О биологической безопасности Республики Казахстан Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы Осы Заң Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеудің құқықтық негіздерін айқындайды және биологиялық қатерлерді болғызбауға бағытталған.
Тарау 1. 1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ауруға бейім организм – патогенді биологиялық агентке инфекциялық және (немесе) паразиттік аурудың дамуы арқылы реакция беретін немесе оның тасымалдаушысы болатын адамның, жануардың, өсімдіктің организмі;
Тармақша 2
2) әлеуметтік қашықтық – адамдар арасындағы инфекция жұқтыру тәуекелінің деңгейін төмендетуге қажетті оңтайлы арақашықтық;
Тармақша 3
3) биологиялық қауіпсіздік – адамдардың және табиғи ортаның жекелеген компоненттерінің (атмосфералық ауаның, жерүсті және жерасты суларының, жер бетінің және топырақ қабатының, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің және өзге де организмдердің (бұдан әрі – табиғи ортаның жекелеген компоненттері) қауіпті биологиялық факторлардан қорғалуының, оның ішінде биологиялық қорғау шараларымен қамтамасыз етілетін жай-күйі;
Тармақша 4
4) биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптар – Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ осы Заңның 9-бабының 11) тармақшасына сәйкес бекітілетін тізбеге енгізілген нормативтік техникалық құжаттарда, ұлттық және (немесе) мемлекетаралық стандарттарда қамтылған, биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін нормалар;
Тармақша 5
5) биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган – биологиялық қауіпсіздік саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 6
6) биологиялық қорғау – патогенді биологиялық агенттерді құқыққа сыйымсыз пайдаланудан физикалық қорғау (ұйымдастырушылық іс-шаралардың, инженерлік-техникалық құралдардың және оларды қорғау жөніндегі іс-қимылдардың жиынтығы), патогенді биологиялық агенттермен қауіпсіз жұмыс істеуді бақылау, есепке алу және қамтамасыз ету, олардың жоғалуын, жымқырылуын, оларға санкцияланбаған қол жеткізуді немесе олармен санкцияланбаған жұмыс істеуді, сондай-ақ патогенді биологиялық агенттер пайдаланылатын және (немесе) ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге қатысты терроризм актілерін және (немесе) диверсияларды болғызбау жөніндегі шараларды қабылдау арқылы іске асырылатын биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешені;
Тармақша 7
7) биологиялық тәуекел – патогенді биологиялық агенттердің адамдардың, жануарлардың саулығына, өсімдіктерге зиян келтіру ықтималдығы, сондай-ақ олардың табиғи ортаның жекелеген компоненттеріне түсу ықтималдығы;
Тармақша 8
8) көмекші персонал – патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілердің патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу кезінде қосалқы функцияны орындайтын жұмыскерлері;
Тармақша 9
9) қауіпті биологиялық фактор – патогенді биологиялық агенттердің және оларды қамтитын объектілердің, тасымалдаушылар мен жұқтырғыштардың адамдардың, жануарлардың саулығына, өсімдіктерге теріс әсер ету, сондай-ақ патогенді биологиялық агенттердің табиғи ортаның жекелеген компоненттеріне түсу тәуекелдерін арттыруға алып келетін оқиға, жағдай, қасиет және (немесе) процесс;
Тармақша 10
10) микроорганизм штаммы – белгілі бір биологиялық қасиеттері бар микроорганизм түрінің біртекті өсіндісі;
Тармақша 11
11) патогенді биологиялық агент – адамның, жануардың немесе өсімдіктің организмінде инфекциялық және (немесе) паразиттік процесті туғызуға қабілетті микроорганизмдер, биологиялық және өсімдік тектес улар (уыттар), гельминттер, нематодтар;
Тармақша 12
12) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу – патогенді биологиялық агенттерді зерттеу, жою және (немесе) иммундық-биологиялық препараттарды әзірлеу мақсатында оларды бөлуге (табуға), әзірлеуге (жасауға), өндіруге (дайындауға), олардың айналымына (оның ішінде әкелуге (әкетуге), сақтауға, тасымалдауға) тікелей бағытталған патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу процестері (сатылары);
Тармақша 13
13) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын маман (бұдан әрі – маман) – техникалық және кәсіптік және (немесе) орта білімнен кейінгі білімі және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары білімнен кейінгі білімі және (немесе) ғылыми дәрежесі бар және белгіленген тәртіппен патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге жіберілген жеке тұлға;
Тармақша 14
14) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъект – осы Заңда белгіленген тәртіппен және шарттарда патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 15
15) химиялық профилактика – адамға, жануарға инфекциялық және (немесе) паразиттік аурулардың алдын алу үшін химиялық препараттарды тағайындау;
Тармақша 16
16) ықтимал қауіпті биологиялық объект – патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жөніндегі қызмет жүзеге асырылатын жылжымайтын (стационарлық) немесе орналастырылатын мобильді объект.
Бап 2
2-бап. Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Бап 3
3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы Осы Заң биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
Бап 4
4-бап. Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаттары Биологиялық қауіпсіздік мынадай қағидаттардың негізінде қамтамасыз етіледі:
Тармақша 1
1) патогенді биологиялық агенттермен тек қана әскери емес мақсаттарда жұмыс істеу: бактериологиялық (биологиялық) және уытты қаруды әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау) және (немесе) оның қорларын жинақтау, пайдалану мақсатында патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге тыйым салынады;
Тармақша 2
2) биологиялық қатерлерді алдын ала тану: мемлекеттік органдар биологиялық қауіпсіздік саласындағы өкілеттіктерді іске асыру кезінде биологиялық қатерлер профилактикасының қажеттілігін басым тәртіппен басшылыққа алуға, биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алу және мониторинг деректері негізінде биологиялық қатерлерді талдауға және болжауға тиіс;
Тармақша 3
3) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді бақылауда ұстау: патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптарға сәйкес жүзеге асырылады, оларды сақтау биологиялық тәуекелдерді басқару, патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат беру тәртібін қолдану, биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алу, мониторингтеу және болжау (модельдеу), биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау және қадағалау шеңберінде қамтамасыз етіледі;
Тармақша 4
4) мемлекеттік реттеу шараларының мөлшерлес болуы: биологиялық қауіпсіздік саласындағы профилактика шаралары биологиялық факторлардың қауіптілік дәрежесіне, оның ішінде биологиялық қауіпсіздік саласындағы өлшемшарттар мен сыныптамаға сәйкес мөлшерлес болуға тиіс;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінің басымдығы: халықаралық ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне сәйкес келмейтін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіре алатын немесе Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінен айыруға алып келетін міндеттемелерді қабылдауға жол берілмейді.
