Об утверждении Правил заключения, внесения изменений, прекращения действия соглашения об инвестиционных обязательствах и типовой формы соглашения об инвестиционных обязательствах Қолданыста
Басқа 0
Инвестициялық міндеттемелер туралы келісімді жасасу, оған өзгерістер енгізу, оның қолданысын тоқтату қағидаларын және инвестициялық міндеттемелер туралы келісімнің үлгілік нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 295-2-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Инвестициялық міндеттемелер туралы келісімді жасасу, оған өзгерістер енгізу, оның қолданысын тоқтату қағидалары;
Тармақша 2
2) инвестициялық міндеттемелер туралы келісімнің үлгілік нысаны бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісімді жасасу, оған өзгерістер енгізу, оның қолданысын тоқтату
қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2022 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Инвестициялық міндеттемелер туралы келісімді жасасу, оған өзгерістер енгізу, оның қолданысын тоқтату
қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Инвестициялық міндеттемелер туралы келісімді жасасу, оған өзгерістер енгізу, оның қолданысын тоқтату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кәсіпкерлік кодексі) 295-2-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және инвестициялық міндеттемелер туралы келісімді жасасу, оған өзгерістер енгізу, оның қолданысын тоқтату тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) инвестициялық жоба – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру барысында құрылған, кеңейтілген және (немесе) жаңартылған өндірістерді қоса алғанда, жаңа өндірістер құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге және (немесе) жаңартуға инвестицияларды, сондай-ақ басым туристік аумақтарда туристің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын объектілерді құруға инвестицияларды көздейтiн iс-шаралар кешенi;
Тармақша 2
2) инвестициялық міндеттемелер туралы келісім (бұдан әрі – келісім) – Қазақстан Республикасының Үкіметі мен заңды тұлға арасында жасалатын, заңды тұлғаның мұндай келісімді жасасуға өтінім берілген жылды қоса алғанда, сегіз жыл ішінде, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және оны жасасуға өтінім берілген жылдың 1 қаңтарына қолданыста болатын кемінде айлық есептік көрсеткіштің жетпіс бес миллион еселенген жиынтық мөлшерінде, капиталдандырылатын кейінгі шығыстарды және (немесе) жаңа ұзақ мерзімді активтерді сатып алуға, өндіруге, салуға арналған шығыстарды қаржыландыру, сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес ұзақ мерзімді активтердің құнын ұлғайтатын басқа да шығындарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерін көздейтін шарт бойынша инвестициялық жоба;
Тармақша 3
3) қаржылық дәрменділік – қаражаттың бар-жоғын растайтын құжаттың атауы мен нөмірі көрсетілген қаражатты қаржыландыру көздері (меншікті немесе қарыз қаражаты);
Тармақша 4
4) өтініш – инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасуға өтінім;
Тармақша 5
5) өтініш беруші – Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы болып табылатын, бір мезгілде Кәсіпкерлік кодексінің 283-2-бабының 2-тармағында көзделген шарттарға сәйкес келетін инвестор.
Тарау 2. 2-тарау. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасу тәртібі
2-тарау. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасу тәртібі
Тармақ 3
3. Келісімді жасасу үшін өтініш беруші инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік және орыс тілдерінде қағаз тасығыштағы мынадай құжаттармен қоса өтініш береді:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келісім жасасуға өтініш;
Тармақша 2
2) өтініш беруші жарғысының көшірмесі;
Тармақша 3
3) өтініш берушіні мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
Тармақша 4
4) өтініш берушінің қаржылық дәрменділігін растайтын құжаттардың көшірмелері;
Тармақша 5
5) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасауға қойылатын талаптарға сай әзірленген бизнес-жоспар;
Тармақша 6
6) құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасының Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен басшының қолымен куәландырылған қорытындысы.
Қағидалардың осы тармағының 5) және 6) тармақшаларында көзделген құжаттар инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде қоса беріледі.
Тармақ 4
4. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган өтініш пен оған қоса берілген құжаттарды қабылдайды және өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Кәсіпкерлік кодексінің 283-2-бабына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш берген жағдайда Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтінішті қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Құжаттар осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес келмеген жағдайда инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган құжаттарды өтініш түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге қарамай қайтарады. Құжаттардың қайтарылғаны өтініш беруші келісім жасауға арналған құжаттарды қараудан бас тарту себептерін жойғаннан кейін қайтадан өтініш берген кезде өтінішті қараудан бас тартуға негіз болып табылмайды.
