Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел физической культуры и спорта Наурзумского района» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) көрсетілген Ереженің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Науырзым ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. «Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Науырзым ауданы әкімдігінің 2022 жылғы «18» сәуірдегі № 106 қаулысымен бекітілген «Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – «Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ) дене тәрбиесі және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. «Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. «Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. «Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ тілінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. «Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. «Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. «Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111400, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Науырзым ауданы, Қарамеңді ауылы Шаяхметов көшесі, 2 В.
Тармақ 10
10. Осы Ереже «Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. «Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. «Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ кәсіпкерлік субъектілерімен «Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер «Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) дене шынықтыру және спорт саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;
Тармақша 2
2) аудан тұрғындарының әртүрлі санаттарын дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тарту және жағдай жасау;
Тармақша 3
3) дене шынықтыру және спорт саласын дамыту және жетілдіру үшін жағдайлар жасау;
Тармақша 4
4) дене шынықтыру мен спортты дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыру мәселелері бойынша қоғамдық ұйымдардың қызметін үйлестіру;
Тармақша 5
5) ауданда дене шынықтыру мен спортты дамытудың негізгі бағыттарын болжау, әзірлеу және іске асыру;
Тармақша 6
6) дене шынықтыру және спорт кадрларының біліктілігін арттыруды ұйымдастыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар болып табылады.
Тармақша 2
2) міндеттері: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау; Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруға міндетті; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер болып табылады.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) дене шынықтыру мен спортты дамытудың өңірлік бағдарламаларын іске асыруға қатысады;
Тармақша 2
2) әртүрлі спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық және республикалық спорттық жарыстарға қатысуын ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) оқу-жаттығу жиындарын өткізу, спорттық жарыстарға және басқа да спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысушыларды материалдық қамтамасыз ету және көтермелеу үшін шығыстар нормативтерінің пайдаланылуын бақылауды белгіленген тәртіппен қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) материалдық-спорттық базаны дамытуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) спорт ұйымдарына олардың қызметін ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
Тармақша 6
6) Өз құзыреті шегінде спорттық разрядтарды, жаттықтырушы-оқытушылар құрамына, спорт төрешілеріне Санаттар береді, ауданның дене шынықтыру және спорт қызметкерлерін аттестаттаудан өткізеді;
Тармақша 7
7) ауданның спорттық-бұқаралық іс-шараларының күнтізбелік жоспарын әзірлейді, бекітеді және іске асырады, оның ішінде облыстық спорттық жарыстарға қатысуды және оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастырады;
Тармақша 8
8) ауданның мемлекеттік спорт ұйымдарының қызметін үйлестіреді және жеке спорт клубтарымен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 9
9) спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді;
Тармақша 10
10) ауданда дене шынықтыру мен спорттың дамуы туралы мәліметтерді, дене шынықтыру және спорт саласындағы статистикалық деректерді талдайды және уәкілетті органға ұсынады;
Тармақша 11
11) бөлімге жүктелген функцияларды орындауға байланысты мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен іссапарларды ұйымдастырады;
Тармақша 12
12) өз құзыреті шегінде бөлімге жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады;
Тармақша 13
13) құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, олар бойынша қажетті шаралар қабылдау;
Тармақша 14
14) өз құзыреті шегінде гендерлік саясатты жүзеге асыру;
Тармақша 15
15) құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жоғары тұрған органдарға есептілік пен ақпараттық құжаттарды дайындау және ұсыну;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;
Тармақша 17
17) бюджет қаражатының көлемдері шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын қаржыландыруға мемлекеттік спорттық тапсырысты бекітеді;
Тармақша 18
18) мемлекеттік спорттық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 19
19) мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және мақсатты игерілуінің барлық кезеңі мен рәсімдерінің электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда орындалуын қамтамасыз етеді.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік органның басшысының мәртебесі, өкілеттігі
3. Мемлекеттік органның басшысының мәртебесі, өкілеттігі
Тармақ 16
16. «Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ басқаруды басшы жүзеге асырады, ол «Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. «Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 18
18. «Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) «Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктері шеңберін белгілейді;
Тармақша 2
2) «Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымдарға тағайындайды және лауазымдардан босатады;
Тармақша 3
3) бұйрықтар шығарады және «Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ қызметкерлеріне орындау үшін міндетті болатын нұсқаулар береді;
Тармақша 4
4) заңнамада белгіленген тәртіпте көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жазалар қолдану мәселелерін шешеді;
Тармақша 5
5) «Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 6
6) «Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге ұйымдармен барлық өзара қарым-қатынастарда танытады;
Тармақша 7
7) белгіленген еңбекақы қоры және қызметкерлердің штат саны шегінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын, «Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ құрылымын бекітеді;
Тармақша 8
8) азаматтарға және заңды тұлғалардың өкілдеріне жеке қабылдау жүргізеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгіленген мерзімде қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды;
Тармақша 9
9) жеке-дара өкімдік қызмет арқылы сеніп тапсырылған органға басшылықты жүзеге асырады және қабылданатын шешімдердің заңдылығына дербес жауаптылықта болады;
Тармақша 10
10) жоғары тұрған лауазымды тұлғаның шешімдерімен қатаң сәйкестікте басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. «Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
4. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 19
19. «Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. «Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 20
20. «Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 21
21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 22
22. «Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.