Об утверждении Положения о государственном учереждении «Отдел сельского хозяйства и земельных отношений Кызылкогинского района» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18, 124-баптарына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Қызылқоға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемес туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) осы қаулыны ресми жариялап және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдасын;
Тармақша 2
2) осы қаулыны Қызылқоға ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын;
Тармақша 3
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қолдансын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау «Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 4 желтоқсандағы №335 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын кейбір мемлекеттік мекемелерді қосу жолымен қайта құру туралы» қаулысы жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9. «Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 17 мамырдағы № 75 қаулысына қосымша «Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Мемлекеттік мекеменің толық атауы «Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі- Мемлекеттік мекеме), мемлекеттік мекеменің қысқаша атауы «Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ-сі аудан аумағында ауыл шаруашылық және жер қатынастарын реттеуге бағытталған жер заңдылықтары іс-шаралар жүйесін іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік мекеменің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік мекеме өз қызметін «Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Тайпақ Қарабалин көшесі-39,индекс 060500.
Тармақ 10
10. Осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыруға құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары: Ауыл шаруашылығын дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын орындауды қамтамасыз ету, аудан аумағындағы жерді тиімді пайдалану, жер қорының есебін жүргізу, жер ресурстарын қорғауға септігін тигізетін жағдай жасау, жерге орналастыруды жүргізу, елді мекендер халқының толыққанды тіршілік ету ортасы мен тіршілік қызметін қалыптастыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Құқықтары: - Мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарда ауданның мүддесі өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша білдіруге және жазбаша қатынас хаттар жүргізуге; - Бөлім өзіне жүктелген функцияларды атқаруға қажетті ақпараттарды тиісті бөлімдерден сұратуға; - Белгіленген тәртіппен аудандық бюджетті құрастыру үшін ұсыныстар енгізуге; - Бөлімнің материалдық-техникалық және ұйымдық әлеуметтік қызметін жетілдіру жөнінде аудан әкіміне ұсыныстар беруге; - Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті қосымша ақпаратқа тиісті мемлекеттік органдарға сауалмен жүгінуге; - Мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге құқылы.
Тармақша 2
2) Міндеттері: - Аудан аумағында ауыл шаруашылық және жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамсыз ету; - Ауданның өңірлік әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын қалыптастыруға және іске асыруға қатысу; -Аудан аумағында ауыл шаруашылығын дамуының жай-күйін талдау және дамуын болжау; - Қолданыстағы заңнамаға, мемлекеттік, салалық (секторлық), аймақтық бағдарламаларға сәйкес агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру және тұрғындар қажеттілігін қанағаттандыру үшін ауыл шаруашылық өнімдерінің іске асырылуына жәрдемдесу; - Жер реформасын жүргізу жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру; - Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін үйлестіретін құрылымдық бөлімше заңнамаға сәйкес бекітілген штат саны лимиттерінің шеңберінде дербес құрылымдық бөлімше ретінде мемлекеттік (жергілікті) атқарушы орган құрады немесе оның функциялары мемлекеттік (жергілікті) атқарушы органның тиісті құрылымдық бөлімшесіне жүктелуі мүмкін. - Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына қолжетімділікті қамтамасыз ету. - Заңнамалық белгіленген тәртіппен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы» коммерциалық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Қызылқоға ауданының бөлімі арқылы мемлекеттік (жергілікті) атқарушы органның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтерді аударуды қамтамасыз ету; - Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мемлекеттік қызмет тұтынушыларының хабардар болуын қамтамасыз ету; - Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бағалау жүргізу үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жасау жөніндегі уәкілетті органға тиісті ақпаратты ұсыну; - Заңнамалық белгіленген тәртіппен қоғамдық мониторинг жүргізетін үкіметтік емес құрылымдарға тиісті ақпаратты ұсыну; - Мемлекеттік қызметті тұтынушылардың шағымдары мен өтініштерін қарау болып табылады. - «Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылық және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы» коммерциалық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Қызылқоға ауданының бөлімі арқылы 9 қызмет түрі көрсетеді: 1) Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу; 2) Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепiлге қоюды мемлекеттiк тiркеу; 3) Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру; 4) Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу; 5) Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту; 6) Суармалы егістікті суарылмайтын алқап түрлеріне ауыстыруға рұқсат беру; 7) Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру; 8) Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру; 9) Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау.
Тармақ 15
15. Функциялары: - Мал басын көбейту, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру; - Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға берілетін субсидияға шаруашылықтардан тапсырылатын құжаттардың облысқа тапсырылуына басшылық жасау; - Мемлекеттік орган жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында оның қызметінің бағыттары бойынша ішкі қаржылық бақылауды жүзеге асырады; - Құқықтық қамтамасыз етудегі тапсырмалардың орындалуы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, нормативтік актілер, бұйрықтар, шешімдер және құқықтық нысандағы басқа да құжаттардың жобаларын дайындайды. - Жер заңдарының қолдану практикасын қорытады; - Жер қатынастарын реттеу жерді пайдалану және қорғауды, жер реформасын жүргізу мәселелері бойынша аудандық өкілді және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды; - Жер учаскелерінің бөлінуі және бөлінбеуін айқындау жөніндегі жұмыстарын ұйымдастырады; - Жер Кодексінің 13,16,18 және 19 баптарында көзделген жайларды қоспағанда және жерді пайдалануға беру, мемлекет қажеттілігіне байланысты кері қайтарып алу, ауданның жер қорын құру, Жер кодексінің 71 бабының 2 тармағына сәйкес іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру жөнінде аудандық әкімдік қаулысының жобасы әзірлейді; - Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілер әзірлеу; - Мемлекеттік (жергілікті) атқарушы органның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызмет бөлігінде жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін, Мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу; - Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыруды қамтамасыз ету; - Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңтайландыруды қамтамасыз ету; -Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымсыз пайдалану немесе пайдаланбау бойынша мәселелерді қарау;
Тарау 3. 3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Мемлекеттік мекемені басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттіктері: - өзінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды; - Мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдауына дербес жауапты болады; - заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бөлімнің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу жөнінде шаралар қабылдайды; - мемлекеттік мекеменің актілеріне қол қояды; - мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда мекеменің мүддесін білдіреді; - мемлекеттік мекеме жұмысының регламентін және штаттық кестесін бекітеді; - өз құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Мемлекеттік мекемені Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын мекеме басшысы басқарады.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
4. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 20
20. Мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 21
21. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 22
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 23
23. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.