Тармақ 6
6. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес:
бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органнан;
кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміндегі мәліметтерді сұратады.
Тармақ 7
7. Салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган сұрау салуды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сұрау салуды қарау күніне өтініш берушіде салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектің және әлеуметтік төлемдер бойынша берешектің бар немесе жоқ екендігі туралы мәліметтерді ұсынады.
Өтініш берушінің салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің және әлеуметтік төлемдер бойынша берешегінің бар-жоғы туралы мәліметтер ескертулерді жою мақсатында өтінішті қайтаруға негіз болып табылады.
Анықталған ескертулер жойылған жағдайда өтініш беруші өтінішті қайтарылған күнінен бастап 30 жұмыс күні ішінде қайта жіберуге құқылы.
Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 78 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35170 болып тіркелген) бекітілген Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларына сәйкес өтініш берушіге қатысты кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміндегі кәсіпкерлік субъектілерінің санаты туралы мәліметтерді сұратады.
Өтініш берушінің Кәсіпкерлік кодексінің 283-2-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі өтінішті қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Тармақ 8
8. Салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек болмаған кезде, сондай-ақ өтініш беруші Кәсіпкерлік кодексінің 283-2-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келген кезде инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган белгіленген тәртіппен осындай келісімге қол қою үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді.
Келісім жобасын заңнамада белгіленген тәртіппен инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган келісімнің үлгілік нысанына сәйкес дайындайды.
Тармақ 9
9. Келісім жасасу туралы шешімді өтініш берушінің келісім жасасу шарттарына сәйкес келетін өтініші мен оған қоса берілетін құжаттары және салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның мәліметтері негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
Келісім жасасу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің туралы қаулысында келісімге Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қол қоюға өкілеттік берілетін лауазымды адам көрсетіледі.
Тармақ 10
10. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен мақұлданған келісім жобасы екі данада қол қоюға және мөрмен (бар болса) куәландыру үшін өтініш берушіге жіберіледі.
Өтініш беруші келісімнің екі данасын алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде оларға қол қояды, мөрмен (бар болса) куәландырады және инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
Тарау 3. 3-тарау. Келісімге өзгерістер енгізу және қолданысын тоқтату тәртібі
3-тарау. Келісімге өзгерістер енгізу және қолданысын тоқтату тәртібі
Тармақ 11
11. Келісімге өзгерістер Кәсіпкерлік кодексінің 295-2-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде белгіленген ережелердің сақталуы ескеріле отырып, инвестициялар салу графигін өзгерту бөлігінде ғана енгізілуі мүмкін.
Тармақ 12
12. Инвестициялар салу графигіне өзгерістер енгізуді инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушінің растайтын құжаттары бар түсіндірме жазбасы және инвестициялар салу графигінің жобасы қоса берілген ресми өтініші негізінде қарайды.
Тармақ 13
13. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган осындай өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес мәліметтерді сұратады.
Тармақ 14
14. Салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган сұрау салуды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес мәліметтерді ұсынады. Өтініш берушінің салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және әлеуметтік төлемдер бойынша берешегінің бар-жоғы туралы мәліметтер ескертулерді жою үшін өтінішті қайтаруға негіз болып табылады.
Анықталған ескертулер жойылған жағдайда өтініш беруші өтінішті қайтарылған күнінен бастап 30 жұмыс күні ішінде қайта жіберуге құқылы.
Өтініш берушінің Кәсіпкерлік кодексінің 283-2-бабы 2-тармағының шарттарына сәйкес келмеуі өтінішті қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Келісімге өзгерістер енгізуді көздейтін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлеуді инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес мәліметтер алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Келісімге өзгерістер енгізу туралы шешімді өтініш берушінің ресми арызы және оған қоса берілетін, осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген құжаттар негізінде өзгерістер енгізу және салықтар мен бюджетке төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның мәліметтеріне сәйкес келісу шарттарына және кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне сәйкес келген кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
Тармақ 16
16. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен мақұлданған келісімге өзгерістер енгізудің жобасы қол қою және мөрмен (бар болса) куәландыру үшін екі данада өтініш берушіге жіберіледі.