Бап 5
5-бап. Негізгі биологиялық қатерлер
Тармақ 1
1. Мыналар негізгі биологиялық қатерлер болып табылады:
Тармақша 1
1) ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге әсер ететін табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың (бұдан әрі – төтенше жағдай) туындауы;
Тармақша 2
2) адамның және (немесе) жануарлардың аса қауіпті инфекциялық ауруы жағдайы;
Тармақша 3
3) халықтың, жануарлардың инфекциялық сырқаттанушылығының орташа статистикалық деңгейден асып түсуі;
Тармақша 4
4) инфекциялық аурулардан болатын өлімнің (өлім-жітімнің) орташа статистикалық деңгейден асып түсуі;
Тармақша 5
5) өсімдіктер ауруларының зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары таралуы;
Тармақша 6
6) Еуразиялық экономикалық одақтың карантиндік объектілерінің бірыңғай тізбесіне және (немесе) өсімдіктер карантині бойынша іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантиндік объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесіне енгізілген өсімдіктердің карантиндік ауруларының таралуы;
Тармақша 7
7) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу кезінде туындаған, биологиялық тәуекелдің туындауына нақты немесе ықтимал мүмкіндік жасайтын жағдай;
Тармақша 8
8) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жөніндегі талаптардың бұзылуы, оның ішінде патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жөніндегі ақпаратты жасыру;
Тармақша 9
9) патогенді биологиялық агенттерге санкцияланбаған қол жеткізу;
Тармақша 10
10) патогенді биологиялық агенттермен реттелмейтін еркін жұмыс істеу;
Тармақша 11
11) патогенді биологиялық агенттер пайдаланылатын және (немесе) ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге қатысты терроризм актілері және (немесе) диверсиялар, патогенді биологиялық агенттерді бактериологиялық (биологиялық) және уытты қару ретінде әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау) және пайдалану үшін биологиялық технологияларды және өзге де аралас технологияларды қолдану;
Тармақша 12
12) патогенді биологиялық агенттердің дәрілік, химиялық және (немесе) биологиялық құралдардың әсеріне төзімділігін (резистенттілігін) қалыптастыру;
Тармақша 13
13) биологиялық қауіпсіздік саласындағы мамандар біліктілігінің төмендігі, кадрлардың жетіспеушілігі;
Тармақша 14
14) аса қауіпті инфекциялық және (немесе) паразиттік ауруларды жұқтырғыштар және (немесе) тасымалдаушылар болып табылатын халықтың көшуі және жануарлар мен өсімдіктердің мекендеу ортасының өзгеруі;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының аумағында ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге әсер ететін және (немесе) патогенді биологиялық агенттерді қолдануға байланысты соғыс қимылдары.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу кезінде, сондай-ақ патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілер ұйымдастырушылық іс-шараларды әзірлеу кезінде осы баптың 1-тармағында санамаланған биологиялық қатерлерді болғызбауға бағытталған тетіктерді көздейтін ережелердің тұжырымдалуын қамтамасыз етуге міндетті.
Тарау 2. 2-тарау. БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
2-тарау. БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Бап 6
6-бап. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік реттеу
Тармақ 1
1. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы негізгі проблемалар мен қатерлер, стратегиялық мақсаттар, негізгі бағыттар, нысаналы индикаторлар, міндеттер және нәтижелердің көрсеткіштері, ведомствоаралық өзара іс-қимыл Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясында айқындалады.
Тармақ 2
2. Биологиялық қауіпсіздік саласында жедел ведомствоаралық ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және үйлестірілген шараларды қабылдау биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік цифрлық жүйе арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де тәсілдермен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік реттеу:
Тармақша 1
1) биологиялық қауіпсіздік саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 2
2) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеудің рұқсат беру тәртібін енгізу;
Тармақша 3
3) биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу;
Тармақша 4
4) биологиялық тәуекелдерді басқару;
Тармақша 5
5) биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алу, мониторингтеу және болжау (модельдеу) арқылы жүзеге асырылады.
Бап 7
7-бап. Ведомствоаралық үйлестіру
Тармақ 1
1. Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіруді биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында мемлекеттік органдар, ұйымдар биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға және биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды реттеу мен іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға жәрдем көрсетуге міндетті.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес күзет іс-шаралары өткізілетін орындарда күзетілетін адамдардың және объектілердің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіруді және ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Терроризмге және экстремизмге қарсы, оның ішінде патогенді биологиялық агенттер пайдаланылатын және (немесе) ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге қатысты терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті ведомствоаралық үйлестіруді Қазақстан Республикасының терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге әсер ететін және (немесе) патогенді биологиялық агенттердің әсерінен туындаған төтенше жағдайлар кезінде басшылықты және салааралық үйлестіруді, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды іске асыруды, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуді Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына сәйкес азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына сәйкес әзірленетін жаһандық, өңірлік және жергілікті ауқымдардағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарлары биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік органдардың, ұйымдардың іс-қимылдарының, ведомствоаралық өзара іс-қимылдың алгоритмдерін көздейтін биологиялық қауіпсіздік саласындағы ден қою хаттамаларын да (сценарийлерін) қамтуға тиіс. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган және мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге әсер ететін және (немесе) патогенді биологиялық агенттердің әсерінен туындаған төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша, оның ішінде биологиялық қауіпсіздік саласындағы ден қою хаттамаларын (сценарийлерін) іске асыру арқылы жәрдем көрсетеді.
Тармақ 5
5. Соғыс жағдайы режимі жағдайларында және Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігі мен қорғанысы шеңберінде биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды ведомствоаралық үйлестіруді Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі жүзеге асырады.
Бап 8
8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің биологиялық қауіпсіздік саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне мыналар жатады:
Тармақша 1
1) биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және оларды жүзеге асыруды ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларын және оларды қалыптастыруға, жүргізуге және күтіп-бағуға уәкілеттік берілген ұйымдардың тізбесін бекіту;
Тармақша 3
Тармақша 4
Бап 9
9-бап. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның құзыреті Биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның құзыретіне мыналар жатады:
Тармақша 1
1) биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне байланысты нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік техникалық құжаттардың, ұлттық және (немесе) мемлекетаралық стандарттардың жобаларын келісу;
Тармақша 1-1
1-1) биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру әрі іске асыру және оның жүзеге асырылуын ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік цифрлық жүйені жүргізу;
Тармақша 3
3) биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды, мониторингтеуді жүргізу және болжау (модельдеу) қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 4
4) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілерді, ықтимал қауіпті биологиялық объектілерді, патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттерді және олармен жұмыс істеуді жүзеге асыратын мамандарды есепке алудың жүзеге асырылуын мониторингтеу;
Тармақша 5
5) патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларын және оларды қалыптастыруға, жүргізуге және күтіп-бағуға уәкілеттік берілген ұйымдардың тізбесін әзірлеу;
Тармақша 6
6) биологиялық қауіпсіздік саласындағы кадрларды кәсіптік даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың үлгілік бағдарламаларын келісу;
Тармақша 7
7) патогенді биологиялық агенттердің патогендігі және қауіптілік дәрежесі бойынша сыныптамасын ескере отырып, патогенді биологиялық агенттерді аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатындарға жатқызу өлшемшарттарын және патогенді биологиялық агенттердің тізбесін әзірлеу;
Тармақша 8
8) патогендігі І және ІІ топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыру үшін мамандардың кадр резервін қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 9
9) биологиялық қорғауды қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 10
10) биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемелерін келісу;
Тармақша 11
11) биологиялық қауіпсіздік саласындағы нормативтік техникалық құжаттардың, ұлттық және (немесе) мемлекетаралық стандарттардың тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 12
12) биологиялық тәуекелдерді сыртқы бағалау тиімділігіне мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 13
13) осы Заңның 10-бабының 3-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар жүргізетін биологиялық тәуекелдерді сыртқы бағалау тиімділігін мониторингтеу;
Тармақша 14
14) биологиялық қатерлерді талдау және болжау;
Тармақша 15
15) биологиялық қауіпсіздік саласындағы нысаналы ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды келісу;
Тармақша 16
16) биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасына сәйкес жұртшылыққа Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігінің жай-күйі туралы хабар беру;
Тармақша 17-1
17-1) патогенді биологиялық агенттердің патогендігі және қауіптілік дәрежесі бойынша сыныптамасын ескере отырып, патогенді биологиялық агенттерді аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатындарға жатқызу өлшемшарттарын және патогенді биологиялық агенттердің тізбесін бекіту;
Тармақша 18
18) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Бап 10
10-бап. Мемлекеттік органдардың биологиялық қауіпсіздік саласындағы құзыреті
Тармақ 1
1. Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде мына мемлекеттік органдар жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган;
Тармақша 2
2) ветеринария саласындағы уәкілетті орган;
Тармақша 3
3) өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган;
Тармақша 4
4) өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган;
Тармақша 5
5) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган;
Тармақша 6
6) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган;
Тармақша 7
7) ғылым саласындағы уәкілетті орган;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
Тармақша 9
9) мемлекеттік кіріс органдары;
Тармақша 10
10) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Құрылтайының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган.
