Об открытии осенней охоты на пернатую дичь Күшін жойған
Басқа 0
Құс аулаудың күзгі маусымын ашу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы", "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Заңдарынa, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 24 шілдедегі N 741 қаулысына сәйкес құстардың санын ретке келтiру, азаматтардың спорттық және әуесқойлық қажетiн қанағаттандыру мақсатында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. 2003 жылғы 6 қыркүйектің таң сәрiсiнен бастап 23 қарашаға дейiн суда жүзетiн, далалықтағы және батпақты жерлердегi құстарды ("Қызыл кiтапқа" енгiзiлгеннен басқасын) спорттық-әуесқойлық аулауға рұқсат беру туралы облыстық орман және аң шаруашылығы аумақтық басқармасының ұсынысы қабылдансын. Құстарға тыныштық берiлетiн күндер болып, 8 қазанды қосқанда әр аптаның сейсенбiсi және сәрсенбiсi белгiленсiн.
Тармақ 2
2. Облыстық орман және аң шаруашылығы аумақтық басқармасы аңшыларға заңнамаларда белгiленген тәртiппен рұқсатнамалар мен жолдамалар берудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Облыстық орман және аң шаруашылығы аумақтық басқармасы, облыстық орман және жануарлар дүниесiн қорғау және өсiмiн молайту басқармасы, Батыс Қазақстан облысының iшкi iстер басқармасы аң аулау маусымы кезеңiнде жануарлар дүниесiн қорғауды, браконьерлiкпен күресудi және спорттық-әуесқойлық аң аулауды жүзеге асыру кезiнде аңшылардың аң аулау ережелерiн және Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамаларын сақтап отыруын бақылауды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Облыс әкімдігінің "Құс аулаудың күзгі маусымын ашу туралы" 2002 жылғы 1 тамыздағы N 141 қаулысының күші жойылды деп танылсын (тіркеу N 1716).
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары А. Қ. Есенғалиевке жүктелсiн.