Об утверждении Правил ведения и использования национальной информационной системы промышленности Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы
«Өнеркәсіптік саясат туралы» 2021 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану қағидалары
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2022 жылғы « » № қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) дерекқор – тұжырымдамалық құрылымға сәйкес ұйымдастырылған деректер жиынтығы, ол осы деректердің сипаттамаларын, сондай-ақ олардың объектілері арасындағы өзара байланыстарды сипаттайды;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесі – өнеркәсіптің даму жай-күйі туралы ақпаратты көздейтін ақпараттық жүйе (бұдан әрі – жүйе);
Тармақша 3
3) жүйені пайдаланушы – Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесінде тіркелген және оның ресурстары мен құрамдастарын өнеркәсіптік саясатты іске асыруға байланысты рәсімдер мен операцияларды автоматтандырылған түрде орындау үшін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесінің объектісі – Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесіне кіретін ақпарат, ақпаратты өңдеу процестері, ақпараттық ресурстар, функционалдық және ақпараттық сервистер;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесінің субъектісі – Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесінің объектілерін нақты функцияны және (немесе) міндетті орындау үшін пайдаланатын жүйені пайдаланушы.
Тарау 2. 2-тарау. Жүйені құру
2-тарау. Жүйені құру
Тармақ 3
3. Жүйе өнеркәсіптік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету, өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілеріне ұсынылатын қолдау туралы хабардар ету және өнеркәсіптің жай-күйі мен оның даму болжамы туралы ақпарат алмасудың тиімділігін арттыру үшін қажетті ақпаратты жинау және өңдеу процестерін автоматтандыру мақсатында құрылады.
Тармақ 4
4. Жүйені құру:
Тармақша 1
1) жүйені құру және дамыту мәселелері жөніндегі стратегияны және іс-шаралар жоспарын қалыптастыру;
Тармақша 2
2) жүйеге қойылатын функционалдық және техникалық талаптарды айқындау;
Тармақша 3
3) жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті, оның ішінде деректерді қалыптастыру және өңдеу бөлігінде ұйымдастырушылық-өкімдік және әдістемелік құжаттарды бекіту;
Тармақша 4
4) жүйе субъектілерінің оны құру және жетілдіру саласындағы іс-қимылын үйлестіру;
Тармақша 5
5) жүйемен интеграциялануға жататын ақпараттық ресурстардың тізбесін қалыптастыру;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын ақпараттық жүйелерді құру және дамыту тәртібін сақтау есебінен қамтамасыз етіледі.
Тарау 3. 3-тарау. Жүйені жүргізу
3-тарау. Жүйені жүргізу
Тармақ 5
5. Жүйені жүргізу бизнес жүргізу процесін оңайлату мақсатында өнеркәсіптің жай-күйі туралы ақпараты қалыптастыруды және онымен алмасуды, өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілеріне өзекті ақпарат беруді, сондай-ақ өнеркәсіптік саясат бойынша болжамдау және шешімдер қабылдау үшін мемлекеттік органдарды толық және анық ақпаратпен қамтамасыз етуді көздейді.
Тармақ 6
6. Жүйені жүргізу мүдделі мемлекеттік органдармен және квазимемлекеттік сектормен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4-тарау. Жүйені сүйемелдеу
4-тарау. Жүйені сүйемелдеу
Тармақ 7
7. Жүйені сүйемелдеу жаңғыртуды жүргізбей және қосымша функционалдық талаптарды іске асырмай әрі оның тұтастығын сақтау шартымен жүйенің ақауларын түзету, түрлендіру және жою жөніндегі іс-шараларды көздейді.
Тармақ 8
8. Жүйені сүйемелдеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес қамтамасыз етіледі.
Тарау 5. 5-тарау. Жүйенің жұмыс істеуі
5-тарау. Жүйенің жұмыс істеуі
Тармақ 9
9. Жүйенің жұмыс істеуі мыналардың:
Тармақша 1
1) жүйенің мәліметтерін автоматтандырылған түрде жинауды, сақтауды, өңдеуді, қорытуды жүзеге асыру, сондай-ақ оларды белгіленген тәртіппен жүйені пайдаланушыларға беру;
Тармақша 2
2) жалпыға қолжетімді ақпаратты интернет желісінің ашық кеңістігінде (ашық деректер нысанында) осыған неғұрлым ыңғайлы, осындай түрде жарияланған ақпараттың барынша маңызды құндылығын қамтамасыз ететін бейнеде орналастыру;
Тармақша 3
3) жүйенің субъектілері арасында мәліметтермен ақпараттық алмасу есебінен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 10
10. Жүйенің интерфейсі мемлекеттік және орыс тілдерінде жұмыс істейді.
Тарау 6. 6-тарау. Жүйені пайдалану
6-тарау. Жүйені пайдалану
Тармақ 11
11. Жүйені пайдалану жүйені пайдаланушыларға функционалдық және ақпараттық сервистерге қолжетімділік беруді көздейді.
Тармақ 12
12. Жүйе мынадай:
Тармақша 1
1) өнеркәсіптік саясаттың іске асырылуы;
Тармақша 2
2) өнеркәсіп салаларының дамуы туралы статистикалық деректер;
Тармақша 3
3) өндірістік қызметпен байланысты бағыттардың даму нәтижелері;
Тармақша 4
4) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандырудың іске асырылып жатқан шаралары;
Тармақша 5
5) өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың іске асырылуы туралы ақпаратты;
Тармақша 6. _________________________
6) жүйеге кіретін функционалдық және ақпараттық сервистердің тізбесіне сәйкес өзге де ақпаратты қамтиды.
_________________________