Тармақ 2
2. Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді осы баптың 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде, оның ішінде:
Тармақша 1
1) биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасына сәйкес жұртшылыққа биологиялық қатерлердің тәуекелдеріне алып келетін жағдайлар туралы хабар беру;
Тармақша 3
3) биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды, мониторингтеуді жүргізу және болжау (модельдеу) қағидаларына сәйкес биологиялық қауіпсіздік саласындағы статистикалық ақпаратты және өзге де есепке алу мен есептік құжаттаманы (ақпаратты) беру;
Тармақша 4
4) биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне байланысты нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік техникалық құжаттардың, ұлттық және (немесе) мемлекетаралық стандарттардың жобаларын келісу;
Тармақша 5
5) биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемелерін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 6
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган, ветеринария, өсімдіктерді қорғау, ғылым саласындағы, өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органдар осы баптың 2-тармағында көрсетілген функциялардан басқа, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілердің, ықтимал қауіпті биологиялық объектілердің тізілімдерін жүргізуді;
Тармақша 2
2) патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттердің, патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын мамандардың тізілімдерін жүргізуді;
Тармақша 3
3) осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес биологиялық қауіпсіздік саласындағы профилактикалық іс-шараларды жүргізуді;
Тармақша 4
4) осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды және мониторингтеуді;
Тармақша 5
5) биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды;
Тармақша 6
6) биологиялық қауіпсіздік саласындағы кадрларды кәсіптік даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың үлгілік бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді;
Тармақша 7
7) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияны орындайтын) мамандары мен көмекші персоналының еңбегіне ақы төлеудің үлгілік жүйесін әзірлеуді және бекітуді;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен биологиялық қауіпсіздік саласында ғылыми зерттеулер ұйымдастыруды;
Тармақша 9
9) биологиялық тәуекелдерді сыртқы бағалауды;
Тармақша 10
10) коллекциялық қызметті есепке алуды және мониторингтеуді;
Тармақша 11
11) референттік (референс-) зерттеулерді жүзеге асыру және жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларын әзірлеуді және бекітуді:
Тармақша 12
12) патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекцияларын қалыптастыруға, жүргізуге және күтіп-бағуға уәкілеттік берілген ұйымдардың қызметін бюджет қаражатының есебінен қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 7) тармақшаларында көзделген функцияларды өсімдіктер карантині жөніндегі және өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті органдар жүзеге асырмайды.
Тармақ 4
4. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген функциялардан басқа, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың және ғылыми сараптаманың нәтижелері бойынша адамның немесе болашақ ұрпақтардың денсаулығына қауіпті деп танылған биологиялық заттардың есепке алынуын жүргізуді жүзеге асырады.
Бап 11
11-бап. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының биологиялық қауіпсіздік саласындағы құзыреті Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдайды және жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлар кезінде Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына сәйкес құрылатын жедел штабтар шеңберінде биологиялық қатерлерді болғызбау және олардың салдарларын жою жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) биологиялық қауіпсіздік саласындағы өңіраралық ынтымақтастықты және өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде жүзеге асырады.
Бап 12
12-бап. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастық
Тармақ 1
1. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың басымдықтары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы ұлттық мүдделерін қорғау;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін, қолайлы фитосанитариялық ахуалын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) биологиялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық тәжірибені қолдану.
Тармақ 2
2. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың бағыттары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) биологиялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық бастамаларға қатысу;
Тармақша 2
2) биологиялық қауіпсіздік саласында мемлекетаралық деңгейде техникалық көмекті тарту және көрсету;
Тармақша 3
3) халықаралық инновациялық технологияларды ендіру және биологиялық қауіпсіздік пен биологиялық қорғау жүйесін жаңғырту;
Тармақша 4
4) патогенді биологиялық агенттер пайдаланылатын және (немесе) ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге қатысты терроризм актілерін және (немесе) диверсияларды болғызбау және олардың салдарларын жою;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасын биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мемлекетаралық және халықаралық жүйелеріне және өзге де халықаралық интеграциялық бірлестіктерге интеграциялау, халықаралық ғылыми алмасуға қатысу;
Тармақша 6
6) биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен микроорганизмдер штаммдарын халықаралық депонирлеуге қатысу;
Тармақша 8
8) ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге әсер ететін және (немесе) патогенді биологиялық агенттердің әсерінен туындаған халықаралық сипаттағы төтенше жағдайларды оқшаулауға және жоюға қатысу;
Тармақша 9
9) биологиялық қауіпсіздік саласындағы кадрларды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру саласында мемлекетаралық өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 10
10) патогенді биологиялық агенттердің трансшекаралық орын ауыстыруын реттеу;
Тармақша 11
11) биологиялық қатерлерді болғызбау мақсатында халықаралық шарттарға сәйкес ақпарат алмасу.
Тармақ 3
3. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастық ашықтық пен басқа мемлекеттерге қарсы бағытталмаушылыққа негізделген.
Тарау 3. 3-тарау. БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР
3-тарау. БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР
Бап 13
13-бап. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы өлшемшарттар мен сыныптамалар
Тармақ 1
1. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу патогенді биологиялық агенттердің патогендігі және қауіптілік дәрежесі бойынша сыныптамасына негізделеді:
Тармақша 1
1) патогендігі I топ – адамдардың және (немесе) жануарлардың өлім (өлім-жітім) деңгейі жоғары аса қауіпті инфекциялық ауруларын туғызатын, инфекция жұқтырған организмнен сау организмге жеңіл таралатын, әдетте, оларға қатысты вакциналар және тиімді терапия құралдары жоқ патогенді биологиялық агенттер;
Тармақша 2
2) патогендігі II топ – адамдардың және (немесе) жануарлардың инфекциялық және (немесе) паразиттік ауруларын туғызатын, инфекция жұқтырған организмнен сау организмге жеңіл таралатын, оларға қатысты вакциналарды қоса алғанда, емдеу мен профилактиканың тиімді құралдары мен тәсілдері қолжетімді болатын патогенді биологиялық агенттер. Бұл топ: аса қауіпті инфекциялық ауруларды; инфекциялық және (немесе) паразиттік ауруларды туғызатын патогенді биологиялық агенттер болып бөлінеді;
Тармақша 3
3) патогендігі III топ – адамдардың және (немесе) жануарлардың инфекциялық және (немесе) паразиттік ауруларын туғызатын не өсімдіктерге айтарлықтай зиян келтіруге қабілетті, инфекция жұқтырған организмнен сау организмге таралуы ең аз деп сипатталатын, оларға қатысты вакциналарды қоса алғанда, емдеу мен профилактиканың тиімді құралдары мен тәсілдері қолжетімді болатын патогенді биологиялық агенттер;
Тармақша 4
4) патогендігі IV топ – адамдардың және (немесе) жануарлардың инфекциялық және (немесе) паразиттік ауруларын туғызатын не өсімдіктерге зиян келтіруге қабілетті, әдетте, инфекция жұқтырған организмнен сау организмге таралмайтын, оларға қатысты вакциналарды қоса алғанда, емдеу мен профилактиканың тиімді құралдары мен тәсілдері қолжетімді болатын патогенді биологиялық агенттер.
