Об утверждении Правил проведения экспертизы по внутристрановой ценности Қолданыста
Басқа 0
Елішілік құндылық бойынша сараптама жүргізу қағидаларын
бекіту туралы
«Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 6) тармақшасына және «Мемлекеттiк статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 16-бабының 3-тармағының 2) және 2-1) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Елішілік құндылық бойынша сараптама жүргізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттiгiнің Ұлттық
статистика бюросы
Басқа 0. Елішілік құндылық бойынша сараптама жүргізу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
міндетін атқарушының
2022 жылғы 11 мамырдағы
№ 261 бұйрығына қосымша
Елішілік құндылық бойынша сараптама жүргізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Елішілік құндылық бойынша сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленген және өнеркәсіптік-инновациялық жобаларға елішілік құндылық бойынша сараптама жүргізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) бiртектi тауарлар – бiрдей болмаса да, сол бiр функцияларды орындауына мүмкiндiк беретiн ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрауыштардан тұратын тауарлар;
Тармақша 2
2) бірыңғай индустрияландыру картасы – өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың жиынтығы;
Тармақша 3
3) елішілік құндылық – ішкі нарықта өндірілген тауарлардың және жүзеге асырылған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің өндірілген тауардың, жүзеге асырылған жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің жалпы көлеміндегі пайыздық мөлшері;
Тармақша 4
4) елішілік құндылық бойынша сараптама – бірыңғай индустрияландыру картасына енгізуге үміткер өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің өнеркәсіптік-инновациялық жобасындағы ел ішіндегі құндылығын бағалау;
Тармақша 5
5) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган – өнеркәсіп саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіру мен өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 6
6) өнеркәсіптік-инновациялық жоба – технологиялар трансфертіне, жаңа өндірістерді құруға (жұмыс істеп тұрғандарын жетілдіруге) және (немесе) инновациялық қызметті жүзеге асыруға бағытталған, белгілі бір уақыт ішінде іске асырылатын іс-шаралар кешені;
Тармақша 7
7) қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі қазақстандық тауар өндірушілер мен Қазақстанда шығарылатын, олар өндіретін тауарлар туралы мәліметтерді қамтитын «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектісі болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. Елішілік құндылық бойынша сараптама жүргізу тәртібі
2-тарау. Елішілік құндылық бойынша сараптама жүргізу тәртібі
Тармақ 3
3. Елішілік құндылықты дамыту және мониторингтеу саласында ақпараттық-талдамалық, консультациялық, оның ішінде елішілік құндылықты сараптау бойынша қызметтерді елішілік құндылықты дамыту саласындағы ұлттық даму институты (бұдан әрі – ұлттық институт) көрсетеді.
Тармақ 4
4. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің өнеркәсіптік-инновациялық жобасын іске асыру кезінде пайдаланылатын тауарлардың жалпы құнынан тауарларда белгіленген елішілік құндылық үлесінің құны туралы ақпаратты уәкілетті орган ұлттық институтқа осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді.
Тармақ 5
5. Өнеркәсіптік-инновациялық жобаның ел ішіндегі құндылығы бойынша сараптама уәкілетті органнан ақпаратты алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Елішілік құндылық бойынша сараптаманы жүргізу үшін ұлттық институт ұсынылған ақпаратты біртекті тауарларды іздеу мақсатында Тізілімде бар тауарлар туралы ақпаратпен салыстырып тексереді.
Біртекті тауарларға іздеу жүргізу қорытындылары бойынша ұлттық институт осы Ережелерге 2-қосымшаға сәйкес әкімшілік көрсеткіштерді есептеу әдістемесі бойынша елішілік құндылық үлесі құнының пайыздық мөлшерін есептейді.
Тармақ 7
7. Ел ішіндегі құндылық бойынша сараптаманың нәтижесі бірінші басшының не оны алмастырушы адамның, сондай-ақ ел ішіндегі құндылық бойынша осы сараптаманы жүргізген адамдардың қолы қойылған ұлттық институттың фирмалық бланкідегі сараптамалық қорытынды болып табылады.
Сараптамалық қорытынды мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) сараптамалық қорытындының күні, нөмірі;
Тармақша 2
2) өнеркәсіптік-инновациялық жобаның мақсаты;
Тармақша 3
3) тауарларда белгіленген елішілік құндылық үлесі құнының өнеркәсіптік-инновациялық жобаны іске асыру кезінде пайдалануға жоспарланған тауарлардың жалпы құнынан пайыздық қамтылуы.
