Об утверждении Положения о дисциплинарном совете Костанайской области Күшін жойған
Басқа 0
Қостанай облысының тәртіптік кеңесі түралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 желтоқсандағы № 1311 «Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тәртіптік кеңестерінің кейбір мәселелері» қаулысының 3-тармағының 1) тармақшасын орындауда ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысының тәртіптік кеңесі туралы қоса беріліп отырған ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қостанай облысы әкімінің 1999 жылғы 6 сәуірдегі № 92 "Қостанай облысының тәртіптік кеңесі туралы" шешімі жойылсын.
Басқа 3. Қостанай облысынын тәртіптік кеңесі туралы ереже
Қазақстан Руспубликасы
Қостанай облысы әкімінің
2003 жылғы 19 тамыздағы
№ 30 шешімімен бекітілген
Қостанай облысынын тәртіптік кеңесі туралы ереже
Осы Ереже Қостанай облысы тәртіптік кеңесінің мәртебесін, әкілеттігін, қызметін ұйымдастыру мен тәртібін анықтайды.
Тармақ 1
1. Қостанай облысының Тәртіптік кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) консультативтік-кеңестік орган болып табылады, оның қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес және мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік этикасын сақтау мәселелері жөніндегі комиссия (бүдан әрі Комиссия) үйлестіріп отырады.
Тармақ 2
2. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының зандарына, Қазақстан Республикасы Президенті және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік актілерге, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады және зандылық, нақтылық және әділеттілік принциптерін басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Кеңестің негізгі міндеттері болып табылады:
Тармақша 1
1) облыс әкімінің және басқа да әкімшілік-аумақтық бірліктерінің әкімдерінің, жергілікті бюджеттен каржыландырылатын атқарушы органдарының, құқық қорғау органдары мен аумақтық мемлекеттік органдарының және ұйымдарының (бүдан әрі — мемлекеттік органдар) басшыларының карауына Қызметтік этиканы бұзғаны немесе тәртіптік жауапкершілікке әкелетін сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген түлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсынымдар енгізу;
Тармақша 2
2) әкімдер және мемлекеттік органдардың басшылары үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде мемлекеттік тәртіпті нығайту, осы Ереженің 9-тармағында атап өтілген түлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және қызметтік этика ережелерінің талаптарын сақтауы жөнінен ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 3
3) Комиссия тапсырмаларын, азаматтардың өтініштерін, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және Қызметтік этиканың ережелерін бұзғандық фактілері туралы басқа көздерден алынған ақпаратты қарау;
Тармақша 4
4) сыбайлас жемқорлықпен күресті ұйымдастырудың тиімділігін арттыруға және осы Ереженің 9-тармағында келтірілген тұлғалардың қызметтік этиканы сақтауына бағытталған ұсыныстарды комиссияның қарауына енгізу;
Тармақша 5
5) осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген тұлғаларға қатысты тәртіптік істерді қарау үшін материалдарды даярлау.
Тармақ 4
4. Кеңесті әкімият құрады және оны төрағадан, мәслихат депутаттары, жергілікті көпшілік өкілдерінен және аумақтық мемлекеттік органдары басшыларынан тұратын кеңестің 7 мүшесі кұрайды.
Кеңестің төрағасын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысымен келісе отырып лауазымына әкім тағайындайды және босатады, төрағалық облыс әкімі орынбасарының лауазымына теңестіріледі.
Кеңес төрағасы және Кеңес секретариатының қызметкерлері мемлекеттік қызметкерлер болып табылады.
Секретариат Кеңестің жұмысшы органы болып табылады, ол әкім аппаратының жалпы саны есебінен құрастырылады. Секретариаттың санын Кеңес төрағасының үсынысы бойынша әкім белгілейді.
Кеңес секретариатының меңгерушісі Кеңес хатшысы болып табылады, ол облыс әкімі аппараты бөлім меңгерушісінің лауазымына теңестіріледі.
Секретариат қызметкерлері мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес лауазымдарына тағайындалады және босатылады.
Кеңес мүшелері өз міндеттерін қоғамдық негізде жүзеге асырады және отырыстарда ауыстыру құқынсыз қатысады.
Тармақ 5
5. Кеңес төрағасы:
Тармақша 1
1) Кеңестің жеке құрамы жөнінен облыс әкімінің қарауына ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 2
2) Кеңес қызметін ұйымдастырады және қызметіне басшылық жасауды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) Кеңес отырыстарының күн тәртібін белгілейді;
Тармақша 4
4) Кеңес отырыстарын шақырады және оларда төрағалық жасайды;
Тармақша 5
5) Кеңес мүшелерінің арасынан кеңес отырысында қаралатын нақты мәселе бойынша баяндамашыны белгілейді;
Тармақша 6
6) тоқсан сайын Комиссия алдында Кеңес жұмысының корытындылары туралы, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер жасаған сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтар бойынша қабылданған шаралар туралы есеп береді;
Тармақша 7
7) тоқсан сайын Кеңес жұмысының қорытындылары туралы облыс әкіміне ақпарат береді;
Тармақша 8
8) оған Қазақстан Республикасының заңнамасымен берілген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Кеңестің отырыстары:
Тармақша 1
1) егер оған Кеңес мүшелері жалпы санының үштен екісінен кем емес бөлігі қатысқан болса өкілетті болып саналады;
Тармақша 2
2) қажеттілігіне байланысты, бірақ екі айда кемінде бір рет
өткізіледі;
Тармақша 3
3) ашық түрде өткізіледі, қажет болған жағдайда, егер қаралатын мәселелер мемлекеттік құпияға байланысты болса,
Кеңес төрағасының шешімі бойынша Комиссиямен келісе отырып, жабық түрде өткізілуі де мүмкін.