Тармақ 2
2. Патогендігі ІІ топтағы патогенді биологиялық агенттер болып табылатын микроорганизмдердің аттенуацияланған (әлсіреген) штаммдары патогендігі ІІІ топтағы патогенді биологиялық агенттерге жатады. Патогендігі ІІІ топтағы патогенді биологиялық агенттер болып табылатын микроорганизмдердің аттенуацияланған (әлсіреген) штаммдары патогендігі IV топтағы патогенді биологиялық агенттерге жатады.
Тармақ 3
3. Патогенді биологиялық агенттерді аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатындарға жатқызу өлшемшарттары және патогенді биологиялық агенттердің тізбесі олардың осы бапта көрсетілген патогендігі және қауіптілік дәрежесі бойынша сыныптамасы ескеріле отырып, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың биологиялық қауіпсіздік саласындағы ұсынымдары, биологиялық тәуекелдерді бағалау нәтижелері ескеріле отырып қалыптастырылады.
Бап 14
14-бап. Биологиялық тәуекелдерді басқару
Тармақ 1
1. Биологиялық тәуекелдерді басқару қауіпті биологиялық факторлардың әсерінен теріс салдарлардың туындау ықтималдығын төмендету мақсатында қолданылады.
Тармақ 2
2. Биологиялық тәуекелдерді бағалау биологиялық тәуекелдерді басқару элементі болып табылады және патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге байланысты қызметтің әртүрлі салаларында қауіпті биологиялық факторлардың, құралдардың, әдістердің, технологиялардың, көрсетілетін қызметтердің әсерінен теріс салдарлар туындауының алдын алуға бағытталған ұйымдастырушылық, талдамалық және практикалық іс-шаралар жиынтығын білдіреді.
Тармақ 3
3. Биологиялық тәуекелдерді бағалау патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге, ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге, инфекциялық және (немесе) паразиттік аурулардың эпидемиялық және эпизоотиялық ошақтарына және ықтимал ошақтық аумаққа қатысты жүргізіледі. Биологиялық тәуекелдерді бағалау сыртқы және ішкі болып бөлінеді.
Тармақ 4
4. Биологиялық тәуекелдерді сыртқы бағалауды мемлекеттік органдар белгіленген құзыреті шегінде жүргізеді. Биологиялық тәуекелдерге сыртқы бағалау жүргізу үшін мемлекеттік органдар өздерінің ведомстволық бағынысты ұйымдарын тартуға құқылы.
Тармақ 5
5. Биологиялық тәуекелдерді ішкі бағалауды патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жөніндегі өз қызметіне қатысты жүргізеді.
Тармақ 6
6. Биологиялық тәуекелдерді бағалау биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады. Биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемесі оның ішінде ғылыми-әдістемелік база ескеріле отырып әзірленеді және онда биологиялық тәуекелдерді деңгейлері бойынша сатылау көзделуге тиіс.
Тармақ 7
7. Биологиялық тәуекелдерді олардың деңгейіне қарай бағалау нәтижелері қауіпті биологиялық факторлардың әсерінен халықты қорғау және табиғи ортаның жекелеген компоненттерін сақтау үшін жағдайлар қамтамасыз етілетін, биологиялық тәуекелді оның жол берілетін (қолайлы) деңгейіне дейін төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлеу үшін пайдаланылуға тиіс.
Тармақ 8
8. Биологиялық тәуекелді төмендету жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін, сондай-ақ биологиялық тәуекелдерге ішкі бағалауды жүргізу тиімділігін бақылау биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Биологиялық тәуекелдің деңгейіне қарай уәкілетті мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын, орындалуы міндетті талаптарды әзірлейді.
Бап 15
15-бап. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру
Тармақ 1
1. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу процесі құрамында патогенді биологиялық агенттер (ықтимал қауіпті биологиялық заттар) болуы мүмкін заттар мен материалдарды, оның ішінде табиғи ортаның жекелеген компоненттерінен, аса қауіпті инфекциялық және (немесе) паразиттік ауруларды жұқтырғыштар мен тасымалдаушылардан (оның ішінде олардың тіршілік ету өнімдерінен) іріктеу мен зерттеу арқылы жүзеге асырылатын оларды табуды қамтиды.
Тармақ 2
2. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілер:
Тармақша 1
1) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны алуға;
Тармақша 2
2) биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптарды сақтауға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеу рәсімінен өтуге;
Тармақша 4
4) қол жетімділігі шектеулі ақпаратпен жұмыс істеу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;
Тармақша 5
5) биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды, мониторингтеуді жүргізу және болжау (модельдеу) қағидаларына сәйкес биологиялық қауіпсіздік саласындағы статистикалық ақпаратты және өзге де есепке алу мен есептік құжаттаманы (ақпаратты) беруге;
Тармақша 6
6) биологиялық қорғауды қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес биологиялық тәуекелдер деңгейін ескере отырып, ықтимал қауіпті биологиялық объектілердің биологиялық қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге;
Тармақша 7
7) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеудің барлық сатысында олармен қауіпсіз жұмыс істелуін бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 8
8) биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға, осы Заңның 10-бабында көрсетілген мемлекеттік органдарға биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша жәрдемдесуге;
Тармақша 9
9) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның, ветеринария, өсімдіктерді қорғау саласындағы, өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелеріне, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарына ғылым саласындағы уәкілетті органға патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу процесіндегі авариялар (төтенше жағдайдың туындауы), жұмыскерлердің инфекциялық ауруларды жұқтыру фактілері туралы дереу хабар беруге;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басшыларды, мамандарды және көмекші персоналды мерзімді медициналық қарап-тексеруден және зерттеп-қараудан өткізуді, биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды жүргізуді, олардың білімін тексеруді ұйымдастыруға;
Тармақша 11
11) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауға жататын патогенді биологиялық агенттерді Қазақстан Республикасының аумағы арқылы импорттау, экспорттау, кері экспорттау не транзиттеу кезінде Қазақстан Республикасының өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.
