Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении «Аппарат акима района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области» Қолданыста
Басқа 0
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
ережені бекіту туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 2
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) жоғарыда көрсетілген Ережені заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
БЕКІТІЛДІ
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан әкімдігінің
2022 жылғы 3 мамырдағы
№ 105 қаулысымен
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты) аудан әкімінің қызметін ақпараттық – талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары бар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес.
Тармақ 5
5. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының, егер оған «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, бюджет және қаржы заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппараты басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінде, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңында, Қазақстан Республикасының «Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы» Заңында, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңында, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Заңында, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңында, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Заңында, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңында, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңында, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 150400, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим ауылы, Абылай хан көшесі, 28.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппаратына Қазақстан Республикасының заңдарымен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2 тарау. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері
2 тарау. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) аудан әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің және Қазақстан Республикасы Үкіметі Қаулыларының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі тапсырмаларының, әкім және әкімдік актілерінің, сондай-ақ аудан әкімі, оның орынбасарлары және аудан әкімі аппараты басшысы тапсырмаларының орындалуын бақылау, оларды орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі мен әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының және аудан әкімі аппаратының қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) қылмысқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, құқықтық тәртіп пен заңдылықты қолдау мәселелері бойынша мемлекеттік, құқық қорғау органдарымен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктер:
Тармақша 1
1) құқықтар:
өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларынан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;
мүліктік және мүліктік емес құқықтарды сатып алу және жүзеге асыру;
өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасу;
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңында, Қазақстан Республикасының «Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы» Заңында, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңында, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Заңында, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңында, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Заңында, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңында, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңында көзделген өзге де құқықтарға ие болу;
Тармақша 2
2) міндеттері:
мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету;
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппаратына жүктелген міндеттерді және функцияларды орындау;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау.
Тармақ 15
15. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының функциялары:
Тармақша 1
1) селекторлық және жұмыс кеңестері, әкімдік отырыстары, халыққа есеп беру кездесулері, жұмыс сапарлары барысында берілген Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және орталық мемлекеттік органдарының, сондай-ақ облыс және аудан әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен, аудан әкімінің және облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен және алғыстарымен марапаттауға ұсыну үшін құжаттарды дайындау, марапаттау құжаттарын ресімдеу, марапатталғандар туралы деректер банкін қалыптастыру;
Тармақша 3
3) аудан әкімдігі отырыстарының, аудан әкімінің қатысуымен өтетін консультативтік-кеңесші органдардың, штабтардың, комиссиялардың, кеңестердің, жиналыстардың, кездесулердің және басқа да іс-шаралардың регламентіне сәйкес өткізілетін аудан әкімінің, әкімдігінің қызметін ұйымдастырушылық-құжаттамалық қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) мүлік пен міндеттемелердің болуын және қозғалысын есепке алуды қамтамасыз ету, міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырудың бекітілген нормаларына, нормативтеріне және сметаларына, жеке жоспарларына сәйкес материалдық және қаржы ресурстарын пайдалану, шаруашылық қызметтің теріс нәтижелерінің алдын алу;
Тармақша 5
5) аудан әкімінің, аудан әкімі аппаратының қызметін қазақ және орыс тілдерінде мерзімді баспасөз басылымында немесе аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) комиссиялар мен жұмыс топтарының қызметін қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың талаптарына сәйкес кадр жұмысын жүргізу;
Тармақша 8
8) бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурстар өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асыру;
Тармақша 9
9) алып тасталды – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің 15.04.2026 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
Тармақша 10
10) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауданның атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік теріс қылықтарын қарау жөніндегі бірыңғай тәртіптік комиссияның қызметін ұйымдастыруды жүзеге асыру;
Тармақша 11
11) Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауданның атқарушы органдары басшыларының қызметін бағалауды ұйымдастыруды жүзеге асыру;
Тармақша 12
12) ауданның атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасының мониторингі;
Тармақша 13
13) электрондық қызметтер мен электрондық үкіметті дамыту және енгізу;
Тармақша 14
14) уәкілетті органға мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыстың жай-күйі туралы анықтамалық материалды тоқсан сайын дайындауды жүзеге асыру;
Тармақша 15
15) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 16
16) құжаттамалық қамтамасыз етуді, оның ішінде тиісті құжат айналымын ұйымдастыру, ақпараттық технологияларды енгізу және дамыту жолымен жүзеге асыру, іс қағаздарын жүргізу қағидаларының сақталуын бақылау және мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;
Тармақша 17
17) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауды, тіркеуді және есепке алуды жүзеге асыру, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының және аудан әкімі аппараты басшысының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдауын ұйымдастыру;
Тармақша 18