Өтініш беруші келісімге өзгерістер енгізу жобасының екі данасын алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде оларға қол қояды, мөрмен (бар болса) куәландырады және инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 17
17. Келісімнің Кәсіпкерлік кодексі 283-2-бабының 5-тармағында көрсетілген мерзім өткенге дейінгі қолданылуы тараптардың келісуі бойынша немесе Кәсіпкерлік кодексі 295-2-бабының 3-тармағына сәйкес біржақты тәртіппен тоқтатылуы мүмкін.
Келісімнің қолданылу кезеңінде Кәсіпкерлік кодексінің 283-2-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінде, 2-тармағында, 3-тармағының екінші бөлігінде және 4-тармағында көзделген міндеттемелер мен шарттар орындалмаған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі оның қолданысын хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай өткен соң біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатады.
Тармақ 18
18. Келісімнің қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда осындай келісімді жасасқан заңды тұлға мұндай келісім бұзылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес айқындалған тәртіппен қосымша салық есептілігін ұсынады.
Тармақ 19
19. Келісімді бұзу тәртібі келісімнің өзіндегі шарттарға сәйкес және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы ескеріліп жүзеге асырылады.
__________________________________
Басқа 0-1. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасуға өтініш
Инвестициялық міндеттемелер
туралы келісімді жасасу, оған
өзгерістер енгізу, оның
қолданысын тоқтату қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасуға өтініш
Р/с
№
1-тарау. Инвестор туралы мәліметтер
1.
Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының атауы
2.
Орналасқан жері: заңды мекенжайы және нақты орналасқан жері
3.
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)
4.
Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының басшысы
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
____________________________
(телефоны, электрондық поштасы)
5.
Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының бас бухгалтері
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
____________________________
(телефоны, электрондық поштасы)
6.
Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім менеджері
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
____________________________
(телефоны, электрондық поштасы)
7.
Өткен жылғы жиынтық жылдық кіріс
8.
Өз өндірісінің тауарларын өткізуден не өндірілген пайдалы қазбаларды және (немесе) пайдалы қазбаларды қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді өткізуден өткен жылғы табыс
9.
Өз өндірісінің тауарларын өткізуден не өндірілген пайдалы қазбаларды және (немесе) пайдалы қазбаларды қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді өткізуден түскен табыстың жылдық жиынтық табыстағы мынадай формула бойынша есептелетін үлесі: (өз өндірісінің тауарларын өткізуден не өндірілген пайдалы қазбаларды және (немесе) пайдалы қазбаларды қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді өткізуден түскен табыс өткен жыл үшін / өткен жыл үшін жиынтық табыс)* 100%
10.
Кәсіпкерлік субъектісінің санаты
2-тарау. Инвестициялық жоба туралы мәліметтер
(инвестициялық жоба іске асырылған жағдайда толтырылады)
11.
Инвестициялық
жобаның атауы
12.
Инвестициялық жоба іске асырылатын жер (облыс, аудан, қала)
13.
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 283-2-бабының 1-тармағына сәйкес өтінім берілген жылды қоса алғанда, алдағы 8 жылға инвестициялар сомасы
14.
Жаңа жұмыс орындарын құру (уақытша/тұрақты)
15.
Қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландырудың жылдық көлемі
3-тарау. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім бойынша инвестициялар салу кестесі
Инвестициялық міндеттемелер, мың теңге
Р/с
№
Инвестициялық міндеттемелердің түрі
Күнтізбелік жыл
Барлығы
1-жыл
2-жыл
3-жыл
4-жыл
кейінгі жылдар
4-тарау. Өтініш беруші өтініш берген күнгі жағдай бойынша төлейтін салықтар мен төлемдердің түрлері
16.
______________________________
(кезең, тіркелген салық мөлшерлемесі)
17.
______________________________
(кезең, тіркелген салық мөлшерлемесі)
18.
______________________________
(кезең, тіркелген салық мөлшерлемесі)
19.
______________________________
(кезең, тіркелген салық мөлшерлемесі)
________________________________________
Басқа 0-1. Бизнес-жоспар құру жөніндегі талаптар
Инвестициялық міндеттемелер туралы
келісімді жасасу, оған өзгерістер
енгізу, оның қолданысын
тоқтату қағидаларына
2-қосымша
Бизнес-жоспар құру жөніндегі талаптар
Тармақ 1
1. Бизнес-жоспар мынадай бөлімдерден тұрады:
Тармақша 1
1) жобаның түйіндемесі;
Тармақша 2
2) технологиялық бөлім;
Тармақша 3
3) коммерциялық бөлім;
Тармақша 4
4) әлеуметтік-экономикалық әсері*;
Тармақша 5
5) қаржы бөлімі*.