Тармақ 3
3. Патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілер осы баптың 2-тармағында көзделген міндеттерден басқа:
Тармақша 1
1) патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын, даярланған мамандардың болуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге қолжетімділігі шектеулі режимді қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды, мониторингтеуді жүргізу және болжау (модельдеу) қағидаларында айқындалған тәртіппен: қызметті жүзеге асыру кезінде қолданылатын ақпараттық жүйелерді биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік цифрлық жүйемен интеграциялауға; тиісті тізілімге енгізу үшін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға, ветеринария, ғылым саласындағы уәкілетті органдарға патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын мамандар туралы ақпарат беруге міндетті.
Тармақ 4
4. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын бақылау жөніндегі комиссияның (режимдік комиссияның) қорытындысы негізінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны береді.
Тармақ 5
5. Аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатын патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы ұлттық холдингке тиесілі өзге де заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы референттік (референс-) зерттеулер:
Тармақша 1
1) диагностикалық күрделі және сараптамалық жағдайларда;
Тармақша 2
2) аса күрделі жағдайларда зерттеулер жүргізуді қоса алғанда, патогенді биологиялық агенттерді сәйкестендіру мақсатында;
Тармақша 3
3) жаңадан анықталған патогенді биологиялық агенттерді зерделеу мақсатында;
Тармақша 4
4) күмәнді немесе даулы жағдайларда сараптамалық қорытынды беру үшін жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы референттік (референс-) зерттеулерді осы қызметке жіберілген ұйымдар референттік (референс-) зерттеулерді жүзеге асыру және жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы референттік (референс-) зерттеулерді жүзеге асыратын субъектілер ұлттық стандарттарға сәйкес келуге және сапаны сыртқы бағалау жүйесін ендіру және оның жұмыс істеуі жөніндегі ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмысты, сондай-ақ патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жөніндегі қызметтің сапасын сыртқы бағалауды жүзеге асыруға тиіс.
Бап 16
16-бап. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алу және мониторинг
Тармақ 1
1. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алу және мониторинг биологиялық тәуекелдерді басқару элементтері болып табылады және қауіпті биологиялық факторлардың әсерінен теріс салдарлар туындауының алдын алуға бағытталған.
Тармақ 2
2. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алу және мониторинг патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеудің барлық кезеңінде:
Тармақша 1
1) мыналардың: патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілердің; ықтимал қауіпті биологиялық объектілердің; патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттердің; патогендігі І және ІІ топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын мамандардың тізілімдерін жүргізу;
Тармақша 2
2) статистикалық ақпаратты және өзге де есепке алу мен есептік құжаттаманы (ақпаратты) жинау және талдау;
Тармақша 3
3) аумақты, табиғи ортаның жекелеген компоненттерін, аса қауіпті инфекциялық және (немесе) паразиттік ауруларды жұқтырғыштар мен тасымалдаушыларды (оның ішінде олардың тіршілік ету өнімдерін), заттар мен материалдарды зерттеп-қарауды жүргізу, халықтың, жануарлардың, өсімдіктердің инфекциялық және (немесе) паразиттік ауруларының туындау себептері мен жағдайларын анықтау;
Тармақша 4
4) ведомствоаралық ақпарат алмасу;
Тармақша 5
5) халықаралық ынтымақтастық шеңберінде ақпарат алмасу;
Тармақша 6
6) ашық дереккөздерден алынатын ақпаратты жинау, қорыту және талдау арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тізілімдерді қалыптастыру және жүргізу тәртібі, биологиялық қауіпсіздік саласындағы статистикалық ақпараттың және өзге де есепке алу мен есептік құжаттаманың (ақпараттың) түрлері, биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік цифрлық жүйені қалыптастыру және жүргізу тәртібі, сондай-ақ ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау және беру тәртібі биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды, мониторингтеуді жүргізу және болжау (модельдеу) қағидаларында айқындалады.
Бап 17
17-бап. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік цифрлық жүйе
Тармақ 1
1. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік цифрлық жүйе биологиялық қауіпсіздік саласындағы орталықтандырылған есепке алу және мониторингтеу, биологиялық тәуекелдерді басқару, мемлекеттік органдар мен астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары арасында ақпарат алмасу арқылы жағдайды талдау, биологиялық тәуекелдерді болжау және модельдеу, үйлестірілген және жедел ден қою шараларын тұжырымдау мақсатында құрылады.
Тармақ 2
2. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы цифрлық ресурстар, бағдарламалық қамтылым, интернет-ресурс және цифрлық инфрақұрылым биологиялық қауіпсіздік саласындағы цифрлық объектілер болып табылады.
Тармақ 3
3. Биологиялық қауіпсіздік мәселелері қозғалатын салаларда мемлекеттік реттеуді (қызметті) жүзеге асыратын мемлекеттік органдар (олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары), сондай-ақ патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілер биологиялық қауіпсіздік саласындағы цифрлық орта субъектілері болып табылады.
Тармақ 4
4. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік цифрлық жүйе цифрлық орта субъектілері беретін статистикалық ақпараттың және өзге де есепке алу мен есептік құжаттаманың (ақпараттың) негізінде қалыптастырылады.
Тармақ 5
5. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік цифрлық жүйеге келіп түсетін ақпарат біріздендірілген түрде жинақталады және биологиялық қауіпсіздік саласындағы бірыңғай ұлттық дерекқорды құрады.
Тармақ 6
6. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік цифрлық жүйені құруды, жетілдіруді және пайдалануды және онда сақталатын және өңделетін мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Бап 18
18-бап. Жеке және заңды тұлғалардың биологиялық қауіпсіздік саласындағы құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Жеке және заңды тұлғалардың:
Тармақша 1
1) қауіпті биологиялық факторлардың әсерінен қорғалуға;
Тармақша 2
2) шет елдерге және Қазақстан Республикасының инфекциялық және (немесе) паразиттік сырқаттанушылық бойынша эндемиялық өңірлеріне жоспарлап баруға байланысты ықтимал биологиялық тәуекелдер және олардың профилактикасы жөніндегі шаралар туралы ақпарат алуға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық және ветеринариялық-санитариялық ахуалдар, сондай-ақ қауіпті биологиялық факторлардың әсерінен халықты қорғауға және табиғи ортаның жекелеген компоненттерін сақтауға, биологиялық қатерлерді болғызбауға бағытталған, қабылданып жатқан шаралар туралы анық және уақтылы ақпарат алуға;
Тармақша 4
4) биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша тиісті мемлекеттік органдарға жүгінуге;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда жеке қорғалуға қойылатын талаптардың орындалуын ескере отырып, биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларға қатысуға құқығы;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтары бар.
Тармақ 2
2. Жеке және заңды тұлғалар:
Тармақша 1
1) осы Заңның 10-бабының 1-тармағында көзделген мемлекеттік органдардың құзыреттеріне сәйкес оларға патогенді биологиялық агенттерді құқыққа қарсы (санкцияланбаған) пайдаланудың не олармен еркін жұмыс істеудің барлық белгілі болған фактілері туралы хабарлауға;
Тармақша 2
2) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге байланысты көрінеу жалған ақпараттың таралуына жол бермеуге;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасында белгіленген шектеулер қабылданған жағдайда патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге байланысты қолжетімділігі шектеулі ақпаратқа қатысты талаптарды орындауға;
Тармақша 4
4) басқа жеке және заңды тұлғалардың қауіпті биологиялық факторлардың әсерінен қорғалу құқықтарының бұзылуына алып келетін әрекеттерді жүзеге асырмауға міндетті. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат және оған қосымша болмаса, патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жөніндегі қызметке тыйым салынады.
