6
6)Мемлекеттік емес күзет ұйымдары және ішкі істер органдарымен бірлесе отырып, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау және қылмысқа қарсы күрес жұмысындағы оң тәжірибені тарату. Бұл мақсатта облыстық ардагерлер кеңесін, ішкі істер және басқа құқық органдарын қатыстыру;
Тармақша 7
7)Бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен, күзет қызметі субъектілерінің ішкі істер органдарымен өз-ара іскер байланыс мәселелері жөніндегі үлгі етуге тұрарлық мысалдарын үнемі жариалап отыру.
Тарау 3
Тармақ 3. 3. Кеңестің функциялары
3. Кеңестің функциялары
Кеңес өз құзыреті шегінде занда белгіленген тәртіппен төмендегі функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1)Консультативтік, тұрақты түрде жұмыс істейтін орган ретінде аумақтық принцип бойынша, аймақтық деңгейде күзет қызметі субъектілерінің ішкі істер органдарымен өз-ара іскер байланысты үйлестіру мен ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2)Қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, сондай - ақ қылмысқа қарсы күресте ішкі істер органдарымен өз-ара іскер байланысын күзет қызметі субъектілері патенциалының пайдаланылуын ұйымдастыруға байланысты жұмысын қорытады және талдайды;
Тармақша 3
3)Мемлекеттік органдардың күзет қызметін тексеру тәжірибесін талдайды, оны жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстарды талдайды;
Тармақша 4
4)Қоғамдық тәртіпті сақтау саласындағы өз-ара іскер байланысты және ақпарат алмасуды нығайтуға, құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жөніндегі ескерту шараларын күзет қызметін жүзеге асырушы субъектілердің қолдануына бағытталған шаралар кешенін дайындап, жүзеге асырады;
Тармақша 5
5)Күзетілетін объекітлердегі мүліктік қылмыс пен қылмыстың басқа түрлерінің алдын алу мақсатында мемлекеттік емес күзет ұйымдарының басшыларын криминогендік ақуал туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6)Күзет қызметі саласындағы көкейтесті кәсіби және қоғамдық мәні бар проблемалар жөніндегі күзет қызметі субъектілерінің жұмысына әдістемелік және консультативтік көмек көрсетеді;
Тармақша 7
7)Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.