Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел экономики и бюджетного планирования акимата города Костаная» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесінің электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қостанай қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 872 «Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысы жойылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9. «Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Қостанай қаласы әкімдігінің 2022 жылғы «20» сәуір № 759 қаулысымен бекітілген «Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – «Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ) Қостанай қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
Тармақ 2
2. «Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. «Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. «Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. «Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Тармақ 6
6. «Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiлік берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. «Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен, «Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтiледi.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері – 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Пушкин көшесі, 98.
Тармақ 10
10. Осы Ереже «Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. «Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ қызметiн каржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. «Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттiк органның мiндеттерi мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттiк органның мiндеттерi мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) қаланың әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын әзірлеу, басымдылықтарын және негізгі бағыттарын анықтау;
Тармақша 2
2) қаланың бюджеттік саясатын қалыптастыру;
Тармақша 3
3) қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне мониторинг;
Тармақша 4
4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Құқықтары:
Тармақша 1
1) әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бойынша қала әкімдігіне ұсыныстар енгізу;
Тармақша 2
2) қала әкімдігіне қаланың даму жоспарын және оны іске асыру жөніндегі инвестициялық жоспарды түзету жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 3
3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға ақпараттық-талдамалы материалдарын дайындау және ұсыну;
Тармақша 4
4) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа ұйымдардан қажетті мәліметтерді, материалдарды және құжаттарды белгіленген тәртіпте сұрау және алу;
Тармақша 5
5) консалтингтік қызметтерді жүзеге асыру үшін отандық, шетелдік заңды мен жеке тұлғаларды жұмысқа тарту;
Тармақша 6
6) мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының мамандарын, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды сараптама өткізу және консультация беру үшін тарту;
Тармақша 7
7) «Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ қолданыстағы заңнамамен оған ұсынылған өзге де құқықтары мен міндеттері бар.
Тармақша 2
2) Міндеттері:
Тармақша 1
1) жергілікті атқарушы органдарымен қала дамуының Бағдарламасының шараларын іске асыруына мониторингті жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға ақпараттық-талдамалы материалдарын дайындау және ұсыну;
Тармақша 3
3) қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекеменің бухгалтерлік есебін және қаржылық есептілігін жүргізу;
Тармақша 5
5) нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өзіне бекітілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) мекеме жұмыскерлерінің кепілді еңбек жағдайларын және әлеуметтік қорғау шараларын қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) «Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ қолданыстағы заңнамамен оған берілген өзге де құқықтары мен міндеттері бар.
Тармақша 3
3) Функциялары:
Тармақша 1
1) әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу бойынша үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) экономикалық талдауды және қала дамуының негізгі көрсеткіштерінің болжамын жүргізу;
Тармақша 3
3) қаланы дамыту жоспарын әзірлеу, түзету және іске асыру мониторингі;
Тармақша 4
4) қаланы дамыту жоспарын іске асыру жөніндегі инвестициялық жоспарды әзірлеу және түзету;
Тармақша 5
5) басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін қалыптастыру;
Тармақша 6
6) тиісті қаржылық жылға қалалық бюджеттің жобасын әзірлеу және бюджетті нақтылау, түзету бойынша ұсыныстар енгізу;
Тармақша 7
7) тиісті қаржылық жылға арналған қалалық бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы қала әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеу және өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
Тармақша 8
8) мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, Қостанай қаласы әкімдігінің нормативті құқықтық және нормативті емес актілерінің жобаларын әзірлеу және келісім беру;
Тармақша 9
9) Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік органдарының лимиті мен құрылымы туралы Қостанай қаласы әкімдігінің қаулыларының жобаларын әзірлеу;
Тармақша 10
10) жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларына экономикалық сараптама өткізу;
Тармақша 11
11) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру барысы жөнінде жылдық мониторингті әзірлеу;
Тармақша 12
12) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың бағалауын жүзеге асыру;
Тармақша 13
13) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының қолданысындағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның, алқалық органдардың (болған жағдайда) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік органның, алқалық органдардың (болған жағдайда) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. «Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшылықты, «Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. «Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 18
18. «Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
Тармақ 19
19. Бірінші басшының өкiлеттiктері: «Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ бірінші басшысының өкiлеттiктері:
Тармақша 1
1) «Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді;
Тармақша 2
2) «Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ жүктелген функцияларын орындау үшін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөнінде қабылданбаған шараларға дербес жауап береді;
Тармақша 3
3) заңнамамен белгіленген тәртіпте «Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 4
4) «Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ штаттық кестесін бекітеді;
Тармақша 5
5) лауазымға біліктілік талаптарын бекітеді;
Тармақша 6
6) бұйрықтар шығарады және «Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ қызметкерлерімен орындау үшін міндетті болып табылатын нұсқаулар береді;
Тармақша 7
7) барлық ұйымдарда «Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ мүдделерін ұсынады;
Тармақша 8
8) заңнамамен белгіленген тәртіпте «Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ қыметкерлеріне ынталандыру шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 9
9) іссапарлар, тағылымдамалар бойынша «Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
Тармақша 10
10) қаржы құжаттарына бірінші қол қою құқығына ие болады;
Тармақша 11
11) шарттар жасасады;
Тармақша 12
12) сенімхаттар береді;
Тармақша 13
13) әкімдік актілерінің жобаларын дайындаған кезде «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, ол нормативті емес құқықтық акті немесе нормативті құқықтық акті болып табылатынын анықтайды;
Тармақша 14
14) әзірлеуші орган мемлекеттік мекеме болып табылатын, әкімдіктің нормативті құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу, қабылдау және содан кейін мемлекеттік тіркеу барысын тікелей бақылауын жүзеге асырады;
Тармақша 15
15) әкімдікке жобаларды белгіленген мерзімде уақытылы, сапалы әзірлеуіне, рәсімдеу және ұсынуына, сондай-ақ мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жобалар мәтіндерінің түпнұсқаулылығына дербес жауапты болады;
Тармақша 16
16) қолданыстағы заңнамаға сәйкес, басқа да функцияларды жүзеге асырады. «Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ бірінші басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерінің орындалуын қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. «Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн. «Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк «ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. «Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. «Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.