Тармақ 3
3. Жеке тұлғалар осы баптың 2-тармағында көрсетілген міндеттерден басқа:
Тармақша 1
1) тұрған жеріндегі медициналық ұйымдарға инфекциялық және (немесе) паразиттік ауруға тән белгілермен ұштасатын денсаулық жағдайының нашарлау фактісі бойынша уақтылы жүгінуге;
Тармақша 2
2) инфекциялық және (немесе) паразиттік ауруға байланысты медициналық көмекке жүгінген жағдайда осы жүгінудің алдында шетелде және (немесе) Қазақстан Республикасының инфекциялық және (немесе) паразиттік сырқаттанушылық бойынша эндемиялық аумағында болғаны туралы хабарлауға;
Тармақша 3
3) айналасындағылар үшін қауіп төндіретін инфекциялық және (немесе) паразиттік аурулар диагностикаланған жағдайда тұрған жеріндегі медициналық ұйымдарға осындай диагностикалаудың алдындағы байланыстар туралы ақпаратты уақтылы хабарлауға міндетті.
Бап 19
19-бап. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы профилактика
Тармақ 1
1. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы профилактика Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және эпидемияға қарсы, ветеринариялық, фитосанитариялық іс-шаралар кешенін, өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды және биологиялық тәуекелдерді басқаруға, биологиялық қатерлерді болғызбауға және тежеуге бағытталған өзге де шараларды қамтиды. Мемлекеттік органдар биологиялық қауіпсіздік саласындағы профилактикалық іс-шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы профилактика мынадай:
Тармақша 1
1) жалпы;
Тармақша 2
2) биологиялық қатердің көзіне бағытталған;
Тармақша 3
3) қауіпті биологиялық факторға бағытталған;
Тармақша 4
4) ауруға бейім организмге бағытталған профилактикалық іс-шараларға бөлінеді.
Тармақ 3
3. Жалпы профилактикалық іс-шаралар:
Тармақша 1
1) биологиялық тәуекелдерді мониторингтеу мен талдауды, оның ішінде инфекциялық және (немесе) паразиттік сырқаттанушылықты болжауды, табиғи ортаның жекелеген компоненттерінің мониторингін, биологиялық қатерлерді бейтараптандыруды немесе олардың деңгейін төмендетуді;
Тармақша 2
2) тиісті қызметтердің биологиялық қатер көзін анықтауға және оқшаулауға бағытталған іс-шараларды жүргізуге дайындығын қамтамасыз етуді, жағдайды басқаруды, жаһандық, өңірлік және жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарлары шеңберінде биологиялық қауіпсіздік саласындағы ден қою хаттамаларын (сценарийлерін) қалыптастыруды;
Тармақша 3
3) өз қызметі шеңберінде патогенді биологиялық агенттермен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын тұлғалардың биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптарды сақтауын;
Тармақша 4
4) ықтимал қауіпті биологиялық объектілердің, инфекциялық аурулардың табиғи ошақтарының және (немесе) өсімдіктер ауруларының таралу ошақтарының аумағында және оларға тікелей жақын жерде орналасатын объектілерді орналастыру, жобалау, салу, реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыру, кеңейту, күрделі жөндеу жүргізу және пайдалануға беру кезінде биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптарды сақтауды;
Тармақша 5
5) патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыру үшін мамандардың кадр резервінен кадр ресурстарын жұмылдыруды;
Тармақша 6
6) дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың резервтерін жұмылдыруды, биологиялық қауіпсіздік саласындағы профилактикалық іс-шаралардың мұқтаждықтары үшін объектілерді қайта бейіндеуді;
Тармақша 7
7) биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруды;
Тармақша 8
8) халықтың хабардар болу деңгейін және оның қауіпті биологиялық факторлардың әсеріне ден қоюға дайындығын арттыруға бағытталған іс-шараларды;
Тармақша 9
9) биологиялық қауіпсіздік мәселелерін зерделеуді жалпы білім беретін оқу бағдарламаларына енгізуді қамтиды.
Тармақ 4
4. Биологиялық қатердің көзіне бағытталған іс-шаралар:
Тармақша 1
1) инфекция жұқтырған және олармен байланыста болған адамдарды, жануарларды уақтылы анықтауды, бүлінген (залалданған) өсімдіктерді анықтауды, оларды есепке алуды және тіркеуді, оқшаулауды (обсервациялауды), диагностикалауды, емдеуді, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарларды алып қоюды, жоюды;
Тармақша 2
2) инфекция ошақтарын және (немесе) өсімдік ауруларының таралу ошақтарын анықтауды, оқшаулауды, зерттеп-қарауды және жоюды;
Тармақша 3
3) адамдар мен жануарлардың инфекциялық және (немесе) паразиттік ауруларының, өсімдіктер ауруларының Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында пайда болуының, әкелінуінің, таралуының алдын алуды;
Тармақша 4
4) биологиялық қатерлерді ерте анықтау (экспресс-диагностика) әдістемелерін, оның ішінде патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдер коллекцияларын пайдалану арқылы әзірлеуді және жетілдіруді;
Тармақша 5
5) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес сараптама жүргізудің жеделдетілген рәсімі бойынша дәрілік затты немесе медициналық бұйымды мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 6
6) биологиялық қорғауды қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес ықтимал қауіпті биологиялық объектілерде биологиялық қорғау шараларын қамтамасыз етуді;
Тармақша 7
7) ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасауды, оның ішінде патогенді биологиялық агенттермен заңсыз (санкцияланбаған) жұмыс істеуді, олардың жоғалуын, жымқырылуын, олармен заңсыз жұмыс істеу туралы ақпаратты жасыруды (бермеуді), сондай-ақ патогенді биологиялық агенттер пайдаланылатын және (немесе) ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге қатысты терроризм актілерін және (немесе) диверсияларды болғызбау жөнінде шаралар қабылдауды қоса алғанда, биологиялық қатерлердің туындауына жедел ден қою мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасауды қамтиды.
Тармақ 5
5. Қауіпті биологиялық факторға бағытталған іс-шаралар:
Тармақша 1
1) шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізуді;
Тармақша 2
2) жеке қорғану құралдарын қолдануды, жеке гигиенаны, әлеуметтік қашықтықты сақтауды қоса алғанда, жеке және қоғамдық қорғау шараларын сақтауды;
Тармақша 3
3) дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау, өсімдіктерді қорғау құралдарымен өңдеу жүргізуді;
Тармақша 4
4) санитариялық-профилактикалық іс-шараларды және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсартуды;
Тармақша 5
5) эпидемияға қарсы, эпизоотияға қарсы және фитосанитариялық іс-шаралар, өсімдіктер карантині бойынша іс-шаралар жүргізуді қамтиды.
Тармақ 6
6. Ауруға бейім организмге бағытталған іс-шаралар:
Тармақша 1
1) халыққа профилактикалық медициналық қарап-тексеру жүргізуді;
Тармақша 2
2) халықтың саламатты өмір салты мен дұрыс тамақтануын қалыптастыруға жәрдемдесуді;
Тармақша 3
3) адам және (немесе) жануар инфекцияларының таралуын болғызбау мақсатында иммундық профилактиканы және химиялық профилактиканы, өсімдіктерді қорғау құралдарын қолдануды;
Тармақша 4
4) медициналық, ветеринариялық және ғылыми қызмет шеңберінде аса қауіпті инфекциялық ауруларды туғызатын патогенді биологиялық агенттермен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын тұлғаларды биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптарға сәйкес жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етуді қамтиды.