Тармақ 7
7. Кеңес отырысқа қатысып отырған Кеңес мүшелері санының қарапайым дауыс көпшілігімен шешім қабылдайды.
Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық жасаушының дауысы шешуші болып табылады.
Кеңес торағасы болмаған жағдайда, оның тапсыруы бойынша, отырыста Кеңес мүшелерінің бірі төрағалық жасайды.
Тармақ 8
8. Кеңес оз құзыреті шегінде мыналарға құқылы:
Тармақша 1
1) өз отырыстарында мемлекеттік органдардың басшыларын және олардың бөлімшелері мен мәслихат аппараттарының лауазымды тұлғаларын тындауға;
Тармақша 2
2) қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдары мен аумақтық мемлекеттік органдардан, мәслихат аппараттарынан, басқа да ұйымдардан олардың алға қойған мақсаттарын орындауға қажетті құжаттарды, материалдар мен ақпаратты сұратуға;
Тармақша 3
3) осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген тұлғалардан ауызша және жазбаша түсініктемелер талап етуге;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органдардың басшыларына осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын және Қызметтік этиканың ережелерін бұзу фактілері бойынша тексерулер мен қызметтік тергеулер жүргізетіндері туралы ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 5
5) қорытындылар беру үшін сарапшылар мен мамандарды, мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тартуға;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі аумақтық органдарымен сыбайлас жемқорлыққа байланысты әрекеттерді қарау мәселері бойынша бірлесе іс-қимыл жасауды жүзеге асыруға.
Тармақ 9
9. Кеңес қалалар, аудандар, кенттер, селолар, селолықт округтер әкімдеріне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен Қызметтік этика ережелерін бұзуға жол берген С (С-1, С-2, С-3 санатындағы қызметкерлерден басқа) Д және Е санаты тобындағы әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерге, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті басқа тұлғаларға және олардың жарғылық капиталындағы мемлекеттік меншіктің жиынтық үлес салмағы отыз бес пайыздан кем болмайтын мемлекеттік органдардағы, жергілікті өзін өзі басқару органдары мен мемлекеттік ұйымдардағы немесе ұйымдардағы басқа түлғаларға, тәртіптік жауапкершілікке әкелетін сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылық жасаған аумақтық құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғаларға қатысты тәртіптік істерді қарайды. Кеңес прокуратура және ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлеріне қатысты тәртіптік істерді қарамайды.
Тармақ 10
10. Комиссия тапсырмасын, азаматтар мен занды тұлғалардың өтініштерін, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын қараудың қорытындылары бойынша Кеңес уәкілетті органға немесе лауазымды тұлғаға тексеріс өткізу жөнінен ұсыныс жасауы мүмкін.
Тармақ 11
11. Кеңес төрағасы қозғаған тәртіптік істі ол өндіріске қабылданғаннан кейінгі үш апталық мерзімде кеңес қарауға тиіс.
Тәртіптік іс қозғағанға және осы Қеңес отырысында қарағанға дейін екі апталық мерзімде іске қатысты жағдайлар мен мәліметтерді зерттеу жүргізіледі, тәртіптік жауапкершілікке тартылып отырған тұлғаның жазбаша түсініктемесі сұратылады, ал Кеңес отырысында тәртіптік істі қарау, әдетте, оның қатысуымен өткізіледі.
Тармақ 12
12. Тәртіптік істің қорытындысы бойынша Кеңес төмендегі
шешімдердің бірін шығара алады:
Тармақша 1
1) жергілікті атқарушы, аумақтық мемлекеттік органдардың,
жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен мемлекеттік ұйымдардың, аумақтық құқық қорғау органдарының, сондай-ақ мәслихат аппаратының басшыларына лауазымды тұлғаға тиісті тәртіптік жаза қолдануды үсыну;
Тармақша 2
2) тәртіптік істің материалдарын тиісті шешім қабылдау үшін кұзырлы мемлекеттік органның немесе лауазымды түлғаның карауына жіберу;
Тармақша 3
3) тәртіптік істі тоқтату.
Тармақ 13
13. Осы Ереженің 9-тармағында корсетілген түлғаның іс- қимылында қылмыс белгілері байқалса, Кеңес тиісті қүжаттар мен материалдарды осы түлғаны белгіленген тәртіппен қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мәселені шешу үшін құқық қорғау органдарына жібереді. Материалдар мен құжаттарды құқық қорғау органдарына жібергені туралы Кеңес Комиссияға хабарлап отырады.
Тармақ 14
14. Кеңес қабылдаған шешіммен келіспейтін осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызметкерлер мен басқа да тұлғалардың Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес сотқа шағынуға құқы бар.
Тармақ 15
15. Кеңес және оның секретариатының қызметін материалдық-техникалық, ұйымдастыру және ақпараттық-талдау жағынан қамтамасыз етуді облыс әкімінің аппараты жүзеге асырады.