Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 2-17/63 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Ырғыз ауданы Құмтоғай ауылдық округінің Құмтоғай ауылының О.Тәтеұлы көшесінің № 2, № 4/1, № 6, № 7 үйлерінде, О.Жұмабаев көшесінің № 1, № 5, № 9/1, № 10 үйлерінде, А.Рысбаев көшесінің № 8/1, № 8/2, №10, № 11/1, № 12 үйлерінде, Қ.Шегебаев көшесінің № 2/1, № 2/2, № 3 үйлерінде мүйізді ірі қара малдары арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құмтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 4.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.