Тарау 4. 4-тарау. БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ ТАЛАПТАРДЫҢ САҚТАЛУЫН МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ
4-тарау. БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ ТАЛАПТАРДЫҢ САҚТАЛУЫН МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ
Бап 20
20-бап. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау және қадағалау
Тармақ 1
1. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау және қадағалау (бұдан әрі – мемлекеттік бақылау және қадағалау) олардың бұзылуының алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге және жоюға бағытталған және осы Заңда, Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы, ветеринария, өсімдіктерді қорғау, өсімдіктер карантині, терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар немесе патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жүзеге асырылатын объектілер (бұдан әрі – бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілері немесе объектілері болып табылады.
Тармақ 3
3. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жүзеге асырылатын мемлекеттік бақылау және қадағалау объектілері эпидемиялық, эпизоотиялық, эпифитотикалық тәуекел дәрежесі жоғары объектілерге жатады. Эпидемиялық, эпизоотиялық, эпифитотикалық тәуекел дәрежесі жоғары объектілер екі топқа бөлінеді:
Тармақша 1
1) патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жүзеге асырылатын ықтимал қауіпті биологиялық объектілер;
Тармақша 2
2) патогендігі III және (немесе) IV топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жүзеге асырылатын ықтимал қауіпті биологиялық объектілер. Мемлекеттік бақылау және қадағалау объектілерін аталған топтарға жатқызу патогенді биологиялық агенттердің патогендігі және қауіптілік дәрежесі бойынша сыныптамасы ескеріле отырып, патогенді биологиялық агенттерді аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатындарға жатқызу өлшемшарттарының және патогенді биологиялық агенттер тізбесінің негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген нысандарда жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік бақылау және қадағалау шеңберінде бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін.
Бап 21
21-бап. Жедел ден қою шараларын қолдану тәртібі
Тарау 5. 5-тарау. МИКРООРГАНИЗМДЕР КОЛЛЕКЦИЯЛАРЫ
5-тарау. МИКРООРГАНИЗМДЕР КОЛЛЕКЦИЯЛАРЫ
Бап 22
22-бап. Коллекциялық қызмет
Тармақ 1
1. Патогенді микроорганизмдердің бірегейлігін, олардың ғылыми, білімдік және практикалық құндылығын, ғылыми, зерттеу және өндірістік қызметте қолданбалы пайдалану мүмкіндігін зерделеу және айқындау, оларға қатысты халықаралық және ұлттық патенттік рәсімдерді жүргізу үшін коллекциялық қызмет жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Коллекциялық қызмет патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық және жұмыс коллекцияларында патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдерді жинау, сәйкестендіру, зерделеу, есепке алу, паспорттау, сақтау (депонирлеу) және күтіп-бағу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық және жұмыс коллекцияларының сақталуына коллекциялық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың бірінші басшылары жауапты болады.
Бап 23
23-бап. Патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекциялары
Тармақ 1
1. Патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекцияларында бірегей, оның ішінде эталондық ретінде пайдаланылатын, әртүрлі көздерден оқшауланған патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдерді, иммундық-биологиялық препараттар мен қоректік ортаны стандарттау және бақылау үшін тест-штаммдарын, өндірістік, депонирленген, патенттелген және референтті микроорганизмдер штаммдарын, сондай-ақ ғылыми, білімдік және практикалық құндылық болып табылатын басқа да микроорганизмдер штаммдарын қалыптастыру, толықтыру, есепке алу және орталықтандырып сақтау жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекцияларында құрамы шығу тегі, түрлік туыстық белгілері, адамның, жануардың немесе өсімдіктің организміне әсер ету тәсілі бойынша қалыптастырылатын және бастапқы сипаттамалары сақтала отырып, өміршең күйде ұсталатын микроорганизмдердің штаммдары болады.
Тармақ 3
3. Бірегей болып табылатын, сондай-ақ белгіленген тәртіппен тіркелген және айналысқа жіберілген дәрілік заттар мен иммундық-биологиялық препараттарды өндіру кезінде пайдаланылатын микроорганизмдердің штаммдары патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекцияларында міндетті түрде депонирленуге жатады. Патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің штаммдарын патогендігі, қауіптілік дәрежесі және мақсаты бойынша ұлттық коллекцияларға жатқызу тәртібі патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларында айқындалады.
Тармақ 4
4. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілер аса қауіпті патогенді микроорганизмдердің үлгілерін бөлу, сатып алу және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде олардың үлгілерін патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларына сәйкес патогенді немесе өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекциясына ұсынуға міндетті.
Тармақ 5
5. Патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекциялары мемлекеттің меншігі болып табылады және жекешелендірілуге жатпайды. Патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекцияларын қаржылық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекцияларын қалыптастыруға, жүргізуге және күтіп-бағуға уәкілеттік берілген ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолжетімділігі шектеулі ақпаратты тарату үшін көзделген талаптарды ескере отырып, жеке және заңды тұлғаларға микроорганизмдердің штаммдарын белгіленген өлшемшарттар бойынша жүйелеу, зерделеу, іздеу және іріктеу мәселелері жөнінде консультациялық және ғылыми-әдістемелік көмек көрсетеді.
Тармақ 7
7. Микроорганизмдердің ұлттық коллекцияларын қалыптастыруға, жүргізуге және күтіп-бағуға уәкілеттік берілген ұйымдар аса қауіпті патогенді микроорганизмнің үлгісін сәйкестендіреді, оны депонирлеуді жүзеге асырады не тиесілігі бойынша микроорганизмдердің тиісті ұлттық коллекциясына жібереді.
Тармақ 8
8. Патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекцияларын биологиялық қорғау биологиялық қорғауды қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 24
24-бап. Патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекциялары
Тармақ 1
1. Патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қажеттілігіне қарай патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілер ғылыми, өндірістік, диагностикалық, зерттеу мақсаттарында құрады және олар бастапқы сипаттамалары сақтала отырып, өміршең күйде ұсталады.