Тармақ 2
2. Жоба түйіндемесі мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) заңды тұлға туралы ақпарат:
шет елдердің қатысу үлесі (ел көрсетіледі);
квазимемлекеттік сектордың қатысу үлесі;
Тармақша 2
2) жоба бойынша ақпарат:
жобаның атауы;
жобаның мақсаты;
болжамды инвестициялық жобаның сипаты (тіркелген активтерді сатып алу, өндіру, салу);
құрылатын жұмыс орындарының саны (уақытша және тұрақты);
экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім жіктеуіші (ҚР ЭҚТӨЖ) бойынша шығарылатын өнімнің номенклатурасы.
Тармақ 3
3. Технологиялық бөлім мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) инвестициялық жоба технологиясының сатып алынатын және пайдаланылатын тіркелген активтері көрсетілген сипаты;
Тармақша 2
2) инвестициялық жобада заманауи технологиялардың қолданылуы.
Тармақ 4
4. Коммерциялық бөлім мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) жабдықты жеткізу:
қажетті технологиялық жабдықтар тізбесі;
технологиялық жабдықтың жаңалығы (жабдықтың шығарылған күні және моделі);
Тармақша 2
2) маркетинг:
өнімді өткізу – қандай өңірлерге, қандай тұтынушыларға, шетелде қандай елдерге жеткізу болжанып отыр.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік-экономикалық әсер мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) жобаны іске асыру кезінде күтілетін әлеуметтік тиімділік;
Тармақша 2
2) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлесі;
Тармақша 3
3) әлеуметтік-экономикалық жағдайды дамыту жөніндегі міндеттемелер мен ниеттер.
Тармақ 6
6. Қаржылық бөлім мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) жобаны іске асыру құны, қаржыландыру көздері:
өз қаражаты;
қарыз қаражаты (кредиттер немесе шаруашылық жүргізуші субъектілердің тартылған қаражаты) және/немесе грант;
бюджет қаражаты;
Тармақша 2
2) қаржылық талдау:
жобаның қаржылық моделі;
жобаның бастан-аяқ циклі ішінде таза дисконттық табыс;
жобаның бастан-аяқ циклі ішінде табыстылықтың ішкі нормасы;
жобаның ақталу мерзімі (қарапайым және дисконтталған);
пайданың қарапайым нормасы (рентабельділігі).
Тармақ 7
7. Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын тігу және нөмірлеу, басшының қолымен және заңды тұлғаның мөрімен (бар болса) куәландыру қажет.
__________________________________
Басқа 1. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісімнің
үлгілік нысаны
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2022 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Инвестициялық міндеттемелер туралы келісімнің
үлгілік нысаны
____________ (күні, айы, жылы)
Инвестициялық міндеттемелер туралы осы келісім бұдан әрі тараптар деп аталатын, «Қазақстан
Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы негізінде Қазақстан
Республикасының Үкіметі атынан әрекет ететін _____________________________________ (бұдан әрі – Үкімет)
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
және _________________________________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының атауы, мемлекеттік тіркелген нөмірі, күні)
атынан_____________________________________________________________________ негізінде әрекет ететін
(жарғы немесе сенімхат)
____________________________________________________________________________ (бұдан әрі – инвестор)
(басшының немесе өзге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) арасында жасалды.
Мыналарды:
Қазақстан Республикасында қолайлы инвестициялық ахуал жасау мемлекеттің экономикалық саясатының басым бағыттарының бірі болып табылатынын,
инвестор осы келісімге сәйкес инвестицияларды жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі – Кәсіпкерлік кодексі) 283-2-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 737-бабына сәйкес салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдіктер алуға мүдделі екенін ескере отырып,
Үкімет пен инвестор инвестициялық міндеттемелер туралы осы келісімді (бұдан әрі – келісім) жасасты және келісім өзі қолданылатын мерзім ішінде олардың өзара құқықтары мен міндеттерін реттейтін болады деп уағдаласты.
