Об установлении ограничительных мероприятий на улицах А.Курбантаева и К.Сатпаева села Акбулак Акбулакского сельского округа Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақбұлақ ауылдық округі Ақбұлақ ауылы Ә.Құрмантаев және Қ.Сәтпаев көшелерінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы басшысы міндетін уақытша атқарушысының 2022 жылғы 22 сәуірдегі №08-02-03/316 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Бруцеллез ауруының ошағы анықталуына байланысты Ақбұлақ ауылдық округі Ақбұлақ ауылы Ә.Құрмантаев және Қ.Сәтпаев көшелерінде шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.