Тармақ 2
2. Патогенді және (немесе) өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
Тарау 6. 6-тарау. МАМАНДАРДЫ ЖӘНЕ КӨМЕКШІ ПЕРСОНАЛДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
6-тарау. МАМАНДАРДЫ ЖӘНЕ КӨМЕКШІ ПЕРСОНАЛДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
Бап 25
25-бап. Патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияны орындайтын) мамандарды және көмекші персоналды әлеуметтік қорғау
Тармақ 1
1. Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы ұлттық холдингке тиесілі заңды тұлғалардың патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияны орындайтын) мамандары мен көмекші персоналы зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары және кәсіптік аурулардың жүре пайда болу тәуекелінің болуы, сондай-ақ осы Заңда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, әлеуметтік қорғалуға жатады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы ұлттық холдингке тиесілі заңды тұлғалардың патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияны орындайтын) мамандары мен көмекші персоналының:
Тармақша 1
1) биологиялық тәуекелдер деңгейі ескеріле отырып, еңбегіне ақы төленуіне;
Тармақша 2
2) денсаулығын сақтауына және биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптарға сай келетін жұмыс жағдайларына;
Тармақша 3
3) лауазымдық міндеттерін атқару кезінде өмірі мен денсаулығына келтірілген залалды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтетуге құқығы;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы ұлттық холдингке тиесілі заңды тұлғалардың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында, ветеринария және ғылым саласында патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияны орындайтын) мамандары мен көмекші персоналының еңбегіне ақы төлеу лауазымдық айлықақыдан, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары, кәсіптік аурулардың жүре пайда болуының жоғары тәуекелі ескеріле отырып, үстемеақылар мен қосымша ақылардан тұрады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы ұлттық холдингке тиесілі заңды тұлғалардың патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияны орындайтын) мамандары мен көмекші персоналына жыл сайынғы негізгі еңбек демалысы берілген кезде кемінде екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төленеді.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы ұлттық холдингке тиесілі заңды тұлғалардың патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияны орындайтын) мамандары мен көмекші персоналына патогенді биологиялық агенттер мен олардың фрагменттерін табу мақсатында инфекциялық және (немесе) паразиттік ауруларды жұқтырғыштар мен тасымалдаушыларды (оның ішінде олардың тіршілік ету өнімдерін), ықтимал қауіпті заттар мен материалдарды, оның ішінде табиғи ортаның жекелеген компоненттерінен іріктеу және тасымалдау жөніндегі міндеттерді орындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік іссапарларға жіберілетін жұмыскерлер үшін көзделген төлемақы жүзеге асырылады. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген адамдарға патогенді биологиялық агенттер мен олардың фрагменттерін табу мақсатында далалық жағдайларда инфекциялық және (немесе) паразиттік ауруларды жұқтырғыштар мен тасымалдаушыларды (оның ішінде олардың тіршілік ету өнімдерін), ықтимал қауіпті заттар мен материалдарды, оның ішінде табиғи ортаның жекелеген компоненттерінен іріктеу және зерттеу жөніндегі міндеттерді орындау кезінде тұрғынжайды жалдау бойынша шығындарды растайтын құжаттарды ұсыну мүмкін болмаған кезде тұрғынжайды жалдау бойынша шығындарды өтеу растаушы құжаттарсыз Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 26
26-бап. Патогендігі І және ІІ топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыруға арналған мамандардың кадр резерві, оларды жұмылдыру шарттары
Тармақ 1
1. Биологиялық қауіпсіздік саласында жеткілікті кадр ресурстарын, биологиялық қатерлерге, оның ішінде төтенше жағдайлар кезінде барабар ден қоюға дайындықты қамтамасыз ету мақсатында патогендігі І және ІІ топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыруға арналған мамандардың кадр резерві құрылады.
Тармақ 2
2. Патогендігі І және ІІ топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыруға арналған мамандардың кадр резервіне енгізілген мамандардың патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы ұлттық холдингке тиесілі заңды тұлғаларға жұмысқа орналасуға басым құқығы болады.
Тармақ 3
3. Патогендігі І және ІІ топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыруға арналған мамандардың кадр резервіне енгізілген мамандар қажет болған жағдайда биологиялық қауіпсіздік саласындағы профилактикалық іс-шараларды жүргізуге тартылуы мүмкін.
Тармақ 4
4. Патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын мамандардың тізілімі патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыруға арналған мамандардың кадр резервін қамтиды.
Тарау 7. 7-тарау. БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІ
7-тарау. БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІ
Бап 27
27-бап. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы ғылымның басым бағыттары
Тармақ 1
1. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы басым ғылыми-зерттеу бағыттары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін әзірленетін және қабылданатын құжаттарында айқындалады.
Тармақ 2
2. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы басым ғылыми-зерттеу бағыттары, оның ішінде мыналарды:
Тармақша 1
1) нысаналы ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыруды;
Тармақша 2
2) озық халықаралық инновациялық технологияларды ендіруді;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес биологиялық қауіпсіздік саласындағы ұлттық стандарттарды әзірлеу мен ендіруді;
Тармақша 4
4) инфекциялық және (немесе) паразиттік аурулардың профилактикасы, оларды емдеу және диагностикалау үшін иммундық-биологиялық, дәрілік және диагностикалық препараттар әзірлеу мен өндіруді көздеуге тиіс.
Тармақ 3
3. Инфекциялық және (немесе) паразиттік аурулардың профилактикасы, оларды емдеу және диагностикалау үшін иммундық-биологиялық, дәрілік және диагностикалық препараттарды әзірлеу және өндіру ғылыми негізделген болуға тиіс.
Тармақ 4
4. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы ғылыми зерттеулер, олардың нәтижелерін беру, жариялау және қолданбалы пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 28
28-бап. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы оқыту
Тармақ 1
1. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы оқыту кадрларды техникалық және кәсіптік, қосымша, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру шеңберінде даярлауды, оларды кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды қамтиды және биологиялық қауіпсіздік саласындағы кадр әлеуетін дамыту мен нығайтуға бағытталған.
Тармақ 2
2. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы кадрларды кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілер ұйымдастырады.
Тармақ 3
3. Төтенше жағдай туындаған жағдайда төтенше жағдай туғызған патогенді биологиялық агентпен жұмыс істеу бойынша оқытуды көздейтін, биологиялық қауіпсіздік саласындағы қажетті кадрларды кәсіптік даярлау және қайта даярлау қамтамасыз етіледі.
Тармақ 4
4. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы кадрларды оқытуды, кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген ұйымдар жүргізеді.
Бап 29
29-бап. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы ғылыми-техникалық әлеует пен ресурстарды мемлекеттік қолдау
Тармақ 1
1. Мыналар биологиялық қауіпсіздік саласындағы ғылыми-техникалық әлеуетті мемлекеттік қолдаудың басым бағыттары болып табылады:
Тармақша 1
1) биологиялық қатерлердің алдын алуды және биологиялық тәуекелдерді басқаруды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған отандық ғылыми зерттеулерді қолдау;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес иммундық-биологиялық, дәрілік және диагностикалық препараттардың, дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау, өсімдіктерді қорғау және жеке қорғану құралдарының, зертханалық жабдықтардың өндірісін дамытуды қолдау;
Тармақша 3
3) практикада қолдану үшін биологиялық қауіпсіздік саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижелерінің трансфертін қамтамасыз ету.
Тармақ 2
2. Ғылыми-кадрлық әлеуетті сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қолданбалы ғылыми зерттеулер мен бағдарламаларды мемлекеттік қолдау тұрақтылық пен үздіксіздік ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер мен бағдарламаларды мемлекеттік қолдау Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, стратегиялық маңызды мемлекеттік міндеттерді шешуге бағытталған және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру негізінде конкурстық негізде немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша конкурстық рәсімдерден тыс, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген қаржыландырудың өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тарау 8. 8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 30
30-бап. Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
Бап 31
31-бап. Өтпелі ережелер
Тармақ 1
1. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын және патогендігі I – IV топтағы микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсаты бар субъектілер осы Заң қолданысқа енгізілген күннен кейін алты ай ішінде осы Заңның 15-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес рұқсаттарды қайта ресімдеуге міндетті.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мерзімде қайта ресімделмеген, патогендігі I – IV топтағы микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсаттар өз қолданысын тоқтатады.
Бап 32
32-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.