Тарау 1. 1. Негізгі ұғымдар
1. Негізгі ұғымдар
Тармақ 1
1. Келісімде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) инвестициялар – лизинг шартын жасасқан кезден бастап қаржы лизингi нысанасын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе ұзақ мерзімді активтерді ұлғайтуға, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру үшін инвестор салатын мүлiктiң барлық түрлерi (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа);
Тармақша 2
2) инвестициялық міндеттемелер – инвестордың капиталдандырылатын кейінгі шығыстарды және (немесе) жаңа ұзақ мерзімді активтерді сатып алуға, өндіруге, салуға арналған шығыстарды қаржыландыру, сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес ұзақ мерзімді активтердің құнын ұлғайтатын басқа да шығындарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелері;
Тармақша 3
3) инвестициялық жоба – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру барысында құрылған, кеңейтілген және (немесе) жаңартылған өндірістерді қоса алғанда, жаңа өндірістер құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге және (немесе) жаңартуға инвестицияларды, сондай-ақ басым туристік аумақтарда туристің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын объектілерді құруға инвестицияларды көздейтiн iс-шаралар кешенi;
Тармақша 4
4) салық заңнамасының тұрақтылығы – Салық кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының салық заңнамасы өзгерген кездегі тұрақтылық кепілі.
Тарау 2. 2. Келісімнің нысанасы
2. Келісімнің нысанасы
Тармақ 2
2. Осы келісімнің 3-тарамағының ережелерін ескере отырып, инвестордың сегіз жыл бойы __________ теңге мөлшеріндегі инвестициялық міндеттемелерді жүзеге асыруы келісімнің нысанасы болып табылады.
Осы келісімді жасасқан инвесторға Кәсіпкерлік кодексінің 283-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдік беріледі.
Тарау 3. 3. Инвестицияларды жүзеге асыру
3. Инвестицияларды жүзеге асыру
Тармақ 3
3. Инвестициялар капиталдандырылатын кейінгі шығыстарды және (немесе) ұзақ мерзімді жаңа активтерді сатып алуға, өндіруге, салуға арналған шығыстарды қаржыландыруды, сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес ұзақ мерзімді активтердің құнын ұлғайтатын басқа да шығындарды қаржыландыруды (бұдан әрі – инвестициялар) қамтиды.
Тармақ 4
4. Инвестор инвестицияларға _________ теңге жұмсайды.
Бұл ретте осы келісімнің 2-тармағында көзделген инвестициялық міндеттемелер сомасының кемінде елу пайызын қаржыландыру осы келісімді жасауға өтінім берілген жылды қоса алғанда, алғашқы төрт жыл ішінде жүзеге асырылуы тиіс.
Инвестор инвестициялық міндеттемелерді орындаған кезде:
Тармақша 1
1) өзара байланысты тараппен жасалған шарттар бойынша тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің құны іс жүзінде шеккен шығыстар мөлшерінде, бірақ осы келісімнің 2-тармағында көзделген міндеттемелер сомасының елу пайызынан аспайтын мөлшерде ескеріледі;
Тармақша 2
2) өзара байланысты тараппен құны іс жүзінде шеккен шығыстар мөлшерінде ескерілетін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарттарын жасасқан кезде мұндай өзара байланысты тарап Қазақстан Республикасының резиденті болып табылуға тиіс.
Тармақ 5
5. Осы келісімнің 4-тармағында көрсетілген инвестициялар сомасына келісім жасасуға өтінім берген жылы инвестор жүзеге асыратын инвестициялар қосылады.
Тармақ 6
6. Инвестор инвестициялар салуды осы келісімге 1-қосымшаға сәйкес инвестордың инвестициялар салуының күнтізбелік графигін айқындайтын графикке сәйкес жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Тараптардың құқықтары
4. Тараптардың құқықтары
Тармақ 7
7. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган Үкіметтің атынан:
Тармақша 1
1) инвестормен келіссөздер жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектерде Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етуге;
Тармақша 2
2) инвестордан өзінің барлық міндеттері мен келісімнің талаптарын орындауды талап етуге, сондай-ақ келісімді орындауға қатысты ақпаратты сұратуға;
Тармақша 3
3) міндеттемелердің инвестициялар салу графигіне сәйкес орындалуын тексеру мақсатында инвестордың инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатқан объектісіне баруға;
Тармақша 4
4) Кәсіпкерлік кодексіне және осы келісімге сәйкес келісімді мерзімінен бұрын бұзуға;
Тармақша 5
5) сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар.
