Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Карасуского сельского округа Карасуского района Костанайской области Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округі жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округі жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
Мәслихаттың 2022 жылғы 19 мамырдағы № 127 шешіміне 1-қосымша Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді және Қарасу ауылдық округінің ауылдар тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
Тармақша 2
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
Тарау 2. 2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
Тармақ 3
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
Тармақ 5
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Қарасу ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Қарасу ауылдық округінің әкімімен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
Тармақ 7
7. Ауыл шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Қарасу ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады. Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде, тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Тармақ 9
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Қарасу ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады. Қарасу ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
Тармақ 10
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қарасу аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.
Тармақ 11
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 12
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Қарасу ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.
Басқа 21. Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Мәслихаттың 2022 жылғы 19 мамырдағы № 127 шешіміне 2-қосымша Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы Елді мекеннің атауы Өкілдерінің саны (адам) Карасу ауылының тұрғындары үшін 16 Автомобилистов көшесі 1 Анищенко көшесі 1 Комсомольская көшесі 1 Исаков А көшесі 1 Рамазанова көшесі 1 Набережная көшесі 1 Мирная көшесі 1 Сандибекова көшесі 1 Базарная көшесі 1 Пролетарская көшесі 1 Привокзальная көшесі Рабочая көшесі Дорожников көшесі 1 Больничная көшесі Калинина көшесі 1 В-Набережная көшесі 1 Строительная көшесі Химиков көшесі 1 В-Комсомольская көшесі Восточная көшесі 1 В-Советская көшесі 1 Северный тұйық көшесі Дружный тұйық көшесі Молодежный тұйық көшесі Майский тұйық көшесі Дорожный тұйық көшесі Школьный тұйық көшесі Торговый тұйық көшесі Детский тұйық көшесі Совхозный тұйық көшесі Маслозаводской тұйық көшесі Октябрьский тұйық көшесі Тополевый тұйық көшесі Восток ауылының тұрғындары үшін 3 Садовая көшесі Коминтерна көшесі 1 Октябрьская көшесі Северная көшесі 1 Гагарина көшесі 1 Школьная көшесі Заречная көшесі Комсомольская көшесі Мира көшесі Новая көшесі Пионерская көшесі Пушкина көшесі Советская көшесі Степная көшесі Студенческая көшесі Жұмағұл ауылының тұрғындары үшін 2 Новая көшесі Пушкин көшесі 1 Северная көшесі Центральная көшесі 1 Чкалова көшесі Майское ауылының тұрғындары үшін 2 Мира көшесі 1 Парковая көшесі Сандыбекова көшесі Целинная көшесі Школьная көшесі Юбилейная көшесі 1 Тімтуір ауылының тұрғындары үшін 2 Аубакирова көшесі Интернациональная көшесі 1 Набережная көшесі Новая көшесі Пионерская көшесі Рабочая көшесі Центральная көшесі 1 Школьная көшесі Южная көшесі Барлығы 25