О комиссии по делам семьи и женщин при акиме Костанайской области Күшін жойған
Басқа 0
Қостанай облысы әкімінің жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комиссия туралы
"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы отбасы және
әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы
Президентінің Жарлығын іске асыру мақсатында ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. Комиссияның құрамы және облыс әкімінің жанындағы отбасы және
әйелдер ісі жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Қостанай облысы әкімінің 1999 жылғы 17 ақпандағы № 35, 1999 жылғы
19 мамырдағы № 71, 1999 жылғы 20 сәуірдегі № 105, 1999 жылғы 27
желтоқсандағы № 263, 2000 жылғы 9 наурыздағы № 60 шешімдерінің күші
жойылған деп есептелсін.
Басқа 3. Қостанай облысы әкімінің жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі
комиссия құрамы
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
2003 жылғы 20 тамыздағы
№ 32 шешімімен
бекітілген
Қостанай облысы әкімінің жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі
комиссия құрамы
Бағила Бірмағамбетқызы
БАЙМАҒАМБЕТОВА
Қостанай облысы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Вера Григорьевна
СЕМЕНОВА
комиссия хатшысы
Ольга Афанасьевна
АБАЛАКОВА
"Костанайские новости" газетінің тілшісі (келісім бойынша)
Зоя Мирзовна
АБУЛОВА
Қостанай ауданы мәдениет бөлімінің меңгерушісі
Ирина Петровна
АРОНОВА
аз қамтылған азаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық қордың директоры
Гүлмира Қуанышқызы
ӘУЕЗБЕКОВА
"Дом" салонының директоры (келісім бойынша)
Қамшат Байғазықызы
ДӨНЕНБАЕВА
зейнеткер, Социалистік Еңбек Ері (келісім бойынша)
Маркиза Жарыққызы
ЖАҚСЫБЕРГЕНОВА
Қостанай қаласы әкімі аппаратының басшысы
Дина Махатқызы
ЖАМАНШАЛОВА
Алтынсарин ауданындағы "Сосновый бор" санаторийі ААҚ бас дәрігері
Ольга Андреевна
КИКОЛЕНКО
облыстық еңбек және халықты әлеуметгік қорғау басқармасының бастығы
Наталья Павловна
КИМ
ҚР ІІМ Қостанай заң институтының сырттай оқу факультетінің бастығы (келісім бойынша)
Зора Сексенбайқызы
КӨШКІНБАЕВА
"Виктория" ЖАҚ Қостанай филиалының директоры (келісім бойынша)
Көпей Әбдірахманқызы
МАЛШЫБАЕВА
зейнеткер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері (келісім бойынша)
Тамара Федоровна
МАТВИЕНКО
олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқу бөлімінің меңгерушісі
Татьяна Владимировна
ТОКАРЕВА
облыс әкімінің кеңесшісі
Мәлике Ғалымжанқызы
ТӨЛЕМІСОВА
"Сұлтан" ЖШС директоры (келісім бойынша)
Басқа 4. Қостанай облысы әкімінің жанындағы отбасы және
әйелдер ісі жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
2003 жылғы 20 тамыздағы
№ 32 шешіміне
қосымша
Қостанай облысы әкімінің жанындағы отбасы және
әйелдер ісі жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Облыс әкімі жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі
комиссия ( бұдан әрі - комиссия) консультативтік-кеңесші орган болып
табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия қызметінің құқықтық негізін Қазақстан
Республикасының Конституциясы мен заңдары, Президенттің актілері және
қаулылары құрайды.