Тармақ 8
8. Инвестордың:
Тармақша 1
1) инвестицияларды жүзеге асыру кезінде келісімге және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін кез келген іс-қимылдарды қабылдауға;
Тармақша 2
2) Кәсіпкерлік кодексіне және осы келісімге сәйкес келісімді мерзімінен бұрын бұзуға құқығы бар.
Тарау 5. 5. Тараптардың міндеттері
5. Тараптардың міндеттері
Тармақ 9
9. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган Үкімет атынан өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) келісім шеңберінде міндеттемелердің орындалуына мониторинг жүргізуге;
Тармақша 2
2) келісімге өзгерістер енгізу және оны бұзу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасауға;
Тармақша 3
3) келісімге қол қою үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлеуге;
Тармақша 4
4) инвестордың қатысуымен инвестициялық дауларды сотқа дейінгі тәртіппен реттеуге жәрдем көрсетуге міндеттенеді.
Тармақ 10
10. Инвестор:
Тармақша 1
1) инвестицияларды осы келісімнің 3 және 4-бөлімдерінде көзделген мөлшерде және мерзімдерде жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) осы келісімнің ережелерін сақтауға;
Тармақша 3
3) келісім жасалған жылдан кейінгі жылдан бастап жыл сайын республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және қазақстандық кадрларды үздіксіз оқытуды осындай қаржыландыру жүзеге асырылатын жылдың 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен кем емес сомада қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыруды жүзеге асыруға және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты жүргізуге (жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлға осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген шығыстарды қаржыландыруды Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады);
Тармақша 4
4) инвестициялардың жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат ұсынуға және осы келісімнің 19 және 20-тармақтарына сәйкес есептерді ұсыну мерзімдерін сақтауға міндеттенеді.
Тарау 6. 6. Форс-мажор
6. Форс-мажор
Тармақ 11
11. Егер келісім бойынша қандай да бір міндеттемелерді орындамау немесе орындау кезіндегі кідіріс еңсерілмейтін күш мән-жайларынан (бұдан әрі – форс-мажор) туындаған болса, Тараптардың ешқайсысы оларды орындамағаны үшін жауапты болмайды.
Тармақ 12
12. Форс-мажорға еңсерілмейтін күш мән-жайлары, яғни төтенше және осы мән-жайлар кезінде алдын алу мүмкін болмайтын мән-жайлар (дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар және т. б.) жатады.
Тармақ 13
13. Инвестициялық міндеттемелерді жүзеге асыру форс-мажор мән-жайлары әсерінен толық немесе ішінара тоқтатыла тұрған кезде инвестициялық міндеттемелерді жүзеге асыру кезеңі инвестицияларды салу графигіне өзгерістер енгізу жолымен форс-мажордың әрекет ету мерзіміне ұзартылады және ол тоқтаған күннен бастап қайта басталады.
Тармақ 14
14. Форс-мажор мән-жайлары туындаған жағдайда одан зардап шеккен тарап олар туындаған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде ол жөнінде оқиғаның басталған күнін көрсетіп әрі форс-мажор мән-жайларын сипаттап жазбаша хабарлама тапсыру арқылы екінші тарапты хабардар етеді.
Тармақ 15
15. Форс-мажор мән-жайлары туындаған кезде тараптар қалыптасқан жағдайдың шешімін іздеу үшін дереу келіссөздер жүргізеді және мұндай мән-жайлардың салдарын барынша азайту үшін барлық құралдарды пайдаланады.
Тарау 7. 7. Құпиялылық
7. Құпиялылық
Тармақ 16
16. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келісімнің қолданылу мерзімі ішінде оны іске асыру жөніндегі жұмысқа қатысты барлық құжаттар, ақпарат және есептер бойынша құпиялылық шарттарын сақтайды.
