Об утверждении Правил осуществления социальных выплат отдельным категориям граждан Күшін жойған
Басқа 0
Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік төлемді жүзеге асыру Ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Беріліп отырған «Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік төлемді жүзеге асыру Ережелері» бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысы әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және міндетті түрде жариялануы тиіс.
Басқа 3
Егіндікөл аудандық
Мәслихатының
2003 жылғы 30 шілдедегі
№ С31-1 шешімімен
бекітілген
Жекелеген санаттардағы азаматтарға әлеуметтік төлемдері жүзеге асыру
Ережелері
Тарау 1. 1. Жалпы жағдайлары
1. Жалпы жағдайлары
Тармақ 1
1. Осы жекелеген санаттардағы азаматтарға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру Ережелері (әрі қарай-Ережелер) ұйымдардың 258 51 00 332 бюджеттік бағдарлама бойынша «Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен жекелеген санаттардағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер» төлеу тәртібін реттейді.
Тармақ 2
2. Ережелерді қабылдауға құқықтық негіз болып Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» «Бюджеттік жүйе туралы» Заңдары табылады.
Тармақ 3
3. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңдарымен реттелетін қатынастарға таратылмайды.
Тарау 2. 2. Төлемдерді алу құқықтары
2. Төлемдерді алу құқықтары
Тармақ 4
4. Бір жолғы әлеуметтік көмек алуға, табыстары күнкөріс шегінен төмен аз қамтамасыз етілген отбасылары, белгілі жағдайлармен жедел әлеуметтік көмекті қажет ететіндер және мерекелік күндерде жекелеген санаттардағы азаматтар құқылы. Өмірлік қиын жағдайларға отбасы мүшелерінің біреуінің өлімі, онкологиялық, туберкулез ауруларымен үзақ емделу, операция жасау қажеттілігі, Қазақстан Республикасы аумағында госпитализацияға бару жол ақысы және де басқа комиссия шешімімен анықталған жағдайлар жатады.
Тармақ 5
5. Материалдық көмек өтініш бойынша, комиссия шешімімен:
Тармақша 1
1) жұмыс істейтін азаматтарды жерлеуге жәрдемақы;
Тармақша 2
2) жұмыссыз азаматтарды жерлеуге жәрдемақы;
Тармақша 3
3) аз қамтамасыз етілгендерге станционарда емделуге, медициналық мекемелерде тексерілуге және Көкшетау, Астана, Алматы қалаларының зейнеткерлеріне әлеуметтік көмек;
Тармақша 4
4) мектепке дейінгі жаста балалары бар отбасыларына оқу жылының басталуына әлеуметтік көмек;
Тармақша 5
5) турберкулезбен ауыратындарға, белгілі тұрақты жері жоқ тұлғаларға 2003 жылғы құжаттану үшін материалдық көмек бөлінуі мүмкін.
Тарау 3. 3. Төлем жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
3. Төлем жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
Тармақ 6
6. Төлем жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында аудандық мәслихат депутаттары, әлеуметтік қорғау бөлімі өкілдері, ауылдық қоғамдық ұйымдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелері есебінен комиссия құрылады. Комиссияның сандық және дербес құрамы аудандық мәслихаттың шешімімен бекітіледі. Комиссия мәжілісі айына бір реттен кем емес, аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінде өтеді.
Тармақ 7
7. Комиссияның негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) азаматтардың әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі өтінішін қарау;
Тармақша 2
2) көмек сұрағандардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын және деңгейін тексеру;
Тармақша 3
3) әлеуметтік көмек тағайындау немесе тағайындамауы жөнінде шешім қабылдау болып табылады.
Тарау 4. 4. Көрсетілетін көмектің мөлшері мен тәртібі
4. Көрсетілетін көмектің мөлшері мен тәртібі
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмек ақша түрінде беріледі.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмек алуға үміткер тұлға аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне.
Мына құжаттармен бірге өтініш береді:
жеке басының куәлігі немесе төлқұжат;
отбасы құрамы туралы анықтама;
өткен тоқсанның табысы туралы анықтама;
әлеуметтік көмекке қажеттілікті растайтын құжат
Тармақ 10
10. Төлем өтініш берушінің жеке есеп-шотына аударылу арқылы жүзеге асады.
Тармақ 11
11. Мерекелік күндерге бір жолға материалдық көмек өтінішсіз осы тармақта көрсетілгендердің жеке есеп-шотына аудару арқылы жүзеге асады:
Тармақша 1
1) «Күміс алқамен» марапатталған көп балалы аналарға материалдық көмек;
Тармақша 2
2) қарттар күніне;
Тармақша 3
3) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге, тыл еңбеккерлеріне, қайтыс болғандар отбасыларына;
Тармақша 4
4) мемлекеттік мерекелер мен жалпы аудандық бұқаралық шараларға аудан әкімінің шешімімен берілетін материалдық көмек;
Тармақша 5
5) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына материалдык көмек;
Тармақ 12
12. Төлем мөлшері әр нақты жағдайда комиссиямен анықталады.
Көмектің ең жоғарғы мөлшері 20 000 теңгеден аспауы керек.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік төлем бойынша шығындарды қаржыландыру аудандық бюджеттің «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем» бюджеттік Бағдарламасында осы мақсатқа 2003 жылға қарастырылған қаражат шектеуінде жүргізіледі.
Тарау 5. 5. Бір жолға материалдық көмек төлеу тәртібі
5. Бір жолға материалдық көмек төлеу тәртібі
Тармақ 14
14. Бір жолғы көмек төлеу алушылардың пошта бөлімі немесе екінші деңгейдегі банктардағы жеке есеп - шотына ақшалай қаражат аудару арқылы жүзеге асады.
Тармақ 15
15. Аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі, Мемлекеттік зейнетақы төлем орталығының Егіндікөл филиалымен келісілген мәліметтер негізінде, аудандық бюджеттің 2003 жылға осы мақсатқа арналған қаражат шектеуінде азаматтарға бір жолғы материалдық көмек төлеу үшін тізім құрастырады.
Тарау 6. 6. Төлемді жүзеге асыруды бақылау
6. Төлемді жүзеге асыруды бақылау
Тармақ 16
16. Әлеуметтік төлем жөніндегі есеп тапсыру және бақылау Қазақстан Республикасының «Республикалық және жергілікті бюджеттің орындалуын бақылау – туралы» Зандарына сәйкес жүзеге асады.