О внесении изменения в "Указания о порядке установления медико-социальными экспертными комиссиями (МСЭК) степени утраты профессиональной трудоспособности работникам, получившим увечье или повреждение здоровья, связанное с исполнением ими трудовых обязанностей" Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қызметкердiң еңбек мiндеттерiн атқару кезiндегi зақымдануы салдарынан денсаулығының бұзылуына немесе жарымжан болуына байланысты медициналық-әлеуметтiк сараптау комиссияларының (МӘСК) оның кәсiптiк еңбек қабiлетiнен айырылу дәрежесiн белгiлеу тәртiбi туралы нұсқамаға" өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бiрiншi орынбасарының А.В.Константиновтың 1996 жылғы 17 қазандағы N 7-5-96 наразылығының негiзiнде бұйырамын:
Тармақ 1
1. "Қызметкердiң еңбек мiндеттерiн атқару кезiндегi зақымдануы салдарынан денсаулығының бұзылуына немесе жарымжан болуына байланысты медициналық-әлеуметтiк сараптау комиссияларының (МӘСК) оның кәсiптiк еңбек қабiлетiнен айырылу дәрежесiн белгiлеу тәртiбi туралы нұсқамаға" мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 24-тармақтың 4-абзацы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Республикалық МӘСК-нiң төрағасы Р.Ж. Әбдіхалықова өзгерiстер енгiзу туралы белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткiзсiн.
Тармақ 3
3. Заң және ұйымдық жұмыс басқармасы (А.С.Кузярина) бұйрықтың көшiрмесiн Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бiрiншi орынбасары А.В. Константиновқа жiберсiн.