Тармақ 8
8. Сараптамалық қорытынды мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалады, оның бір данасы қол қойылған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жіберіледі, екіншісі ұлттық институтта сақталады.
Басқа 1
Елішілік құндылық бойынша
сараптама жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/mps.
Әкімшілік нысанның атауы: Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің өнеркәсіптік-инновациялық жобасын іске асыру кезінде пайдаланылатын тауарлардың жалпы құнынан тауарларда белгіленген елішілік құндылық үлесінің құны туралы ақпарат.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): СДМП 1.
Кезеңділік: біржолғы.
Есепті кезең: елішілік құндылық бойынша сараптама жүргізуге өтінім берген күнге ағымдағы жыл.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және олардың жарғылық капиталындағы дауыс беретін акциялардың (қатысу үлестерінің) елу немесе одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, бірақ ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компаниялардың дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу немесе одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлғаларды, егер олар жеке тұлғаларға немесе кейіннен сатып алу құқығымен мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сенімгерлік басқаруға берілген болса, қоспағанда; жүйе құраушы кәсіпорындар; табиғи монополия субъектілері, бірақ шағын қуатты табиғи монополия субъектілерін қоспағанда.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды тапсыру мерзімі: әлішілік құндылық бойынша сараптама жүргізуге өтінім берген кезде.
ЖСН/БСН
(деректерді жеке адамдар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды)
Жинау әдісі: «Қазақстандық қамту» интернет-порталы мемлекеттік ақпараттық жүйесінде электрондық түрде.
Әкімшілік нысанның атауы: Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің өнеркәсіптік-инновациялық жобасын іске асыру кезінде пайдаланылатын тауарлардың жалпы құнынан тауарларда белгіленген елішілік құндылық үлесінің құны туралы ақпарат.
Кесте
Сатып алынатын тауарлар атауы
Сатып алынатын тауарлардың қысқаша сипаттамасы
ТЖҚ БНА бойынша тауарлар коды
Өлшем бірлігі
Заттай мәнде сатып алудың жоспарланған көлемі
ҚҚС-ты есепке алғанда, сатып алуға жоспарланған сома, мың теңге
Әлеуетті өнім берушілер
ТЖКҚ беруші елі
Ел коды
Елішілік құндылық болжамды үлесі, %
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
20__ жыл
Тауарлар
20__ жыл
Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің атауы _______________________
Мекенжайы ________________________________
Телефоны __________________________________
Электрондық почта мекенжайы ________________
Орындаушы ________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) _________ қолы, телефон)
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам _______________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) ___________ қолы)
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ТЖҚ БНА – тауарлардың, жұмыстардың, және қызметтердің біріңғай номенклатуралық анықтамалығы;
ҚҚС - қосылған құн салығы.
Басқа 1.1
Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің өнеркәсіптік-инновациялық жобасын іске асыру кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы құнынан тауарларда, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерде белгіленген елішілік құндылық үлесінің құны туралы ақпарат нысанына қосымша
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну бойынша түсіндірме «Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің өнеркәсіптік-инновациялық жобасын іске асыру кезінде пайдаланылатын тауарлардың жалпы құнынан тауарларда белгіленген елішілік құндылық үлесінің құны туралы ақпарат»
(СДМП 1 индексі, кезеңділік біржолғы)
Тармақ 1
1. «Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің өнеркәсіптік-инновациялық жобасын іске асыру кезінде пайдаланылатын тауарлардың жалпы құнынан тауарларда белгіленген елішілік құндылық үлесінің құны туралы ақпарат» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанның 1-бағанда сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтің атауы көрсетіледі;
Тармақ 2
2. 2-бағанда сатып алынатын тауардың атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы (техникалық шарттары, қасиеттері және сипаттамалары) көрсетіледі;
Тармақ 3
3. 3-бағанда тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің біріңғай номенклатуралық анықтамалығына сәйкес тауардың коды көрсетіледі;
Тармақ 4
4. 4-бағанда тауардың өлшем бірлігі көрсетіледі;
Тармақ 5
5. 5-бағанда тауардың көрсетілген өлшем бірлігіне сәйкес заттай көріністе тауарды сатып алудың жоспарланған көлемі көрсетіледі;
Тармақ 6
6. 6-бағанда қосылған құн салығын ескере отырып, тауарларды сатып алудың жоспарланған сомасы көрсетіледі, мың теңгемен (жүздік үлестері бар сан);
Тармақ 7
7. 7-бағанда жоспарланған өнім берушілер көрсетіледі;
Тармақ 8
8. 8-бағанда тауарды өнім беруші елі көрсетіледі;
Тармақ 9
9. 9-бағанда тауардың шетелдік жеткізушісінің еліне тиесілі коды НК РК ISO 3166-1-2016 «Елдер мен олардың әкімшілік-аумақтық бірліктерінің атауларын көрсетуге арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары», НК РК ISO 3166-2-2016 «Елдер мен олардың әкімшілік-аумақтық бірліктерінің атауларын көрсетуге арналған кодтар» ұлттық жіктеулеріне сәйкес көрсетіледі.
