О силах и средствах по ликвидации последствий возможных землетрясений в городе Алматы и Алматинской области Қолданыста
Басқа 0
Алматы қаласы мен Алматы облысында болуы мүмкiн жер сiлкiнiстерiнiң зардаптарын жоюға бөлiнген күштер мен құралдар туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 30 желтоқсандағы "Алматы қаласында, Алматы және Талдықорған облыстарында болуы мүмкiн жер сiлкiнiстерiнiң залалын азайту және олардың зардаптарын жою жөнiндегi қосымша шаралар туралы" № 1490 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының сейсмикалық қауiптi аймақтарында болуы мүмкiн қиратқыш жер сiлкiнiстерiнен болған зиянда азайту мақсатында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Алматы қаласы мен Алматы облысында болуы мүмкiн жер сiлкiнiстерiнiң зардаптарын жоюға бөлiнген күштер мен құралдардың әзiрлiгi қосымшаға сәйкес қамтамасыз етiлсiн.
Тармақ 2
2. Облыс қалаларының әкiмдерi осы қаулыға сәйкес күштер мен құралдар тобына енетiн құрылымдарды анықтау және жасақтау жөнiнде шаралар қолдансын.
Тармақ 3
3. Облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарма (келiсiм бойынша) күштер тобын темiржол және әуе көлiгiмен тасымалдау есептерiн келiсудi жүргiзсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ж.Ж. Нұрғалиевке жүктелсiн.
Басқа 5. Алматы қаласы мен Алматы облысында болуы мүмкiн жер сiлкiнiстерiнiң зардаптарын жоюға бөлiнетiн күштер мен құралдар
Облыс әкiмдiгiнiң
2003 жылғы 25 шілдедегі
"Алматы қаласы мен Алматы
облысында болуы мүмкiн жер
сiлкiнiстерiнiң зардаптарын жою
жөнiндегi күштер мен құралдар туралы"
№ 168/7 қаулысына қосымша
Алматы қаласы мен Алматы облысында болуы мүмкiн жер сiлкiнiстерiнiң зардаптарын жоюға бөлiнетiн күштер мен құралдар
Кiм бөледi
Жеке құрамның саны, адам
Техника саны, бiрлiк
1. Алматы қаласы үшiн
Облыстық суда құтқару қызметi
10
2
Облыстық өртке қарсы мемлекеттiк қызмет басқармасы
52
13
Облыс iшкi iстер басқармасы
150
20
№ 5512 әскери бөлiмше
190
6
Облыс денсаулық сақтау департаментi
952
Облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарма
377
114
Облыстық телекоммуникациялар дирекциясы
13
2
Павлодар қаласы
601
169
Екiбастұз қаласы
312
63
Ақсу қаласы
164
33
2. Алматы облысы үшiн
Облыс денсаулық сақтау департаментi
175
Облыс iшкi iстер басқармасы
150
20
Павлодар қаласы
502
109
Екiбастұз қаласы
296
101
Ақсу қаласы
62
10