Тармақ 17
17. Тараптардың ешқайсысының:
Тармақша 1
1) ақпарат сот талқылауы барысында пайдаланылатын;
Тармақша 2
2) ақпарат келісім бойынша тараптардың біріне қызмет көрсететін үшінші тұлғаларға мұндай үшінші тұлғаның өзіне осындай ақпараттың құпиялылық шарттарын сақтау және оны тараптар белгілеген мақсаттарда және тараптар айқындаған мерзімде ғана пайдалану міндеттемесін алуы шартымен берілетін;
Тармақша 3
3) ақпарат келісім бойынша тарап қаржы қаражатын алатын банктің немесе өзге қаржы ұйымының өзіне осындай ақпараттың құпиялылық шарттарын сақтау міндеттемесін алуы шартымен осындай банкке немесе қаржы ұйымына берілетін;
Тармақша 4
4) ақпарат кез келген, оның iшiнде банктік құпия болып табылатын, инвестордың кез келген, оның ішiнде Қазақстан Республикасынан тыс шетелдiк банктерде ашылған шоттарына қатысты ақпаратқа қол жеткізе алатын салық немесе Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік уәкiлеттi органдарына берілетін жағдайлардан басқа, келісімнің мазмұнына қатысты ақпаратты немесе құпия деп есептелетін және инвестицияларды жүзеге асыруға байланысты өзге де ақпаратты екінші тараптың жазбаша келісімін алмай ашуға құқығы жоқ.
Тарау 8. 8. Келісім шарттарының сақталуына мониторинг жасау
8. Келісім шарттарының сақталуына мониторинг жасау
Тармақ 18
18. Келісім шарттарының сақталуына мониторингті инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Келісім жасалғаннан кейін инвестор осы келісімнің орындалуы туралы жылдық есепті инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес бекіткен нысан бойынша инвестициялар салу графигі бойынша инвестициялық міндеттемелерді бөліп, міндеттемелердің орындалуын растайтын құжаттардың жиынтық тізілімін қоса бере отырып, инвестициялар салу графигіне сәйкес есепті жылдан кейінгі жылдың жиырма бесінші ақпанынан кешіктірмей ұсынады.
Инвестор келісімнің шарттарын бұзған немесе міндеттемелерін орындамаған жағдайда инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган инвесторға анықталған бұзушылықтарды көрсетіп хабарлама жібереді және оларды жоюға 3 (үш) ай береді. Анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда Үкімет атынан инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган осы келісімнің 31-тармағына сәйкес осы келісімді біржақты тәртіппен бұзады.
Тармақ 20
20. Инвестициялар салу графигін іске асыру аяқталғаннан кейін екі ай ішінде инвестор инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға аудиторлық есеп береді, онда мыналар қамтылуы тиіс:
Тармақша 1
1) инвестициялар салу графигіне сәйкес инвестициялардың жүзеге асырылғаны туралы ақпарат;
Тармақша 2
2) инвестициялар салу графигіне сәйкес инвестициялардың салынғанын растайтын құжаттардың жиынтық тізілімі.
Тарау 9. 9. Дауларды шешу
9. Дауларды шешу
Тармақ 21
21. Тараптар келісім ережелерінің кез келгенін орындауға немесе түсіндіруге байланысты барлық даулар мен келіспеушіліктерді өзара келіссөздер жолымен шешуге барлық күш-жігерін салады.
Тармақ 22
22. Тараптардың кез келгенінің екінші тарапқа жазбаша өтініші алынған күннен бастап екі ай ішінде тараптар келісімге қол жеткізбеген жағдайда дауларды шешу «Астана» халықаралық қаржы орталығының сотында, «Астана» халықаралық қаржы орталығының Халықаралық төрелік орталығында немесе Қазақстан Республикасының сот органдарында, сондай-ақ тараптардың келісімімен айқындалатын төреліктерде жүргізілуі мүмкін.
Тармақ 23
23. Тараптар туындаған даулар мен келіспеушіліктер толық шешілгенге дейін Келісімде белгіленген міндеттемелерді орындаудан босатылмайды.
Тарау 10. 10. Қолданылатын құқық
10. Қолданылатын құқық
Тармақ 24
24. Келісім және осы келісімнің негізінде қол қойылған басқа да келісімдер үшін Қазақстан Республикасының немесе «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығы қолданылады.
Тарау 11. 11. Келісімнің қолданылу және күшіне ену мерзімі
11. Келісімнің қолданылу және күшіне ену мерзімі
Тармақ 25
25. Келісімнің қолданылу мерзімі салық заңнамасының тұрақтылығы кепілдіктерінің қолданылу мерзімімен айқындалады.
Инвестицияларды жүзеге асыру мерзімі инвестициялар салу графигінде айқындалады.