Тарау 2. 2. Комиссияның негізгі міндеттері
2. Комиссияның негізгі міндеттері
Тармақ 3
3. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясын жүзеге
асырудың аймақтық ерекшеліктерін ескере отырып, өйелдер және
балаларға қатынасты кешенді мемлекеттік саясат қалыптастыру үшін
басымдықтарды анықтау және ұсынымдар әзірлеу;
Тармақша 2
2) отбасын, әйелдерді және балаларды әлеуметтік, экономикалық заң
және психологиялық қолдаудың кешенді жүйесін әзірлеуге көмектесу;
Тармақша 3
3) халықтың өсуі мен денсаулық жағдайын, отбасы тұрмысының
әлеуметтік және экономикалық жағдайлар үрдісін сипаттайтын
көрсеткіштеріне кешенді талдау жасау;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органдардың, қоғамдық құрылымдардың және
азаматтардың комиссия құзырына кіретін мәселелері бойынша
ұсыныстарды қарау және облыс әкіміне ұсынымдар даярлау;
Тармақша 5
5) "Қазақстан-2030" Стратегиясын ескере отырып, отбасы, әйелдер
және балаларға қатысты мемлекеттік саясаттың тұжырымдамалары мен
бағдарламаларын әзірлеуте қатысу;
Тармақша 6
6) отбасы, әйелдер және балалар жағдайын жақсартуға бағытталған
заңды және басқа да нормативтік құқықтық актілердің жобаларын даярлау
мен қарауға қатысу;
Тармақша 7
7) органдардың лауазымды тұлғаларының отбасы, әйелдер және
балалар мәселелері бойынша мемлекеттік заң талаптарын сақтауын
қамтамасыз етулері жөнінен облыс әкіміне ұсынымдар және ұсыныстарын
әзірлеу;
Тармақша 8
8) облыста отбасы, әйелдер және балалар түрғысын толығырақ
көрсету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесе жұмыс істеу;
Тармақша 9
9) азаматтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының отбасы, әйелдер
және балалар мәселелеріне қатысты өтініштерін, хабарламаларын қарау.
Тарау 3. 3. Комиссияның өкілеттіктері
3. Комиссияның өкілеттіктері
Тармақ 4
4. Комиссия өз құзыры шегінде мыналарға құқылы:
Тармақша 1
1) өз отырыстарында мемлекеттік органдардың басшыларын, облыс
әкіміне тікелей және есеп беруші жергілікті атқарушы органдардың
басшыларын тыңдауға;
Тармақша 2
2) құқық қорғауды қосқандағы мемлекеттік органдар мен
ұйымдардан қажетті құжаттарды, материалдарды және ақпаратты сұратуға;
Тармақша 3
3) тиісті мемлекеттік органдардың басшыларынан отбасы, әйелдер
және балалар мәселесіне қатысты заңдардың бұрмалану фактілері бойынша
тексерулер мен қызметтік тергеулерді талап етуге;
Тармақша 4
4) басшылық лауазымдарга әйелдердің кандидатураларын ұсынуға
және бекітуге көмектесуге;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерге отбасы, әйелдер
және балалар мәселелері бойынша статистикалық, талдау, әдістемелік және
басқа да ақпараггық материалдарды жіберуге;
Тармақша 6
6) азаматтардан келіп түскен өтініштер, бұқаралық ақпарат
құралдарының хабарламаларын қарау қорытындысы бойынша нақтылы
шешім қабылдау үшін материалдарды тиісті мемлекеттік органдарды немесе
лауазымды тұлғалардың қарауына жіберуге.
Тарау 4. 4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 5
5. Комиссия төрағадан, оның орынбасарынан және мүшелерінен тұрады.
Облыс әкімі оның сандық және жеке құрамын белгілейді.
Тармақ 6
6. Комиссияның отырысы қажет болған жағдайда, тоқсанына кеміне
бір рет өткізіледі.
Тармақ 7
7. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 8
8. Комиссия төрағасы:
Тармақша 1
1) комиссияның жеке құрамы жөнінен облыс әкімінің қарауына ұсыныс енгізеді;
Тармақша 2
2) комиссия қызметін ұйымдастырады және оған басшылық жасайды;
Тармақша 3
3) комиссияның күн тәртібін анықтайды;
Тармақша 4
4) комиссияның отырыстарын шақырады және онда төрағалық
жасайды. Комиссия төрағасы болмай қалған жағдайда оның тапсыруы
бойынша отырыстарда орынбасары немесе мүшелерінің бірі төрағалық
етеді;
Тармақша 5
5) комиссия өз жұмысының қорытындылары жайында облыс
әкімінің алдында жүйелі түрде есеп беріп отырады.