18) мемлекеттік орган жіберген жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 19
19) аудан әкімінің аппараты бойынша, сондай-ақ ауданның атқарушы органдары бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс мәселелері бойынша есептілікті уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету;
Тармақша 20
20) «қызмет бабында пайдалану үшін» таратылуы шектелген қызметтік ақпаратпен жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 21
21) «құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
Тармақша 22
22) қолма-қол, сондай-ақ «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінің «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы келіп түскен мемлекеттік қызметтерді көрсетуге өтініштерді қабылдауды жүзеге асыру;
Тармақша 23
23) жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін өтініштерге мониторинг және талдау жүргізу болып табылады;
Тармақша 24
24) аудан әкімдігі және әкімі шығарған актілерді есепке алу және тіркеу;
Тармақша 25
25) аудан әкімі мен әкімдігінің актілерін тиісті ресімдеуді және таратуды қамтамасыз ету;
Тармақша 26
26) Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдік қаулыларының, әкім шешімдері мен өкімдерінің, әкімі аппараты басшысының бұйрықтарының жобаларын дайындауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
Тармақша 27
27) мемлекеттік және қызметтік құпияларды, құпия іс жүргізуді сақтау үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
Тармақша 28
28) нормативтік құқықтық актілердің, әкімнің, әкімдіктің құқықтық актілерінің жобаларын және мемлекеттік органның құқықтық мәселелер жөніндегі өзге де құжаттарын әзірлеу үшін әкім аппаратының басқа құрылымдық бөлімшелерінің, әкімдік бөлімдерінің, ауылдық округ әкімі аппараттарының қызметкерлерін белгіленген тәртіппен тарту, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен сәйкес келтіру;
Тармақша 29
29)
алып тасталды – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің 15.04.2026 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
Тармақша 30
30) «Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 471 бұйрығымен белгіленген тәртіппен аудан әкімдігінің, аудан әкімінің және ауылдық округтер әкімдерінің нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық мониторинг жүргізу;
Тармақша 31
31) құқықтық білім мектебінде сабақтар өткізу;
Тармақша 32
32) мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау;
Тармақша 33
33) Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;
Тармақша 34
34) құқықтық тәртіпті қолдау, құқық бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлықтың профилактикасы, жұмылдыру дайындығы, жұмылдыру, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау, азаматтарды әскери қызметке шақыру, терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік, құқық қорғау органдарымен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
Тармақша 35
35) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде әскерге шақырылуға жататын азаматтарды уақтылы хабардар етуді және жеткізуді, жиналу пункттеріне немесе әскери бөлімдерге және арнаулы мемлекеттік органдарға техника беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында өздерінің басқаруындағы аудандық коммуналдық меншікті қорғаныс мұқтажы үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша беру;
Тармақша 36
36) ауданның жұмылдыру жоспарын әзірлеу, облыс әкімдігімен келісу және бекіту, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде жұмылдыру дайындығы жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
Тармақша 37
37) азаматтық қорғау саласында тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлардың салдарларын жоюды жүзеге асыру, сондай-ақ уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп, олардың алдын алуды және жоюды қамтамасыз ету болып табылады;
Тармақша 38
38) азаматтық қорғау саласында жасалған терроризм актісінің салдарынан туындаған техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан халықты және аумақтарды қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, сондай-ақ оның салдарларын жоюға қатысу;
Тармақша 39
39) Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңнама шеңберінде сайлауды өткізу мәселелері бойынша іс-шараларды ұйымдастыру дайындығын және өткізуді жүзеге асыру;
Тармақша 40
Тармақша 41
41)
алып тасталды – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің 15.04.2026 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
Тармақша 42
42) Қазақстан Республикасының соттарында аудан әкімінің және әкімдігінің, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының мүдделерін білдіру.
Тарау 3. 3 тарау. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
3 тарау. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
Тармақ 16
16. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратына басшылықты Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының басшысы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 18
18. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппараты басшысының орынбасарлары жоқ.
Тармақ 19
19. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппараты басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының мүддесін мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда сенімхатсыз білдіреді;
Тармақша 2
2) қаржылық құжаттарға бірінші қол қою құқығына ие болады, шарттар жасасады, сенімхаттар береді;
Тармақша 3
3) аудан әкімі аппаратының жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды, аппаратқа жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады;
Тармақша 4
4) Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылданбауына дербес жауапты болады;
Тармақша 5
5) Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын бақылайды;
Тармақша 6
6) аудан әкімдігіне Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппараты туралы ережені, құрылымы мен штат санының лимитін бекітуге ұсынады;
Тармақша 7
7) қосымша ақыларды белгілеу, мемлекеттік қызметшілерді материалдық көтермелеу, материалдық көмек көрсету бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 8
8) аппараттың құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаларға қол қояды;
Тармақша 9
9) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және басқа да құжаттарды келіседі және аудан әкімі мен әкімдігіне қарауға ұсынады;
Тармақша 10
10) осы Ережеде белгіленген құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
Тармақша 11
11) Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және еңбек қатынастары мәселелері оның құзыретіне жатқызылған мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын жұмыскерлерін тағайындайды, босатады, тәртіптік жазаға тартады және көтермелеу шараларын қолданады;
Тармақша 12
12) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады.
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Тарау 4. 4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 20
20. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Тармақ 21
21. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгіленбесе, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппаратының өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, сонымен қатар, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.