Тармақ 10
10. 10-бағанда елішілік құндылықтың болжамды үлесі көрсетіледі, %.
Басқа 2. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің өнеркәсіптік-инновациялық жобасын іске асыру кезінде пайдаланылатын тауарлардың жалпы құнынан тауарларда белгіленген елішілік құндылық үлесінің құнын есептеу әдістемесі
Елішілік құндылық бойынша
сараптама жүргізу қағидаларына
2-қосымша
Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің өнеркәсіптік-инновациялық жобасын іске асыру кезінде пайдаланылатын тауарлардың жалпы құнынан тауарларда белгіленген елішілік құндылық үлесінің құнын есептеу әдістемесі
Тармақ 1
1. Есептелетін әкімшілік көрсеткіштердің тізбесі
№
Әкімшілік көрсеткіштің атауы
Өлшем бірлігі
Әкімшілік нысанның/ақпараттық жүйенің атауы
1
2
3
4
1.
Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің өнеркәсіптік-инновациялық жобасын іске асыру кезінде пайдаланылатын тауарлардың жалпы құнынан тауарларда белгіленген елішілік құндылық үлесінің құнын есептеу
пайыз
Қайтарымсыз негізде әімшілік деректерді жинауға арналған нысан Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің өнеркәсіптік-инновациялық жобасын іске асыру кезінде пайдаланылатын тауарлардың жалпы құнынан тауарларда белгіленген елішілік құндылық үлесінің құны туралы ақпарат
2. Әкімшілік көрсеткішті есептеу алгоритмі
1.
Әкімшілік көрсеткіштің анықтамасы (ұғымдар аппараты)
Елішілік құндылық бойынша сараптама – бірыңғай индустрияландыру картасына енгізуге үміткер өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің өнеркәсіптік-инновациялық жобасындағы ел ішіндегі құндылығын бағалау
2.
Әкімшілік көрсеткіш бойынша жедел, алдын ала және есепті деректерді қалыптастыру кезеңділігі мен мерзімдері
Кезеңділік: біржолғы.
Есепті кезең: елішілік құндылық бойынша сараптама жүргізуге өтінім берген күнге ағымдағы жыл.
3.
Әкімшілік көрсеткіш бойынша есепті деректерді орналастыру орны мен ақпараттық жүйеге сілтемені көрсете отырып ақпарат дереккөздері (веб-сайтқа және ақпараттық жүйеге сілтемені көрсете отырып)
«Ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді саттып алудағы жергілікті қамту жөніндегі ақпаратты беру нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 25 қазандағы № 331 бұйрығымен бекітілген, елішілік құндылық саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан, https://www.gov.kz/memleket/entities/mps Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсында жарияланады
4
Өлшем бірлігін көрсете отырып, есептеудің нақты және анық реттілігін көрсететін әкімшілік көрсеткіштің алгоритмі
мұнда:
ЕҚТ – тауардағы елішілік құндылық үлесі, пайыз;
n – ақпаратта көзделген тауарладың жалпы саны, бірлік;
i – ақпаратта көзделген тауарлардың реттік нөмірі, бірлік;
ТҚi – ақпаратта көзделген i-шы тауар құны, теңге;
Жi – дерекқорда көрсетілген біртекті тауардағы елішілік құндылық үлесі,
Жi = 0, дерекқорда тауар болмаған жағдайда, пайыз;
S – ақпаратта көзделген тауарлардың жалпы құны, теңге;
Басқа 3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің күші жойылған
кейбір бұйрықтарының тізбесі
Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің күші жойылған
кейбір бұйрықтарының тізбесі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің «Жергілікті қамту бойынша сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 29 тамыздағы № 614 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17410 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің «Жергілікті қамту бойынша сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 614 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2019 жылғы 30 шілдедегі № 573 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19194 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы 2020 жылғы 28 қазандағы № 556 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21567 болып тіркелген).