Тармақ 26
26. Осы келісім тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Тармақ 27
27. Келісімнің қолданысы ___________________________________өткеннен
(күні)
кейін тоқтатылады.
Тарау 12. 12. Келісімге енгізілетін өзгерістер
12. Келісімге енгізілетін өзгерістер
Тармақ 28
28. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тараптар осы келісімнің 3, 4, 10, 13-тармақтары ережелерінің сақталуын ескере отырып, өзара келісу бойынша жылына екі реттен асырмай қосымша келісімдер жасасу жолымен инвестициялар салу графигін өзгерту бөлігінде ғана келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.
Тарау 13. 13. Келісімді бұзу шарттары
13. Келісімді бұзу шарттары
Тармақ 29
29. Келісімнің қолданысы осы келісімнің 27-тармағында белгіленген мерзім өткенге дейін тараптардың келісуі бойынша немесе осы бөлімге сәйкес біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Тармақ 30
30. Келісім мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде осындай келісім жасасқан заңды тұлға Салық кодексіне сәйкес белгіленген тәртіппен өзінің салықтық міндеттемелерін қайта есептеуді жүзеге асырады.
Тармақ 31
31. Келісімнің 10-тармағының 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көзделген міндеттемелер мен шарттар инвестициялық міндеттемелер туралы келісімнің қолданылу кезеңінде орындалмаса, Қазақстан Республикасының Үкіметі хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай өткен соң келісімнің қолданылуын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатады.
Тармақ 32
32. Инвестор осы келісім бұзылатын күнге дейін кемінде 3 (үш) ай бұрын инвестициялар жөніндегі уәкілетті органды алдын ала хабардар ете отырып, осы Келісімді біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.
Тарау 14. 14. Келісімнің тілі
14. Келісімнің тілі
Тармақ 33
33. Келісімнің мәтіні, өзгерістер, қосымшалар, осы келісімге қоса берілетін қосымша құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалады. Егер Келісім шарттарында өзгеше көзделмесе, барлық даналар теңтүпнұсқалы болып табылады және заңды күші бірдей.
Тармақ 34
34. Тараптар ___________ тілі қарым-қатынас тілі ретінде қолданылады деп уағдаласады. Келісім күшіне енген күннен бастап келісім шарттарының орындалуына қатысты ақпарат ___________ тілінде жасалады.
Тарау 15. 15. Қосымша шарттар
15. Қосымша шарттар
Тармақ 35
35. Хабарламалар мен есептер қолма-қол ұсынылады немесе пошта арқылы мына мекенжайға хабарлама арқылы жіберіледі:
инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган:
________________________________________;
(атауы, заңды мекенжайы, телефондары)
инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның басшысы:
____________________________;
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
инвестор:
___________________________________________________;
(атауы, заңды және нақты мекенжайы, телефондары,
электрондық мекенжайы)
инвестордың басшысы:
_____________________________________.
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Тармақ 36
36. Келісімде көрсетілген мекенжайлар өзгерген жағдайда тараптардың әрқайсысы екі апта мерзімде бұл туралы екінші тарапты жазбаша хабардар етуге тиіс.
Тармақ 37
37. Қосымшалардың ережелері мен келісімнің арасында қандай да бір алшақтықтар болған жағдайда соңғысының негіз қалаушы мәні болады.
Тармақ 38
38. Келісімге тараптардың уәкілетті өкілдері ____ жылғы __ _________ Астана қаласында, Қазақстан Республикасы, қол қойды.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің атынан:
Қолы ________
М.О.
Инвестор:
Қолы ________ (бар болса)
М.О. (бар болса)
__________________________________
Басқа 1-1. Инвестициялар салу графигі
Инвестициялық міндеттемелер
туралы келісімнің үлгілік нысанына
1-қосымша
Нысан
Инвестициялар салу графигі
Инвестордың атауы: _________________________________
Инвестициялық міндеттемелер, мың теңге
Р/с №
Инвестициялық міндеттемелердің түрі
Күнтізбелік жыл
Барлығы
1-жыл
2-жыл
3-жыл
4-жыл
кейінгі жылдар
Уәкілетті орган:
Қолы __________ М.О.
Инвестор:
Қолы _____________ М.О.
(бар болса)
________________________________________
Басқа 1-2
Инвестициялық міндеттемелер
туралы келісімге
2-қосымша